Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінге бөлінушілік пен алауыздықтардың негізі – Ислам діні ме?

24.04.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
288
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап әлемдік медиа саласында «Ислам», «исламдық» деген сөздермен қосарланған небір сөз тіркестері жиі қолданылатын болды. Ислам және мұнай. Ислам және Ирандағы халық көтерілісі. Ислам және Таяу шығыстағы дағдарыс. Ислам және Палестина проблемасы. Ислам және Ауғанстандағы соғыс. Міне, бұл тізімді ұзарта беруге болады.

Бірақ мәселе тізімде емес, аталмыш проблемалардың атауында Ислам немесе исламдық деген сөздің тұрғанында.  Бүгінгі таңда Ислам діні кеңінен тараған елдерде болып жатқан оқиғалар бүкіл дүние жүзінің айрықша назарын тартып отыр. Шынында да, осы дінді ұстанатын елдердегі соғыс пен қантөгістердің, кедейшілік пен сауатсыздықтың, жан түршіктіретін трагедиялардың, бітімге келмес қайшылықтардың, діни бөлінушіліктер мен алауыздықтардың негізінде Ислам діні жатыр ма?

Қарап отырсаңыз, Ислам – Азия мен Африка құрлығындағы миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмысының бір бөлшегіне айналған. Ислам – ғасырлар бойы бейбіт тіршіліктің тірегі болып келген. Ислам мына дүниеде қара қылы қақ жарған әділетке, арғы өмірде мәңгілік сый-сыяпатқа деген үміттің шырағы.  Олай болса, неліктен  Ислам діні жоғарыда аталмыш құбыжық оқиғалармен бірге аталады.  Дәл осы бағытта жалғаса берсе, бұл дінді ұстанушылардың ертеңгі жағдайлар қалай болмақ? XXI ғасырда әлемнің өмір-тіршілігінде Ислам дінінің әлеуметтік рөлі қандай болмақ?

Ислам деп аталатын көп қырлы, өте күрделі феноменнің әлеуметтік-саяси, мәдени-идеологиялық сипаттары қалай зерттеліп, қалай түсіндіріліп жүр? Бүгінгі жазбамда осы қатарлы сауалдарға бір назар аударғым келеді.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Ең алдымен қажылық айындағы Мекке қаласын бір еске алайықшы. Дүниенің төрт бұрышынан жиылған миллиондаған мұсылмандар аппақ ихрамға оранып қасиетті Құранда айтылған міндеттерді орындайды. Бірге жүріп қасиетті Қағбаны айналады. Бірге жүріп қасиетті Зәмзәм суын ішеді. Арафат тауында бірге тұрып таңнан кешке дейін Аллаға мінажат жасайды. Бірге жүріп құрбан шалып, бір кісінің баласындай шайтанға тас лақтырады.  Міне, осы істердің бәрін сырт қарағандар Азия мен Африкадағы, Еуропа мен Америкадағы мұсылман жұртының басын қосқан бірлік-ынтымақтың ұлы көріністері деп бағалайды.

Алайда қажылықтан басқа уақыттарда Ислам мемлекеттерінде мұсылмандар не себепті біріне-бірі қару көтеріп жүр? Неге мұсылман елдерінде аштықтан жан тапсырып жатқандар кездеседі? Жер бетінде қасиетті Құранды жатқа оқитын қарилар мен хафыздар күн санап көбейіп жатса да, неге мұсылман елдерін діни сауатсыздық жайлап жатыр? Неге бір Алла мен бір Ақиретке иман келтірген мұсылмандар әр күн сайын бірінен бірі ажырап, діни ағымдарға бөлініп, шілдің қиындай бытырап жатыр. Адамзат баласына пайда келтіретін ғылым мен өркениеттің істеріне мұсылман жұртшылығы тым аз араласады? Не себепті бүгінде бір мешітте тұрған жамағат тәкбір айтқанда бас бармағы құлақтың жұмсақ етіне тиіп қалды немесе тимей қалды деп болмашы нәрсеге таласып жүр? Не үшін кейбір мұсылмандар шалбардың балағы тобықтан бір сантиметр төмен түссе тозаққа кіреді деген сылтаумен көпшіліктен ажырап жүр?

