Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір жұмыс бітірту үшін «сыйлық» деп берілген зат параға жата ма?

26.05.2019
- Қоғам
0
830
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Исламда сыйлық жасау – екі адам арасындағы қатынасты жақсартатын, өзара бауырмалдықты арттыратын сауапты іс. Ал, пара беру – шариғатта тыйым салынған ауыр күнә. Бұл екеуі кереғар ұғымдар болып табылады.

Қоғамды ірітіп, лайықты мамандардың өз орнын табуына кедергі жасап отырған сыбайлас жемқорлық ісімен мемлекеттік органдар да тынбай күресіп жатқаны белгілі. Әйтседе, халық арасында «пара бермесең жұмысың бітпейді» деген сіңісіп қалған теріс көзқарас бар. Мұндай теріс көзқарастың қалыптасуына креслоға жәйғаса қалса болды, халықты бопсалап пара алуға бейім тұратын кейбір басшылардың ісінің әсері бар деуге болады. Яғни, сыбайлас жемқорлықтың өршуіне халықтың да, басшылықтың да кінәсі бар, бір жақтылы қарауға келмейді. Сол себепті, бір хадисте:

«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Пара беруші де, биліктегі пара алушы да Алланың лағынетіне лайық» (Хакім) делінсе, басқа бір хадисте: «…арадағы делдалға да (посредник) Алланың лағынеті болсын» (Муатта), – делінген.

Яғни, сыбайлас жемқорлықпен қатысы бар беруші де, алушы да және араға дәлдалдық етуші де ауыр күнә табады.

Бүгінде баламды ЖОО-на түсірмекші едім, оқу бітірдім жұмысқа тұрайын десем бір жөні болмады және т.б. түрлі уәждерін айта келіп, біреулер «бастыққа сыйлық жасамадың ба? Сыйлық берсең мәселең тез шешіледі», – дейді. Сонда тірлігімді бітіру үшін берген сыйлық пара саналмай ма деген сұрағын да бірге қойып жатады.

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025
Адам болмысы

Адам болмысы

10.09.2025

Сұраққа жауап беруден әуел, сыйлық пен параның ара-жігін тағы да ашып түсіндіре кеткен жөн. Сыйлық – көңіліңізге жақын кез-келген бір адамға ешқандай қайтарым күтпестен, қуандыру мақсатында берілген нәрсе. Ал, пара – өзіңіз лайықты болмаған бір істі (баланы оқуға түсіру немесе т.б.) дүниемен сатып алуды білдіреді. Яғни, біреудің жәй уақытта сыйлық бермейтін бір адамға, ісін бітірту мақсатымен сыйлық деп берген заты сыйлыққа жатпайды, керісінше, параға жатады. Бұл жерде істің мәні ауысқан жоқ, атауы ғана ауысты.

Халифа Омар ибн Абдулазизге сыйлық берілген кезде, оны қайтарып тастайды. Сонда оған Алла елшісі де (с.ғ.с.) сыйлық алған ғой делінгенде: «Оған (с.ғ.с.) берілген сыйлық еді, бізге берілген пара» деген. Яғни, бүгінде де бір лауазым немесе жақсы бір жұмысқа өз еңбегімен жетудің орнына, басшыға сыйлық жасау арқылы пысықтықпен ертерек барып жататындар бар. Міне, мұны сыйлық дей алмаймыз, атауы өзгерген пара болып табылады.

Қорыта айтар болсақ, бір істің лайықты маманы болмаған адам, ол іске пара берумен қол жеткізсе, істі өз мүддесіне жеткізіп істей алмайды. Өйткені, ол адам сол іске білімімен, өмірлік тәжірибесімен келген жоқ. Әрі іс өзінің шыңырау шегіне жетіп жасалмағандықтан, қоғам дамымайды, халықтың жағдайы жақсармайды. Яғни, ол істе көпшілік халықтың ортақ ақысы бар деген сөз. Бүкіл халықтың ақысына (құл ақысына) қарыздар болған болады және сол іске лайықты бола тұра қағылып қалған адамның да ақысына қарыздар болады. Демек, пара беру арқылы бір биікке көтерілу өмірде әдемі көрінгенімен, соңында сұрауы қиын болмақ.

Ал, әрқандай бір іске өз маманы келсе, қоғам дамиды, халықтың жағдайы жақсарады. Халықтың ықыласына бөленген адам екі дүниеде де бақытты болады. Ол үшін әркім қандайда бір жетістікке өз білімімен, еңбегімен жетуі керек. Дінде параға тыйым салынудың мәні де әрқандай бір іске өз маманының келуі, халықтың баяшатты ғұмыр кешуі көзделсе керек.

Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, пара беруші де, алушы да және арадағы делдал да халықтың жағдайы төмендеп, қоғамның бұзылуы сынды келеңсіз істерге себепкер болғандықтан бәрі күнәкар болады, бұл дүниеде қылмысы үшін жауап бермей, құтылып кетсе де қиямет күні міндетті түрде жауапқа тартылмақ.

Таңбалар: кісі ақысықоғампарасыйлық
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады
Видео

Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады

28.07.2025
Баланы қоғамнан шектеуге болмайды
Видео

Баланы қоғамнан шектеуге болмайды

19.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тарауихта Құранды хатым түсірудің үкімі қандай?

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою