Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қадір» сүресінің ғажайыбы

30.05.2019
- Қоғам
0
704
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағала Құранды 14 ғасыр бұрын түсірсе де оның мазмұнында ашылып жатқан жан-жақты ғылыми жаңалықтар толастар емес.

Құранның кереметтілігі сонша оны оқып, зерттеген әрбір жан алдымен жүрегіне жұбаныш тапса, кейін иләһи түрлі сырдың ашылуына себепкер болады. Бұған қоса Құран мұсылманның тілінде күніне 5 уақыт намазда 32 ракағатта қайталанып оқылғанымен адамды еш жалықтырмайды екен.

Одан басқа да мұғжизаларға толы Құран адамзаттың игілігі үшін қасиетті қадыр түні түскен болатын. Бұл жайында белгілі сахаба Ибн Аббас былай деген: «Рамазан айының қадыр түні Құран толықтай болып Алла тарапынан көкке түсірілді.  Осылайша Жаратушы Тағала адамдарға қажеттілік туындаған жағдайларда белгілі аяттарды жер бетіне түсіріп отырған».

Сонымен қатар Ибн Дауд: «(Біз) Құранды қадыр түні түсірдік», деген аят түскенде оның толықтай болып бір сәтте түскенін білген едік» деген екен (ат-Табари тәпсірінен).

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Демек, айлардың сұлтаны Рамазан болса оның ішіндегі ең ұлы күн қадір түні екені әу баста Құранда айтылып кеткен. Бұл «Қадыр» сүресінде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы», деп ескерілген. Ендеше осы аталған сүре мен қадыр түнінің байланысына біршама тоқталып кетелік.

Алла Тағала Құранда әрбір нәрсенің атын атап, түсін түстеп кетуі бекер емес екенін ғалымдар алға тартады. Сол секілді қадыр түнінің қасиеттілігі мен ұлықтығы сонша ол туралы толық сүре атауымен түскен. Ол сүреде қадыр түні барлық 5 аятта ескерілген әрі сол аяттарда 5 ұлы іспен байланыстыра айтылған. Олар:

  1. Құран Кәрімнің түсуі.
  2. Қадыр түні мың айдан да артықтығы.
  3. Періштелердің көктен жерге түсуі.
  4. Ол түні Алланың әмірі жүзеге асатыны.
  5. Ол түні таң атқанға дейін жалғасатыны.

Енді, «Қадыр» сүресінің жалпы мазмұнына келейік. «Қадыр» сүресі 30 сөзден тұрады. Бұл Құран Кәрімнің 114 сүресінің жиындығы яғни, 30 параға сәйкес келеді. Сонымен қатар сүреде қадыр түнін меңзейтін «هِيَ» – «Ол» есімдігі реттік сан бойынша 27-ші сөз болып тұр. Бұл қадыр түні Рамазан айының соңғы он әрі тақ күндері болатындығына ишарат болса керек.

Бұған қоса «Қадыр» сөзі сүреде реттік сан бойынша 5,10,12 сөздерде ескерілген. Егер осы сандарды бір біріне қосар болсақ  жоғарыдағы 27 саны шығады. Яғни, 5+10+12=27. Ал, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімі бойынша жылда елімізде қадыр түні айдың 27-ші жұлдызында атап өтетінін ескерсек, жоғарыдағы 27 санына сәйкес келеді екен. Әрине, Алла анығын білуші!

Бұл қасиетті түн мың айдан да артық дедік. Алла Тағаланың кеңшілігі сонша Ол пенделері үшін бір түнге созылған құлшылықтар мен ізгі амалдардың сауабын мың айдан да артық етіп береді екен. Егер осы мың айдың сағатын есептер болсақ онда 720,000 сағат, 43,200,000 секунд шығады. Демек, құлдарына деген мұндай кеңшілікті Алладан басқа ешкім бере алмасы анық. Сондықтан қадыр түнінің қасиетінен қапы қалмайық ағайын!

Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы

Таңбалар: жалғас асхатұлы
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар

03.12.2021
Ғибратты әңгімелер

Ащыны тұщы ет!

22.10.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дәстүрлі діндер адамзаттық құндылықтарды өсиет етеді

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00