Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Періштелер ғайыпты біле ме?

20.05.2019
- Қоғам
0
456
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Періштелерде ғайыпты білу қасиеті жоқ. Олар тек Аллаһ тағаланың өздеріне білдіргендерін ғана біледі. Себебі ғайыпты білу бір Аллаһ тағалаға ғана тән.[1]

Құранда: «Көктер мен жердегі ғайыпты Аллаһтан басқа ешкім білмейді»[2];

«Ғайып кілттері Оның жанында. Ғайыпты тек өзі ғана біледі. Ол құрлықтағы, теңіздегі барлық нәрселерді түгелдей біледі. Одан хабарсыз жапырақ та жерге түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы құрғақ, ылғалды нәрселер түгелдей ап-анық Кітапта бар»,[3] – дейді. Егер де періштелерге Аллаһ тарапынан ғайыптан хабар берілсе, олар соны ғана біледі. Аллаһ тағала Адам атаға болмыстың атауын үйретті. Періштелерге аталған болмысты меңзеп оларға хабар беруін бұйырды. Осы уақытта періштелер: «Аллаһ Адамға (ғ.с.) барлық атауларды үйретті, сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. Періштелер: Сен пәксің! Біз Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың деді»,[4] – деді. Осы уақытта Ұлы Жаратушы «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын баян ет,- деді. Сонда (Адам ғ.с.) оларға заттардың аттарын айтқан сәтте, Аллаһ: Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,[5] – деген еді. Осы аяттарда баяндалғандай періштеге қарағанда адам баласының деңгейінің жоғары тұратынын көреміз. Себебі адамның ең ұлық міндеті – Аллаһты танып білу.

Құранның төмендегі аяттары ғайыпты Ұлы Жаратушыдан басқа ешкімнің білмейтіндігіне және бір дәлел болмақ:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

قُل لاَّ أَقُولُ لَكُمْ عِندِي خَزَآئِنُ الله وَلا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ إِنْ أَتَّبِعُ إِلاَّ مَا يُوحَى إِلَيَّ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الأَعْمَى وَالْبَصِيرُ أَفَلاَ تَتَفَكَّرُونَ

«Оларға былай де: «Жанымда Аллаһтың қазыналары бар демеймін, ғайыпты да білмеймін. Әрі сендерге мен бір періштемін деп те айтпаймын. Мен тек өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көр соқыр мен көзі ашық тең бола ала ма? Ой салмайсыңдар ма?».[6]

Сонымен қатар «Ол барлық ғайыпты біледі. Ғайыптың сырын ешкімге ашпайды. Тек қалаған пайғамбарына ғана білдіреді. Сондай-ақ, Раббысынан алынған хабарлардың айна-қатесіз, толық жеткізілгенін білу үшін Аллаһ өз елшісінің алды-артына күзетші қояды. Негізінде, Аллаһ олардың жағдайын толық біліп, барлық нәрсені жеке-жеке санап жазып қойған»,[7] – деп ғайыптың тек Аллаһ тағала тарапынан қалаған пайғамбарына ғана білдірілетіндігі айтылуда.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да өздігінен еш нәрсе айтпаған. Ал айтқандары болса уахи арқылы жеткен Аллаһтың хабары. Сонымен қатар Аллаһ тағала тек пайғамбарға ғана емес, үмбет арасында салиқалы, жүрек көзі ашық жандарға да керемет ретінде ғайыпты білдірген. Бұл жайлы пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Үмбетімнің арасында (иләһи) шабытқа ие адамдар бар»,[8] – деген еді.

Демек, Аллаһ тағала пайғамбарлар мен салиқалы және жүрек көзі ашық жандарға біршама ғайыптан хабар берген. Бірақ бұл олар ғайыпты толық біледі деген ұғым тудырмаса керек. Өйткені пайғамбарлар ғайыпты білуші емес уаһи жолымен ғайыптан хабар алушы әзиз жандар.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Қараңыз: Нахыл, 16/77

[2]    Нәміл, 27/65

[3]    Әнғам, 6/59

[4]    Бақара, 2/31-32

[5]    Бақара, 2/33

[6]    Әнғам, 6/50

[7]    Жын, 72/26-27

[8]    Бухари, Әнбиә, 54; Муслим, Фәдаилус-Сахаба, 23; Тирмизи, Мәнақиб, 17

Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Бала он жасында намаз оқымаса, ұрыңдар» хадисін қалай түсінуге болады?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00