Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ананың аяғынан сүю – қандай дәстүр?

29.05.2019
- Қоғам
0
459
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күні кеше ғана белгілі журналист Мәди Манатбек әлеуметтік желідегі парақшасында анасының табанын сүйіп, оны видеоға түсіріп, көпшілікке жария еткен танымал өнер жұлдыздарын қатаң сынға алды. Онда журналист аталған әрекеттерін эстафета етіп жариялаған әншілерді діни формализмге бой алдырып отыр дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

… Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру? Жұмақ анаңның табанының астында дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім. Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек.

Публикация от Madi Manatbek (@madi_manatbek) 28 Май 2019 в 6:25 PDT

«Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру?! «Жұмақ анаңның табанының астында» дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім.  Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек»,-деп жазған ол.

Аталған жазбаны көрген желі қолданушыларының көпшілігі журналистің жазғандарымен толықтай келісетіндерін айтып, көптеген пікір қалдырған. kazislam.kz  порталы осы орайда елімізге белгілі дін мамандарынан аталған мәселеге байланысты пікір сұраған еді.

Балғабек Әбдіқайымұлы, белгілі дінтанушы, Анкара университеті Ислам тарихы мамандығының PhD докторы:

Бәрімізге белгілі болғандай Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с) жеткен бір хадис бар. Ол хадисте пайғамбарымыз: «Жұмақ аналардың аяғының астында» деп бұйырған. Осы хадистің негізгі мағынасы бұл жерде балаларының өздерінің ата-аналарына құрмет көрсетуі керек екенігіне көңіл бөлініп отыр. Яғни ата-анаңыз қандай кісі болса да, сіз оның барлық көрсеткен мінездері, болмаса басқа да қиын шарттары болса да, сіз ата-анаңызға қарсы келмеңіз деп отыр. Бұл хадистің негізгі мәні Құран кәрімге келіп тіреледі.

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025
Адам болмысы

Адам болмысы

10.09.2025

Құран кәрімдегі «Лұқман» сүресінде бір аят бар: «Біз адамға өзінің ата-анасына жақсы, көркем мінез көрсетуін бұйырамыз!». Яғни сіз өзіңізді тоғыз ай, он күн жатырында ұстаған және осы жарық дүниеге келгеннен кейін сізді бір немесе екі жыл өзінің ақ сүтін беріп өсірген анаңызды құрметтеңіз деп отыр. Демек біз Алла тағалаға осындай ата-ана бергені үшін шүкіршілік етуіміз керек, ата-анаңыздың бар уақытта жағдайын сұрауыңыз керек. Ауырып қалса, емдетуіңіз керек.

«Біз адамға өзінің ата-анасына жақсы, көркем мінез көрсетуін бұйырамыз!» (Лұқман сүресі, 34-аят)

Өмір болған соң түрлі жағдайларға байланысты ата-анаңыз өкпелеуі, ұрысуы немесе басқа да жағдайда ұнамаған сөз айтуы мүмкін. Бірақ сіз сондай кездің өзінде оларға «уф» деп реніш білдірмеңіз, оларға қарсы сөз айтпаңыз, тек жақсы сөз сөйлеңіз деп бұйырып отыр.

Ал енді әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатқан өнер адамдарының эстафетасына келетін болсақ, мұның ешқандай да айыптайтын жері жоқ. Өйткені біз бұл жерден екі жақсы нәрсені көреміз, біріншісі – әрбір баланың өзінің анасының аяғын жуып, табанын сүюі – анасына деген ерекше құрмет! Екіншіден, ана мен баланың арасындағы жақсы сүйіспеншіліктің көрінісі. Сондықтан мұны өз басым қоғамға бір ой тастайтын, ерекше, жақсы бастама деп қабылдаймын. Әрине екінің бірі бұлай жасап жатса, нұр үстіне нұр! Анасының аяғын жуып, оны сүйіп жатқан бала ешқашан оны ренжітпейді, қарсы келмейді, өкпелетіп, жаман сөз айтпайды. Қазіргі ананың балаға, баланың анаға мейірімі жоғалып бара жатқан кезеңде өнер адамдарының мұндай бастамасы Құран мен хадистің дәстүрін жалғастырып келе жатқан игі бастама деп білемін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Сауаптар еселенетін қасиетті айда «Жұмақтың кілті» атты эстафетаны бастап жатырмыз! Түркияның президенті Ердоғанға 12 рет қастандық жасалып, бәрінен аман қалған екен. Жауларыңыздың жауыздығынан бір емес, бірнеше рет аман қалуыңыздың сыры неде деп сұрағандарға: «Мен түнде анамның табанын сүймей ұйқыға жатпаймын» деп жауап беріпті. Шамамыз келсе анамыздың табанынан сүйіп, анамыз маңдайымыздан сүйіп батасын беріп отырса жаман болмаймыз! Осыны күнделікті әдетімізге айналдырсақ қалай қарайсыздар? «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деген пайғамбарымыз! Мен бұл эстафетаны @toregalitoreali бауырыма жолдаймын! @didarkamiev @toregalitoreali @amanbaeva_zhanat

Публикация от ♛ (@didar_kamiev) 17 Май 2019 в 6:20 PDT

Асқар Әкімханов, Нұр-Мүбарак университеті Исламтану кафедрасының PhD докторы:

Мұндай видеоның әлеуметтік желілерде тарап жатқанын естігенмін, бірақ толықтай қазір көріп тұрмын. Өзімнің жеке көзқарасыма келер болсақ, мен де мұны діни формализм ретінде қабылдадым. «Жұмақ ананың немесе аналардың аяғының астында» деген  хадис бірқатар ғалымдардың еңбектерінде келген. Аталған мәтінге қатысты ғалымдар тарапынан: «Жалпы бұл хадис пе, бұл хадистің дәржесі қандай? Сенімді ме, сенімді емес пе?» деген әртүрлі сындар айтылған.

