Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Не мықты?

17.05.2018
- Қоғам
0
571
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әнас бин Малик (р.а.) екі дүние сұлтаны пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) былай деп риуаят етеді:

«Алла Тағала жерді жаратқан кезде жер теңселіп, қозғалып тұрды. Сонда тауларды жаратып, жерге қазық етіп қақты. Жер қатып тұрақтады. Таудың мықтылығына таңданған періштелер:

-Уа, Раббым! Жаратқаныңның ішінде таудан мықтысы бар ма? – деп сұрады.

-Иә, темір мықты. Періштелер:

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026

-Уа, Раббым! Жаратқаныңның ішінде темірден мықты нәрсе бар ма?-деді.

-Иә, от мықты. Періштелер:

-Уа, Раббым! Жаратқаныңның ішінде оттан мықты нәрсе бар ма? – деді.

-Иә, су. Періштелер:

-Уа, Раббым! Жаратқаныңның ішінде судан мықты нәрсе бар ма? – деді.

-Иә, жел. Періштелер:

-Уа, Раббым! Жаратқаныңның ішінде желден мықты нәрсе бар ма? – деді. Сонда Алла тағала:

-Иә, оң қолымен берген садақасын сол қолынан жасырған адам баласы мықты», – деген екен.

 

Таудан не мықты?

Құран Кәрімдегі: «Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды…» Осы аталмыш аятта хадистегі жердің әуелі жаратылғаны және оны теңселтпей таумен тұрақтандырғаны айтылуда. Мұны көрген періштелер таңданып: «Таудан мықты нәрсе бар ма?» -деп сұрағанда Алла Тағала: «Таудан темір мықты» деген.

Шынында тауды қақ бөліп, тастан үй салуда темір құрал-сайман пайдаланады. Сонымен бірге, таудың ортасын жарып жол төсейтін де, таудың тасын қашайтын да және тауды орнынан қопарып алып тастайтын да сол темір.

 

Темірден не мықты?

Періштелер: «Темірден не мықты?» – деп сұрағанда Алла Тағала: «От» деген екен. Иә, болатты балқытатын лаулаған от екені сөзсіз. Ол темірді өз еркіне бағындырумен қатар түрлі кейіпке салуға қауқары жетеді. Отқа түскен болат темір дәрмені кетіп қызып, қызарып тіпті қарша ери бастайды. Осыны көргенде отты темірден мықты деп қалай айтпайсың?!

 

 

Оттан не мықты?

Періштелер: «Оттан не мықты?» – дегенде Жаратқан Алла: «Су», – деген екен. Тілсіз жау от жан-жағындағы көкті де, қурағанды да жалмап бой бермей бара жатқанда оны тек су ғана тізгіндейді. Жалындаған от тек судан ғана қаймығады. «Су сепкендей басылды» деген сөз де бекер айтылмаған. Тіпті, су атаулы оттың ізін де қалдырмайды.

 

Судан не мықты?

Періштелер: «судан не мықты?» -дегенде Жаратқан Алла: «Жел» деген екен. Расында жел суды құрғатып, бұлтқа айналдырып ұшырады. Жел жұпар иісті су бетімен алып өтсе, суға сол қош иіс сіңіп қала береді. Ақ бұлтқа айналған суды жел шығыс пен  батысқа мақташа әп-сәтте алып ұшады.

Сөзсіз, бұл құбылыстарды естіген періштелер таңданып, сауалдарын үстін-үстіне қоя берді. Жер. Жердің не екенін кім біледі? Жаратқанның ғаламат жаратылысы. Одан тау мықты. Ал, таудан темір, темірден от, оттан су, ал судан жел мықты екен.

 

Желден не мықты?

Желден жасырын берілген садақа мықты. Тірі жан тұрмақ, кісінің сол қолы оң қолының берген садақасын сезбей қалатындай дәрежеде жасырын ұсынылған садақа бәрінен де мықты екен. Сондықтан да осы мақтаулы қасиетке ие пендеге қиямет күні Аршының саясында тұру нәсіп етеді. Қиямет күні жаратылыс атаулының басына күн тым жақын тұрғандықтан адамдар өз бойынан аққан теріге тұншығып жататыны айтылады. Алайда, амал нешік, ол күні өлім жоқ. Міне, осындай қорқынышты күні қауіп-қатер мен күннің ыстығынан қауіпсіз жерде хадисте айтылған жеті түрлі мұсылманның қатарында жасырын садақа берген адам да тұрады.

Руслан ҚАМБАРОВ,

исламтанушы

 

[1] М.Аууама, Ахадис Құдсия, 7-бет

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нашар әдеттен құтылу жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00