Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Періштелер қандай жерлерге жоламайды?

24.05.2019
- Қоғам
0
962
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Нұрдан жаратылған пәк періштелер Аллаһ тағала тарапынан тыйым салынған әрі Аллаһқа серік қосылатын, түрлі күнәлар жасалатын жерлерден аулақ болады.

Бұны біз төмендегі хадистерден көре аламыз:

Бірде Жәбірейіл періште пайғамбарымызға уағдаласқан мерзімде келмей қалады. Таңырқаған пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұның себебін ойлана бастайды. Содан соң менде бір кемшілік болды мекен деп, үй ішіндегі жағдайға бір көз жүгіртеді. Үй ішінен немерелері Хасан мен Хұсейіннің кішкентай күшігін байқап қалып, оны сыртқа шығарып жіберген сәтте Жәбірейіл де кіріп келеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан кешігуінің себебін сұрайды. Сонда Жәбірейіл періште:

لا تَََدْخلُ الملائكةُ بَيْتًا فيهِ كَلبٌ و لا صُورَةٌ

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026

 «Періштелер сурет тұрған және  ит болған жерге кірмейді…»[1] деп жауап берген еді. Басқа бір жерде ибн Омардың (р.а.) риуаяты бойынша пайғамбарымыз:

مَنِ اقْتَنى كَلْبًا إلاّ  كَلْبَ صَيْدٍ أوْ مَاشِيَةٍ فَإنَّهُ يَنْقُصُ
مِنْ أجِْرهِ كُلَّ يَوْمٍ قِيرَاطانِ.

«Аңшылық пен малшылықтан тыс үйінде ит асыраған адамның сауабы күнде кеміп отырады»,[2] – дейді. Яғни малды, үйді қорғау, аң аулау сияқты нақты қажеттілік болмаса, үйдің ішінде ит асырауға дінімізде тыйым салынған.

Қазіргі дамыған медицина иттен адамға жұғатын бірқатар аурулардың түрлерін де анықтағаны белгілі.

Бұған қоса, ит жолдан өткен-кеткендердің есін шығарып, жеп қоя жаздап арпылдап келген қонақтарды қорқытады. Әсілі үйде ит асырауға кететін күші мен қаражатын мүмін өзге де қайырлы істерге жұмсағаны абзал.

Ит ұстаған үйге періштелердің келмеуі иттің ластығы не діни тұрғыдан нәжіс саналатындығы болса керек, бірақ оның басқа да себептері болуы мүмкін. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер иттер де жеке басына үмбет болмағанда, оларды қырып тастауға бұйрық берер едім»,[3] – деген хадисі табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуында иттердің де өз үлесі бар екенін білдірген тәрізді.

Негізінде, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Періштелер тірі жандылардың суреті ілінген үй мен иті бар жерге кірмейді» деген хадисіне байланысты ғалымдар түрлі пікір өрбіткен. Кейбір ғалымдар бұл жерде ниеттің өте маңызды екенін ескеріп, яғни, суреттің ешқандай құлшылықпен табынумен байланысы жоқ болған жағдайда, намазға тұрған адамның құбыла жағынан басқа  қабырғаларға сурет ілуге рұқсат бар екенін айтады.

Ислам дінінде сурет пен мүсіннің тыйым салынуына қатысты көптеген себептер бар. Ең алдымен сурет пен мүсіннің тыйым салынуына исламнан бұрынғы надандық дәуірдің әсері болғандығын ескергеніміз абзал. Яғни пұттарға табынудан енді ғана арылған қауымға көне, жаңсақ сенімдердің қайта сіңісіп кетпеуі үшін пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сурет пен мүсінге байланысты қатаң ескертулер жасайды.

Тіпті Бухари мен Муслим риуаят еткен хадистерде осы тақырыпқа байланысты пайғамбарымыз: «Ақыретте тірі жандылардың суретін салғандарға Аллаһ тағала олардың салған суреттеріне жан беруін әмір етеді. Суреттерге жан бермейінше оларды азаптайды… Ұлы Жаратушыдан өзге оларға ешкімнің де жан беруі әсте мүмкін емес»,[4] – деген.

Бұған қоса періштелердің жағымсыз иісті де ұнатпайтындығын айта кету керек. Муслимнің риуаяты бойынша пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

 مَنْ أكَلَ الْبَصَلَ، و الثُّوم و الكُرَّاث، فَلا يَقْرَبنَّ مسْجِدَنَا، فإنَّ الَمَلائِكةَ تََتأذَّى مِمَّا يَتأذَّى مِنْهُ بَنُو آدَمَ

«Сарымсақ, жуа және куррас (пияздың бір түрі) жеген адам мешітке келмесін. Өйткені адамдар ұнатпаған иісті періштелер де ұнатпайды»,[5] – деген. Бұл жерде пайғамбарымыз мешіт немесе сол секілді өзге де ғибадат орындарына мүмкіндігінше жағымсыз иіспен бармау керектігін  ескертуде.

Сарымсақ пен жуа жайлы басқа хадистерде де көп айтылады. Бірақ бұл Аллаһтың аталмыш нығметтерін мүлде жеуге болмайды деген мағынаны білдірмейді. Бұған дәлел ретінде пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сіз еш сарымсақ жемейсіз бе?», – деп сұралғанда, – «Маған Жәбірейіл періште кез келген сәтте уахи әкелуі мүмкін. Сол үшін жемеймін. Ал сендер жей берсеңдер болады»,[6] – деген жауабын келтіруге болады.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Бухари, Бәдул-халқ, 7-17; Либас, 88-94; Муслим, Либас, 81-83

[2]    Бухари, К.әз-Зәбаиһ, 6; Муслим, К. Мусакат, 46,50,56-58

[3]    Әбу Дәуд, Әдаһи, 22; Тирмизи, Сайд, 16-17; Нәсаи, Сайд, 10; Ибн Мәжа, Сайд, 6

[4]    Бухари, Табир, 45; Либас, 97; Муслим, Либас, 100; Әбу Дәуд, Әдәб, 88; Тирмизи, Либас, 19

[5]    Бухари, Азан, 160; Муслим, Мәсажид, 74

[6]    Бухари, Әт’има, 49, Салат, 160; Муслим, Мәсажид, 73

Бөлісу23Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Күніміз бекер өтпеді

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120894 бөлісті
    Бөлісу 48358 Твитерге 30224
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00