Бұл хадиске әртүрлі баға берілген. Соның ішінде әлсіз немесе «мункар» деген, сондай-ақ, «сахих» немесе дәрежесі, сенімділігі жақсы деген де баға берілген. Сенімділігі тұрғысынан ең жақсы баға Мұғауия ибн Жәхима деген кісіден жеткен хадис. Ол кісі келіп пайғамбарымыздан: «Уа, Алланың елшісі мен Алла жолында жорыққа, күреске шығуды қалаймын. Сол мәселе бойынша сізбен ақылдасайын деп келіп едім» дегенде, Алла елшісі одан: «Сенің анаң бар ма?» деп сұрайды, сонда ол: «иә, менің анам бар» дейді. Сол сәт пайғамбарымыз: «Ендеше сол анаңның қасында бол. Анаңнан екі елі ажырамай, соның қасында бол. Өйткені жәннат оның аяғының, яғни, табанының астында» деген. Мұндай сенімді тізбекпен келген хадис бар деп қабылдайық. Ғалымдар бұл хадистің мағынасы – анаға деген құрмет, ананың алдында барынша кішіпейіл болу, оның айтқанын екі етпей орындау, оны ренжітпей, ризалығын алу деген мағынада деп түсіндірген.

Әрине анасының аяғын жуғаны жақсы, егер, ол кісі қартайған, еңкея алмайтын, күтімді қажет ететін болса. Сондай аналарымыздың аяғын жуамыз, аяғын сүйеміз деген сияқты.

Ал мұны жарнамалауды өз басым жөні жоқ деп санаймын. Біз бұл хадисті тар мағынада емес, кең мағынада түсінуіміз керек. Ал анаға деген құрметті видеоға түсіріп, желі арқылы жарнамалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине ол кісілерге кішіпейілдік танытып, қызмет етіп, разылықтарын алу арқылы жәннатқа кіре аламыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жәннатқа баратын жолды осы хадис арқылы көрсетуде. Ал анасының аяғын жуу ол жеке адамның ісі. Оны жуып, сүйгенде әлбетте ол адам сауап алады. Бірақ халық алдында оны жария ету артықтау сияқты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Ассалаумағалейкум қадірлі ағайын! Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында, «Айтыстың Ақтаңгері» @didar_kamiev бауырым жолдаған «Жұмақтың кілті» атты эстафетаны шын жүрекпен қабыл алдым! «Алланың разылығы – ата ананың разылығында» Ендеше екі дүниенің де берекесі өз қолымызда емес пе ағайын?! Осы эстафетаны: @ramantay @kair_n @kainaralaguzov @ibragimovserik @assylkhantolepov @ushkyn.zhamalbek_official @jiger_auypbaev_official @ernaraidar_kz @nurbullin @abdizhappar_alkozha @kuandykrakhym_official @isaalimussa – бауырларыма жолдаймын!!! #ЖұмақтыңКілті

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali) 17 Май 2019 в 12:58 PDT

Жарас Ахан, тарихшы-дінтанушы:

Құпия құндылық деген бар. Егер ол жария етілсе, оның құндылығы төмендейді. Мысалы, намаз оқып құдайына жалбарынып тұрған пенденің алдынан кес-кестеп, мазасын алсаң, ол құлшылықтың мәні кетуі мүмкін. Анасын құрметтейтінін әдейі түрде жария ету, бұл формализм. Егер олай еткісі келмей, басқа біреу оқыста түсіріп алса, не болмаса анасына деген құрметі өзінің қатысынсыз жария етілсе немес басқа біреудің сөзімен тараса оның құндылығы артар еді.

Пенде өзі сүйген, жүрегінде аялап ұстайтын сүйіспеншілігін сыртқа жария еткісі келмейді. Мысалы әйелімен қатынасын, анасына деген құрметін, Аллаға деген махаббатын. Видеодағы әншілер аналарына деген бұл әрекеттерін күнде істемейтіні белгілі деп ойлаймын. Күнде істейтін адам ол сүйіспеншілікті жария етпеген болар еді. Бізде діни құндылықта болсын, рухани құндылықта болсын формализм көбейіп кетті. Қажылықтың өзін бізде селфилетіп, формализмге апара жатыр. Қажылықты қыдырудың көрінісіне айналдырып жіберді.

Айжан Қалиева

Таңбалар: Айжан Қалиева
Бөлісу29Твитерге18Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұхбат

Ғалым Жүсіпбек: Ислам әлемі мен ғылымы мыңжылдық тоқырауда жатыр

06.05.2019
Қоғам

Діни буквализм дегеніміз не?

03.05.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қадір түнінің Рамазанның 27-сі екеніне дәлел бар ма?

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою