Сейсенбі, 31 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саңырау Хатәм туралы не білеміз?

14.02.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
375
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихында Хатәм-Әсам есімді машайық болған. «Әсам» (أَصَمُّ) есімі арабшада саңырау деген мағынаны береді. Оның Саңырау Хатәм атау себебі де мына бір оқиға еді. Бірде Хатәм-Әсамға көңілі құлазыған зағип бір әйел дертіне дауа іздеп келіп, жан қайғысын айта бастайды екен. Айта бастағаны сол-ақ екен әлгі әйел абайсызда артынан дауыс шығара жел жіберіп қояды. Айнала да жым-жырт, тым-тырыс бола қалады. Әйел кірерге тесік таппай, құлағына дейін қызарып кетеді. Хатәм-Әсам да ештеңе болмағандай: «Қаттырақ сөйлемесеңіз, айтқандарыңызды ести алмадым. Саңырау едім, айқайлап сөйлеңіз», ­­– дейді. Сол-ақ екен, әйел де бұлт артынан жарқырап шыққан күндей жадырап шыға келеді. Өзінің ыңғайсыз қылығын Хатәм-Әсамның сезбей қалғанына, саңырау болғанына қуанады.Хатәм да сол күннен бастап әлгі әйел қайтыс болғанға дейін саңырау боп жүреді. Әйел қайтыс болғаннан кейін: «Енді құлағым естиді. Бұдан кейін жай сөйлей берсеңдер болады», – деп, сол уақытқа дейін әйелді ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін айыбын өзге тұрмақ өзінен де «жасырып» келген екен.

Хатәмнің әйелі өте салиқалы, тақуа жан болған деседі. Бір күні Хатәм соғысқа аттанып бара жатып, әйеліне:

– Мен төрт айлық бір сапарға кетіп барамын. Бұл төрт ай ішінде қанша нәпақа қалайсың? – деп сұрайды. Әйелі де:

– Тірі қалғанымша нәпақа тастап кетіңіз, – дейді. Хатәм да:

Мешітті нұрландырған сахаба

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026

– Тірі жүруің мен өлімің менің емес, Алланың қолында, – дейді. Сол кезде әйелі де:

– Олай болса, менің ырзығым да сіздің емес, Алла Тағаланың қолында, – деп жауап береді. Әйелінің бұл сөзіне риза болған Хатәм дұға етіп, жолына кете барады. Көрші әйелдер де Хатәмнің әйеліне келіп:

– Не себепті нәпақа сұрамадың күйеуіңнен, – дейді.Сонда әйелі:

– Ол да мен секілді ырзық жеуші, беруші емес, – деп жауап береді.

Бір күні Хатәмнан намаз үйретуді сұрап біреу келеді, Хатәм да:

– Әуелі дәрет ал. Сыртыңды сумен, ішіңді тәубемен жу. Сосын мешітке бар да, Қағба екі қасыңның арасында, Әзірейіл артыңда, Жәннат оңыңда, Жәһәннам солыңда, сират көпірі де аяғыңның астында тұрғандай сезін де, көңіліңді түгелдей Хаққа беріп, Хақты біл. Асқақтықпен тәкбір тарт та, қорқынышпен отыр. Айбынды күйде Құран оқы, жалбарына рукуғқа бар, мойынсұна сәжде ет, дәрменсіздікпен әттахият оқы да Аллаға сәлем бер. Аллаһ қаласа қабыл етеді, – деді.   

Сұлтан КЕРІМ

Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты

31.03.2026
Адасудың алғашқы қадамы
Видео

Адасудың алғашқы қадамы

31.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ең кедей әрі жомарт сахаба

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121973 бөлісті
    Бөлісу 48789 Твитерге 30493
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    526 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    448 бөлісті
    Бөлісу 179 Твитерге 112

Соңғы жарияланымдар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты

31.03.2026
Адасудың алғашқы қадамы
Видео

Адасудың алғашқы қадамы

31.03.2026
Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды
Жаңалықтар

Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды

30.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00