Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исрафил періште

22.05.2019
- Қоғам
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрды (сырнай) үрлеуші періште. Исрафил – хадистерде айтылатын төрт үлкен періштенің біреуі.[1] Оның негізгі міндеті қиямет қайым болатын кезде Аллаһтың әмірімен «Сұр үрлеу».

Әрине бұл Исрафил періште бұдан басқа еш нәрсе істемейді деген сөз емес. Ибраһим пайғамбарға Аллаһтың сәби бергенін сүйіншілеп адам бейнесінде келген періштенің,[2] Аллаһ тағаланың аршысын көтерген періштелердің бірі[3] және Бәдір шайқасында мұсылмандарға жәрдем еткен періштелердің арасында осы Исрафил періштенің орын алғандығы айтылады.[4] Сонымен қатар бәлкім біз біле бермейтін өзге де әмірлерді орындауға үнемі дайын тұруы әбден мүмкін.

Пайғамбарымыз бен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Исрафил періштенің арасында да достықтың лебі бар еді. Оны мына оқиғадан анық байқауға болады. Бір күні Жәбірейіл періштемен бірге Сафа төбешігінде отырған сәтінде пайғамбарымыз қанша күннен бері үйінде тіске басар бір уыс ұнның қалмағандығын тілге тиек етті. Осы уақытта көк жүзі гүрілдеп қоя берді. Пайғамбарымыз: «Қияметтің болуына әмір келді ме?», – деді. Жәбірейіл: «Сенің әуелгі сөзің көкте естіле салысымен Исрафилдің осы жерге келуі әмір етілді», – деді. Осы уақытта Исрафил періш-те Аллаһтың сәлемімен келіп, Оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенің айтқандарыңды Аллаһ тағала естіді. Сенен: (Сүлеймен (ғ.с.) сияқты) патша пайғамбар болуды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болуды қалайсың ба? – деп сұрап жатыр», – деп сауал тастайды. Жәбірейіл періште осы сәт: «Раббыңа кішіпейілдік таныт!» деп ишара етті. Сонда Аллаһ елшісі: «Бір күн аш қалып жалбарынған, бір күн тоқ болып шүкір еткен құл пайғамбар болуды қалаймын»,[5] – деп Исрафилге жауап қайтарған еді.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз Исрафил періштенің өзге періштелерден үстем екендігін көрсету үшін түнде намаз соңында: «Уа, Раббым! Жәбірейіл, Микаил, және Исрафилдің Раббысы. Көк пен жердің жаратушысы…»,[6] – деп олардың аттарымен дұға оқығанын көреміз.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бұл періштенің аты тікелей Құранда аталмағанымен, сұр үрлейтін періштенің аты екені хадистер арқылы келіп жеткен. Қиямет күні бұл періште Аллаһтың әмірімен екі рет сұрды үрлейді. Сұрға (сырнай) байланысты Құранда: «Сырнай үрленді, Аллаһтың қалағандарынан тыс жердегі және көктегі барлығы дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте адамдар қабірлерінен түрегеліп жан-жағына шошына қарап қалады»,[7] – десе, Исрафил періште жайында: «Жақын жерден дауыстап шақыратын (сұр үрленетін) күнге құлақ сал»,[8] – дейді.

Сонда адам баласы қабірде үнсіз жатқанда бір дыбыс естиді. Бұл – олардың қайта тірілуіне ишара білдірген Исрафилдің сұр дыбысы.

Құранда: «Ендеше, олардан бет бұр. Әлбетте бір күні шақырушы (Исрафил) барлығын еш көрмеген таңқаларлық ақиқатқа (қабірдегі адамдарды мақшар алаңына жиналуы үшін сұр үрлеп) шақырады. Олар, үрейленіп, айналаны бірден шегіртке қаптап кеткендей қабірлерінен шығады»,[9] – дейді.

Мына хадисте сұр жайында былай делінеді:

و عن ابن عمرو بن العاص رضي الله عنهما قال:
سُئِلَ رسول الله صلى الله عليه و سلم عَنِ الصّوُرِ، قال قََرْنٌ يُنْفَخُ فيهِ

Абдуллаһ ибн Әмір ибн әл-Астың риуаяты бойынша, бірде бәдәуидің бірі пайғамбарымызға келіп:

«Сұр деген не?», – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «Үрленетін сырнай»[10] (біз үшін беймәлім яғни қияметтің хабарын беру үшін үрленген кезде дыбыс шығаратын құрал) – деп жауап берген еді. Басқа бір жерде екі дүние Рақымы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исрафил сұрды қолына ұстап, үрлеу үшін әмір күтіп тұр»,[11] – дейді.

Исрафил періште Аллаһтың рұқсатымен сұрды алғаш рет үрлегенде қиямет қайым орнап, жер мен көктегі бүкіл жанды тіршілік өледі. Екінші рет үрлегенде бүкіл жанды тіршілік қайта тіріледі де ақырет өмірі басталады. Исрафил періштеге сұр үрлегендіктен «Сұр үрлейтін періште» дейді.

Исрафил періштенің алғаш рет сұр үрлегендегі жағдайды Құран: «Сұр үрілген күні Аллаһ қалаған біреулерден басқа көктерде болғандар да, жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Аллаһтың алдына сүмірейіп келеді»[12]; «Сонда бір рет сұр үрілген сәтте жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте. Міне, сол күні қиямет уақиғасы болады. Сол күні көк жарылып, босайды»,[13] – деп суреттейді.

Екінші үрлеу – қайта тірілудің белгісі. Құранда: «Сұр үрілгенде олар қабірлерінен тұрып, Раббыларының құзырына жүгіреді»,[14] – дейді.

Исрафил періштенің сұрға екі рет үрлеуінің арасында қанша уақыт бар екені белгісіз. Хадисте бұл жөнінде былай делінеді:

و عن ابى هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه و سلم مَا بَيْنَ النّفْخَتَيْنِ ِأرْبَعُونَ.

Әбу Һурайраның риуаяты бойынша пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сұрға екі рет үрлейді. Осы екі рет үрлеудің арасында қырық уақыт бар»,[15] – деген. Ол қырық уақыт дегені күн ба, ай ма не бізге беймәлім өзге де өлшем бе, ол жағы бір Аллаһқа аян.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Қараңыз: Бухари, Риқақ, 43

[2]    Елмалылы Хамди Языр, ІV/554

[3]    Алуси, 29/46

[4]    Мүснәд, 1/147

[5]    Хайсәми, Мәжмауз Зауаид, 9/18-20; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 2/231

[6]    Муслим, Мусафирун, 200

[7]    Зүмәр, 39/68; Қосымша қараңыз: Әнғам, 6/73; Таһа, 20/122; Ясин, 36/51

[8]    Қаф, 50/41

[9]    Қамар, 54/6-7

[10]  Әбу Дәуд, Сүннет, 24; Тирмизи, Қиямет, 9; Ахмад ибн Ханбал, ІІ/196

[11]  Табәри, әл-Жамиул Бәйан, VІІ/211; Ибн Кәсир, Тафсирул Қуран, ІІІ/276

[12]  Нәміл, 27/87

[13]  Хаққа, 69/13-16

[14]  Ясин, 36/51

[15]  Бухари, К.Тафсир, Нәбә, 78/18

Бөлісу26Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Мүбәрак болсын» дегенді қалай түсінуге болады?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00