Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар мүше болған қоғамдық ұйым

23.04.2019
- Қоғам
0
341
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қай заманда болмасын елдің болашағын ойлайтың, сенім артатын,  халқына адал перзент болуға лайықты жастар болған. Бірақ, жастардың барлығын олай деп тағы да айта алмаймыз. Кейбір жастар албырттыққа бой алдырып, қателесіп жататындары да бар. Сондықтан жастардың дұрыс жолды таңдай білулеріне әрдайым үлкеннен ұлағат, достан көмек қажет-ақ.  Тіпті, қоғамдық ұйымдардың да атқарар қызметі маңызды.  

Осы ретте Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың жастық шағында келелі істердің басы-қасынан табылатындығын үлгі етуге болады. Ол кездері пайғамбарымыз  жиырма жас шамасында еді. Меккеде жағдай өте нашарлаған кезең болатын. Зұлымдық кеңінен таралып, жан, мал, ар-намысты сақтау мүмкін болмайтын халге жетеді.

Меккенің жергілікті халқы сауда жасауға және Меккені зиярат етуге сырттан келген адамдарға зұлымдық жасайтын. Зұлымдыққа ұшыраған адамдар ақыларын қайтаруды талап ететін жер таппайтын.

Осы кезеңде сауда үшін Меккеге келген Йемендік бір саудагердің заттарын Ас бин Уәил деген бір меккелік адам күштеп тартып алады. Осы оқиғаға байланысты Йемендік адам Әбу Кубәйс тауына шығып, бар дауысымен айқайлап, ақысын қайтару үшін тайпалардан көмек сұрайды. Зұлымдықтың шегіне жеткен осындай оқиғаларға байланысты Хашим,  Зухра руларының бас көтерерлері және басқа да тайпалардың алдыңғы қатарлы адамдары Абдулла бин Жудан деген кісінің үйіне жиналады. Жиында жергілікті халықтың сырттан келген бөтен адамдарға ешқандай зұлымдық жасамауға, жауыздыққа тосқауыл қоюға және зұлымдық көрген адамдардың ақыларын қайтаруға шешім қабылдайды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Қабылданған шешімді жүзеге асыру мақсатында бір әділет қоғамын құрады. Бұл қоғамдық ұйымның құрылуына Мұхаммед пайғамбар жас кезінде тікелей ықпалын тигізген және мүшесі болған. Құрылған қоғамдық ұйым «Хилфул фудул» деп аталды. Бұл қоғамдық ұйым зұлымдықтың алдын алып, Мекке қаласында бұзылған тәртіпті қайтадан қалыптастырды. Тіпті бұл ұйымның ықпалы ұзақ уақытқа дейін жалғасын тапты. Пайғамбарымыз өзіне пайғамбарлық білдірілгеннен кейін сахабаларға «Абдулла бин Жуданның үйінде жасалған уағдаластықта мен де бар болатынмын. Маған сол анттасу көптеген байлыққа ие болудан артық. Қазір де мені сондай мәжіліске шақырса, келісер едім»,- деп еске алатын болған екен.

Мінекей, бүгінгі қоғам үшін де жақсылыққа шақырып, жамандықтың алдын алуда қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар ұйымдарының да рөлі маңызды.

Тұрар Түгелұлы

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шариғатта өзге дін өкілдерін өлтіруге қатысты не айтылған?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00