Бұл айтылған мысалдар Ислам дінінің құндылықтарына жаңа көзқараспен, ғылыми-академиялық көзқараспен қараудың кезі келгендігін көрсетсе керек. Қасиетті Құран аяттары мен Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеттерінің терең сырларына бойлайтын кезең де жетті. Себебі жаңа ғасырдың талаптарына бұрынғы тарихи шешімдер жауап бере алмайды. 21-ғасырдың сұрақтарына орта ғасырдағы әйгілі ғалымдардың құнды пікірлері де толыққанды шешім ұсына алмайды. Өйткені Қияметке дейін өзгеріссіз сақталатын қасиетті Құранның әр заманға сай түсіндірмелері болатыны да анық.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына, оның құрамындағы Ғұламалар кеңесіне,  «Нұр-Мүбарак» университетіне түсетін жүк те аса ауыр. Мысалы, дін саласына қызмет етуді мақсат еткен студенттер екінші курстан бастап, жаңа заманның уәждеріне сай тақырыптар алып, олардың ғылыми-академиялық призмадан өткізуді үйренуі керек деген пікірдеміз. Диплом жұмыстары, магистрлік, докторлық диссертациялар бүгінгі ақпараттық, идеологиялық ғасырдың талаптарына сай таңдалып, әр түрлі ғылым салаларының қиылысында жан-жақты талқыланып жатса нұр үстіне нұр. Ислам дінінің құндылықтарына ғылыми көзқараспен қарайтын шәкірттер көбейіп жатса, мұсылман жұртшылығында білім мен өркениет жайылып, діни сауатсыздық әлдеқайда азаяр еді деген ойдамыз. Бірлік-ынтымақ пен ауызбіршілік те дін ілімі мен ақыл қуатын қатар қолданатын елде күшейсе керек. Өйткені Ислам – ақыл мен ойлауға ерекше орын берілген дін.

Кезінде ислами сенім мектебінің заңғар тұлғасы имам Матуридің де ұсынған жолы дін құндылықтарын ақылмен ойлау жүйесі болатын. Сол жолды данышпан ата-бабаларымыз да ұстанды. Бұған бұлтартпас дәлел ретінде әйгілі Бөлтірік шешеннің мына тұжырымдарын келтіруге болады: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Дүниеде тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Дүниеде қайтпайтын адал қолдаушың біреу, ол – ақыл. Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, ол – ақыл. Дүниеде жарығы тұтас елген түсетін қасиетті шырақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу, ол – ақыл…». Бұл әрине, сөз сұлу шықсын деп ұйқас үшін айтыла салған жалаң тіркестер емес. Шынында да, қазақ халқының дүние танымы ақыл мен қисынға құрылғанын баса айтқан жөн.

Бір ғана мысал берейік. Мына дүниенің жалған екендігі қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерінде айтылғанын білеміз. Ал осы ақиқатты Әйтеке би былай деп толғайды:

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ,

Құйрығы суда тұрса да,

Уақтысы жеткен

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,

Панасы жоқ, тұрақ жоқ.

Баласы жоқта мият жоқ,

Бәрінен де сол қиын

Түнде жанған шырақ жоқ,

Артта қалған тұяқ жоқ.

Міне, осы бір ғана шумақта Алланың жаратқан талай заңдары қамтылған. Сол заңдылықтар ақыл-ой қуатын дұрыс қолданумен анықталып отыр.  Көкілташ, Мирараб секілді медреселерде тәлім алған Әнет абыз, Төлеби, Қойгелділердің, Қалжан ахун, Садық ахундардың да дүниетанымдары терең ойға, ақылға құрылған болатын. Мұны дәлелдейтін тарихи дәйектер жетерлік.

Жинақтай  айтқанда, жаңа ғасырдың жаңа талаптарына діни құндылықтарды ақылмен аңдау арқылы ғана жауап бере аламыз. Ал көзсіз сенім өз ұстанушысын бір күні жарға жығуы ықтимал. Жаратқан Ие момын елді осыдан сақтасын!

Асылбек НОҒАЕВ
Шымкент қаласы ішкі саясат және
дін істері
басқармасы  «Дін мәселелерін
орталығы» КММ басшысы

Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Асты (әуретті жерді) дәрет алу да парыз ба?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00