Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәлик періштесі

08.05.2019
- Қоғам
0
347
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тіршіліктің біз біліп-білмейтін бүкіл тетіктеріне жауапты періштелері болғаны іспетті Ұлы Жаратушының тозақта да Сүбхан (нұқсансыз) есімін көрсететін періштелері бар. Ол – Мәлик періштесі. Мәлик періштесі – тозақ күзетшілерінен де деңгейі жоғары әрі олардың барлығына жауапты періште. Яғни, жұмақты Ридуан періштесі күзетсе, тозақты күзету осы Мәлик періштесіне бұйырылған.

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Намаз оқып отыр едім. Бір дауыс «Мәлик (тозақты күзететін жауапты періште) періштесі сәлем күтуде» денілді. Артыма бұрылып сәлем бермекші едім менен бұрын сәлем берді»,[1] – деп Мәлик періштесімен кездескені айтылады.

Құран аяттарында тозақтағы жауапты періштелер жайлы: «Ей, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды»[2]; «Оған он тоғыз (періште) қарайды. Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық…».[3] Ақырет пен Құран аяттарын мойындамаған кәпірлерге Аллаһ тағала тозақ күзетшілері етіп он тоғыз періштенің бар екендігін ескертеді. Олар бұйырылған нәрсені қалтқысыз орындамақ: «Қарсы келгендер топ-тобымен тозаққа айдалады. Сондай-ақ ол жерге барғандарында тозақ есіктері айқара ашылып жауапты періштелер: «Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларының аяттарын жеткізген және Аллаһтың құзырына баратын бұл күнді білдіріп ескерткен елшілер келмеді ме?», – деп сұрайды. (Олар): «Әрине келді. Бірақ кәпірлерге лайық болған азап ақыретте шындыққа айналды» – дейді. Оларға: «Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есіктерінен кіріңдер!» делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман»[4];

«Оттағылар, тозақтың сақшыларына: «Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілдетсін!» дейді. (Сонда тозақ сақшылары): «Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?»  – деп сұрайды. Олар: «Иә, келді» деп жауап береді. (Сақшылар): «Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде» дейді.[5] Сонда тозақтықтар Мәлик періште арқылы Аллаһтан өздеріне өлім сұрайды. Құранда бұл былайша баяндалады: «Сөзсіз күнәһарлар тозақтың азабында мәңгі қалады. Олардың азабы жеңілдетілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады. Біз оларға зұлымдық жасамадық, олар өздеріне зұлымдық жасады. Тозақтықтар: Ей (тозақтың сақшысы) Мәлик! Раббың ісімізді бітірсін дейді. Сонда сақшы: «Жоқ, сендер мұнда осылайша қаласыңдар», – дейді[6];

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026

«Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын. Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді. Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: «Сендерге ескертуші келмеді ме?», – деп сұрайды. Олар: «Бізге ескертуші келуіне келді. Бірақ біз оларды жалған еттік те, «Аллаһ (уәде еткеніндей) сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер адасудасыңдар», – деп едік дейді. «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік», дейді. Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!»,[7] – деп баяндалады.

Бұл аяттардан тозақтықтардың осы періштелерді көретіндігін, әрі олардың азап тартуға әбден лайық екендіктерін өздерінің де мойындағандарын көреміз.

 

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Муслим, Иман, 278

[2]    Тахрим, 66/6

[3]    Мүддәсір, 74/30-31

[4]    Зүмәр, 39/71-72

[5]    Ғафыр, 40/49-50

[6]    Зұхрұф, 43/74-77

[7]    Мүлік, 67/6-11

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Отыз күн ораза ұстау міндет пе?

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121021 бөлісті
    Бөлісу 48408 Твитерге 30255
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00