Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Микробты алғаш тапқан Ислам ғұламасы жайлы не білесіз?

31.03.2019
- Қоғам
0
307
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ғылым тарихында микробты тауып, оның ауруға себеп екенін анықтаған ХVI ғасырда өмір сүрген италяндық ғалым Джироламо Фракасторо деп танылып кетсе де, негізінде бұл жаңалықты ашқан ХV ғасырдағы Ислам ғұламасы Ақшамсәддин екені көпшілікке мәлім емес.

Константинопольді жаулап, Ыстамбұл қылған Османлы падишахы Мехмет Фатих Сұлтанның рухани ұстазы болып, оның әскеріне рухани демеу көрсетіп, жәрдем еткен, Ыстамбұлдың рухани жаулаушысы атанған қаһарман ғалым Шәмсәддин Мұхаммед бин Хамза (Ақшамсәддин) 1389 жылы Шамда дүниеге  келіп, 1459 жылы Түркияның Гөйнүк қаласында дүниеден озған. Тасаууф тарихында Байрамия тариқатының Шәмсия тізбегінің құрушысы ретінде қабылданған мутасаууф, сопы әрі ақын һәм хафыз Ақшамсәддин – діни ғылыммен қатар, медицина ғылымдарының да білгірі. Ол аурулардың тамырын дөп басып, дертіне дауаны да өзі дайындаған әрі емдік өсімдіктерді өте жақсы зерттеген ғалым болған.

Ақшамсәддин өзінің өмір сүрген жылдарында мыңдаған адамның өліміне себеп болған жұқпалы аурулармен күресіп, мұсылман үмбетіне көп еңбек сіңірген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Өлімнен басқа барлық дертке дауа бар» деген сөзін ұстанымы еткен ол медицина саласында көптеген зерттеулер жасаған. Ауруды анықтау –  оның қандай жолмен жұғып, жайылғанына байланысты. Ақшамсәддин де осы мәселені көп зерттеген. Ол өзінің «Маддатул-хайат» атты еңбегінде мынадай қорытындыға келеді:

«Ауру адамдарда жеке-жеке пайда болады деген қате пікір. Ауру – адамнан адамға жұғу арқылы өтеді. Бұл жұқпа көзге көрінбейтіндей кішкентай әрі тірі тұқымдар арқылы болады».

Бұл сөздерімен ғалым микробтың анықтамасын беріп, аурудың жұғуы көзге көрінбейтін тірі ағзалар арқылы болатындығын айтады. Микроскоптың XVII ғасырдан кейін пайда болғанын ескерсек, Ақшамсәддиннің бұл сөздері микробиология ғылымында өте маңызды пікір деп есептеледі.

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025

Ақшамсәддиннен кейін 100 жылдан соң италяндық ғалым Джироламо Фракасторо өзінің зерттеулері нәтижесінде тура Ақшамсәддиннің пікірін жаңалық етіп ашып, күллі әлемге қабылдатқызады. Осылайша Ақшамсәддиннің есімі ескерусіз қалып, Фракасторо танымал боп кетеді. Жалпы, Ислам ғұламаларының ескерусіз қалған жетістіктері бұл ғана емес. Көптеген жаңалықтардың негізінде Ислам ғалымдары жатқаны осы уақытқа дейін де айтылып та, жазылып та келеді.

Ақшамсәддин Ыстамбұлды алғаннан кейін (29 мамыр, 1453) Аясофияда оқылған алғашқы жұма намазының құтпасын оқыған. Сондай-ақ, ол Пайғамбарымызды (с.а.у.) Мәдинада қаншама ай үйінде қонақ еткен, кейін Константинопольді аламын деп іргесіне дейін келіп, сол жерде қайтыс болған Әюб әл-Ансаридің қабірін тапқан.

Алла Тағала Ақшамсәддинді рахметіне бөлесін!

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Таңбалар: микробсалтан сайранұлысопы
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дерадикализацияның төрт бағыты
Видео

Дерадикализацияның төрт бағыты

02.07.2025
Микроб-күнәдан қалай қорғанамыз?
Ислам

Микроб-күнәдан қалай қорғанамыз?

24.04.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Оразаға дайындығыңыз қалай?

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00