Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ашаршылық құрбандарын шейіт деп санауға бола ма?

30.05.2019
- Сұрақ-жауап
1
465
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: 31 мамыр –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту күні. Репрессияға ұшырап, қаза болған қазақ зиялыларын немесе ашаршылыққа ұшырап, жазықсыз өлген адамдарды шейіт болған деп санауға бола ма?

Жауап: Шейіт түсті деп – дін үшін және қасиетті мұрат жолында жән-тәсілім еткен баһадүрлерді айтамыз. Құран-Кәрімде шейіт түскендер туралы: «Алла жолында өлтірілгендерді «өлді» демеңдер. Жоқ, олар тірі. Бірақ, сіздер оны білмейсіздер (Бақара 154) деп бұйырылады.

Жалпы, Ханафи мәзһабының ғұламалары шейіт болуды үшке бөліп қарастырады:

Біріншіден, дүние ісі және ақыреті үшін шейіт болғандар. Яғни, дүние ісі болса да, әділдік үшін азап көріп, содан жаны қиылса, Құдай жолында құрбан болған саналады. Сондай-ақ, Хақ дін үшін қан-майданда жанын пида еткен және иманы мен ар-ұжданы үшін тауқымет тартып қаза болса, шариғатымыз бойынша бұлай жан-тәсілім ету күмәнсіз шейіт түскен болып есептеледі.

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Екіншіден, ақыреті үшін шейіт болғандар. Олар ислами сенімі үшін физикалық тұрғыда жәбір-жапа шегіп, осы зорлықтан өліп кетсе, Құдай жолында құрбан болған саналады., Тіпті, ауыр азаптан аман қалып, соңынан қайтыс болса да, Тәңір жолында тартқан тақсыреті ескеріліп, шейіт түскендердің санатына жатқызылады.

Үшіншіден, дүние ісі үшін құрбан болғандар бір қарағанда Хақ дін үшін жанын қиған болып көрінсе де, ниеті шейіт түсу болмағандықтан, ол адам шейіттердің санатына кірмейді. Тіпті, кейінгі толқын оның сыртқы тұрпаты мен жасаған ерлігіне қарап, шейіт деп еске алса да, ол адам бәрібір ақыретте шейіттердің сапында бола алмайды.

Ал, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ашаршылықтан қырылған халықты һәм саяси зұлматтан қаза тапқан ұлт зиялыларын шейіт деуге бола ма деген мәселеге келетін болсақ, шейіт болудың бірінші шарты жаны қиылған адам момын-мұсылман болуы шарт. Аллаға шүкір, Қазақ халқы мың жылдан бері ислам дінін ұстанып келеді. Яғни, өткен ғасырдағы зұлматқа ұшыраған халық толықтай мұсылмандар болатын. Екіншіден, кеңестік жүйе қазақ халқын отырықшыландыру кезінде тігерге тұяқ қалдырмай мал-мүлкін тәркілеп алды. Соның әсерінен 32 жылғы қуаңшылықта халық аштықтан ыңыршағы айналы, тіске басар талғажу таппай қырылып қалды. Қызыл үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы тұрған бас көтерген азаматтарды жазалаушы отряд «банды» деп атып тастап жатты. Шынтуайтында, олар «банды» емес, халықтың ар-ұжданы мен мал-мүлкін қорғаған азаматтар еді. Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте: «Бір сахаба Хақ Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің мүлкіме біреу қол соғып, оған мен қарсы тұрып, содан өліп кетсем, не болады?», – деп сұраған. Сонда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда сен шейіт боласың» (Мүсілім Иман 225) деп жауап берген. Олай болса, қызыл үкімет мал-мүлкін күшпен тартып алғанда ашаршылыққа ұшыраған халықты және әділдік үшін шыбын жаны қиылған азаматтарды шейіт деп санауымызға толық негіз бар деп ойлаймыз.

Мұхан Исахан

Таңбалар: 31 мамырМұхан Исахансаяси қуғын-сүргін құрбандарышейіт
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Видео

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2024
Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Жұма» сүресі өзге дін өкілдеріне тіл тигізіп тұр ма?

Пікір 1

  1. Сырым жазған:
    7 жыл бұрын

    Толық, әрі нақты берілген. Өте жақсы, қазислам ұжымына сәттілік тілеймін.

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120914 бөлісті
    Бөлісу 48366 Твитерге 30229
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00