Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Періштелердің ерекшеліктері

30.05.2019
- Қоғам
0
964
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Періштелер неге көзге көрінбейді, олардың болмысы қандай? Бұл жайында Құран мен хадистерде не айтылған?

Бір хадисте былай делінген:

خُلِقََََتِ الَملاِئكةُ مِنْ نُورٍ، و خُلِقََََ الجانُّ من مَاِرجٍ مِنْ نارٍ، و خُلِقََََ آدمُ مِمَّا وُصِفَ لََكُمْ.

«Періштелер нұрдан, жындар түтінсіз оттан, ал адамдар болса Құрандағы сендерге айтылған нәрседен (балшықтан) жаратылған».[1]

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Демек, періштелер нұрдан жаратылғандықтан көзге көрінбейді. Сонымен қатар адам баласының көру мүмкіндігінің шектеулі екендігі де белгілі. Тіпті біз өз болмысымызды да, рентген секілді түрлі сәуелерді де жалаң көзімізбен толықтай көре алмаймыз. Сондықтан періштелердің жаратылысын, олардың көзге көрінбеу ерекшелігін өзіміздің шектеулі мүмкіндіктерімізбен бағамдап олардың бар екендігіне күмән келтірудің аса орынсыз екені хақ.

Көз көп нәрсені көре алмағанмен кейбір нәрселердің шүбәсіз бар екеніне сенетін қаншама нәрсе бар. Мәселен адамның ақыл-ойы, рухы т.б. Демек көздің көру аясы шектеулі. Оның көре алмаған нәрселерін жоққа шығара алмаймыз деген сөз.

Періштелер – пәк жаратылыстар, оларда күнә атаулы, тәкаппарлық, реніш тәрізді пенделік қылықтар болмайды. Бар міндеттері – Аллаһтың әмірлерін мүлтіксіз орындау. Олар әуел баста, қандай мақсатпен жаратылған болса, тек соны ғана атқарады. Яғни олар, басқа жаратылыстар тәрізді Аллаһқа құлшылық етіп, Оның әмірін орындайды және ешқандай астамшылық әрекеттерге бармайды. Бұл жайлы Құранда: «…Олар Аллаһтың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды»,[2] – делінген. Бұл – періштелерге тән ұлық қасиет.

Періштелердің рухани дәрежесі де тұрақты. Олар ғибадат барысында рухани ләззат алатын Аллаһтың таңғажайып жаратылысы. Бұл ақиқат Құранда:

«…Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасаудан паңданбайды және шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні Аллаһты пәктейді»,[3] – деп баяндалады.

Кейбір періштелер жердегі көркем сөздер мен амалдарды Аллаһ тағалаға жеткізіп отырады.[4]

Періштелерге аспан мен жердің арасын көзді ашып-жұмғанша аралап шығу ешбір қиындық туғызбайды. Құранда Аллаһтың құзырына (Аршына) періштелер мен рухтардың бір-ақ күнде (ол біздің жыл санауымызбен елу мың жылдық қашықтық) шығатындығы айтылады.[5]

Бұнымен қоса Аллаһтың ұлылығы мен тылсым сырларын, басқа да сипаттарын періштелер адамдарға қарағанда әлдеқайда артық біледі. Бірақ, бір қызығы, адамның деңгейі мен мәртебесі періштеден бір саты сонда да одан жоғары тұрады. Неге? Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей періштелердің дәрежесі тұрақты болғандықтан не артып, не кемімейді. Сонымен қатар оларда нәпсі болмайды. Ал адам баласына мәңгілік өз нәпсісімен күресу тән. Нәпсісін толықтай тізгіндеген жандардың ғибадатта періштеден де биік деңгейге жету мүмкіндігі бар. Егер пенде Аллаһтың илаһи әмірлеріне мойынсұнбай нәпсінің жетегінде кеткен жағдайда дәрежесі құлдилап хайуаннан да төмен болмақ. Бұл мәселенің мәнін Құран кәрім:

لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ. ثُمَّ رَدَدْنَاهُ أَسْفَلَ سَافِلِينَ. إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَلَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونٍ

«Расында адам баласын көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің ең төменіне тастадық. Бірақ иман келтіріп, салихалы амал жасағандар басқа. Оларға түгесілмейтін сыйлық бар»,[6] – деп ашады.

Адам үнемі жүріс-тұрыс, мінез-құлқын әсемдеп жақсылыққа ұмтылуы керек. Бойындағы пасық мінездерден арылып, жүрегіне жақсылықты ұялата білген адамның Аллаһтың алдында жүзі жарқын болады. Ал нәпсінің құлына айналғандар екі дүниеде де жақсылық көрмейді.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Муслим, Зухд, 60; Мүснәд, 6/153, 168

[2]    Тахрим, 66/6

[3]    Әнбия, 21/19-20

[4]    Қараңыз: Фатыр, 35/10

[5]    Қараңыз: Мағариж, 70/4

[6]    Тин, 95/4-6

Бөлісу23Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
zabavnik.club

Шамнан ұшқан шағала (әңгіме)

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00