Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қалай дұрыс тамақтану керек?

25.04.2019
- Қоғам
0
2.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам әлемі ғылымнан алыстап кеткен шақта көп адамға діни насихат догмадан аса алмайтындай көрінуі мүмкін. Десе де, дін қоғамнан бөлінгенімен, адамдардың діннен алыстай алмайтыны бесенеден белгілі.

Ұзаққа бармай-ақ, күнделікті жеп жүрген тамағымыз, ішіп жүрген сусынымызды мысалға алайық. Тамақтану тәртібі тек қана медицина саласында жолға қойылған десеңіз, қателесесіз. Себебі, бұл тұрғыдан да адамның жаны мен тәнінің саулығына басқадан бұрын бас қатырған ислам дінін тілге тиек етпеу мүмкін емес. Соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек, әлем бойынша ауру-сырқаудың басым көбі астан, оның ішінде тең жартысы дұрыс тамақтанбау немесе құнары жоқ тағам тұтынғаннан туындап отыр екен. Ендеше, дұрыс тамақтануға қатысты шариғат не дейді екен, мысал келтіріп көрелік.

Екі дүние сардары Мұхаммедтің (с.а.у.) дастарқанға отырған сәтте асқазанды үшке бөлу, яғни, ыстық тамақ, сусын және бос орын қалдыруға үндейтін өсиеті көпке мәлім. Тағы бір хадисінде: «Менің үмбетім дастарқанға аш отырып, тоймай тұрып кетеді» – десе, Әлиге (р.а.) айтқан өсиетінде:

– Уа, Әли! Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқта! Өйткені тұз – 70 аурудың емі! – деген екен.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Енді аталған үш хадиске қатысты медицинаның не дейді екен деген заңды сұрақ туады. Біріншіден, алпыс жыл ас жемегендей қомағайланып, асқазанға ауыртпалық салу – дұрыс тамақтану тәртібіне 100% қайшы. Ағзаңызға келетін зияннан бөлек, тойып алғаннан кейінгі жүріп-тұруды елестетіп көріңіз. Тоя тамақтану ас қорыту жүйесінің бұзылуына апаратынын медицина әлдеқашан дәлелдеп қойды.

Екіншіден, Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Мәдина халқын емдейміз деп келген бір топ емшінің (дәрігердің) қала тұрғындарының тістері сап-сау, тек салқын тиіп не жазмыштан бір жерін ауыртып алмаса, ішкі ағзалары мазалап шағымданған адамның жоқтығына қайран қалған. Сол кезде адамзаттың асылы Мұхаммед (с.а.у.) ансарлар мен мұхажирлердің қарны ашпайынша аузына ас алмайтынын және тойғанша тамақ жемейтінін айтып, дұрыс тамақтану тәртібінің негізгі шартын меңзеген.

Үшіншіден, «тұз – 70 аурудың емі» деген хадиске қатысты ирандық дәстүрлі медицина маманы, доктор Хусейн Равазаде:

 «Тамақ ішерден бұрын аз мөлшерде табиғи тұз жеу – ауыз сілекейінде жиналып қалған асқазан микробтарының тез жойылуына себеп болады» – дейді. Өйткені, табиғи тұздың микробтарды өлтіретін қасиеті бар. Ал медицина мамандары хадисте айтылған 70 аурудың қатарына жүрек, қышыма, ақылдан алжасу, ангина, тіс ауруларын жатқызады.

Асқазан адам баласы дүниеге келген күннен бастап үзіліссіз жұмыс істейтіндіктен оған анда-санда демалыс қажет. Осыдан бір-екі жыл бұрын жапон ғалымының Нобель сыйлығын алуына себеп болған ораза жайлы ғылыми жаңалық әлем назарын аударғаны мәлім. Оразаның денсаулыққа пайдасы талай мәрте зерттелді, әлі де зерттеле бермек. Рамазан айындағы отыз күн ораза, қалған айларда белгіленген нәпіл оразалар, ең алдымен, Құдай үшін жасалатын құлшылық, екіншіден, ауру-сырқауға қарсы қалқан. Ерекше айта кететіні, аузы берік адам ауызашар дастарқанында қарным аш екен деп асқазанын қинап қоюы тағы дұрыс емес.

Айтпақшы, Рамазан оразасы дұрыс тамақтану тәртібіне үйретеді дейді кейбір мамандар. Аз жеп, аз ішкен адам аз ұйықтап, көп іс тындыратыны сондықтан. Сонымен бірге, шариғат белгілегендей адал асты тұтыну да – дұрыс тамақтану тәртібінің бір шарты. Адам өзінің алдына келген астың құрамына, неден дайындалғанына мән беруі керек. Мәселен, алкоголь, доңыз еті мен майы, өлексе және басқа да Құран және хадистерде тыйым салынған өнімдер қосылған тамақтан бас тартқан абзал.

Қорыта келгенде, дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастырып, асқазанды және басқа да ағза мүшелерін ауру атаулыдан қорғау үшін мына шарттарды орындау керек:

– Қарын ашпайынша ас ішпеу және тоя тамақтанбау;

– Ас ішерден алдын аз мөлшерде табиғи тұз жеу;

– Жылына бір ай ораза тұту және басқа айларда да шама келгенше ауыз бекіту;

– Астың адалдығына мән беру.

Тағамның адалдығына қатысты исламда үлкен бап бар, ол жөнінде алдағы уақытта толығырақ жазамыз.

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Таңбалар: денсаулықдұрыс тамақтануораза
Бөлісу50Твитерге32Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Денсаулықтың қадірі
Ғибратты әңгімелер

Денсаулықтың қадірі

21.11.2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Жаңалықтар

Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шариғат термині және оның негізгі қайнар-көздері

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00