Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лұқман Хәкімнің өсиеті

04.04.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
660
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хақ Тағалаға деген иманының жемісі һәм ықыласының нәтижесінде оның даналық сөздері дін ғылымында көп таралған. Тіпті, Лұқман Хәкім – Данышпан Лұқман деп аталуының сыры да сол себепті. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Біз Лұқманға даналық беріп: Шүкір ет. Кім шүкір етсе, білдірген алғысы өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе, әлбетте Алла – Бай, Ғани һәм Мақтаулы, Хамид,-дедік…[1]» деп баян етілген.

Тарих кітаптарында оның есімі Лұқман Яғұрұлы, Аюб пайғамбардың қарындасының баласы, туған елі Нуб жері, өзі қара тәнді кісі болған деседі. Лұқман Хәкім ол туралы: «Тәнім қара болса да, жүрегім ақ. Ернім қалың болса да арасынан жұмсақ сөздер шығады» деген әңгімесі бар.

Лұқман баласына:

«Балам, наданды сәлемдемеңді жеткізуші елші етпе! Дана кісі таппасаң, өз атыңнан өзің елші болғаның жөн. Балам, өтіріктен сақ бол! Расымен де, өтірік құс етіндей дәмді. Алайда, оның азы да иесін қуырып бітіреді. Балам, той-толамақ емес жаназаға қатыс. Өйткені, жаназа саған ақыретті еске түсіреді, ал той дүниені аңсауыңа итермелейді. Балам, тойып тұрып ас ішпе. Ондай асты жегеннен итке тастағаның саған қайырлы. Балам, тәтті болма жұтыласың, ащы болма түкіріп тасталасың» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Мен тасты да, темірді де әрбір ауыр затты дерлік көтеріп көргенмін, бірақ жаман көршіден ауыр нәрсені көтергенім жоқ. Балам! Мен ащы атаулының түгел дәмін таттым, бірақ кедейліктен ащы нәрсенің дәмін татпадым» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

 «Балам! Дүние – терең теңіз. Онда көп адам батып кеткен. Сенің кемең – Алладан қорқу (тақуалық), ескегің – Аллаға иман, желкенің – Аллаға тәуекел болсын. Міне, сонда аман қаларсың, бірақ аман қалғаныңды көріп тұрғаным жоқ» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Аллаға құлшылық етуді – сауда ет. Сонда ешбір тауарсыз-ақ мол пайдаға кенелесің» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

 «Балам! Тіліңді «Аллаһуммә иғфир ли» (Уа, Алла, мені кешіре гөр) сөзіне дағдыландыр. Өйткені, Алла дұғаны кері қайтармайтын бір сәт бар» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Сен ұйқыдан тұра алмай, сәресі уақытында шақыратын мына қораздан дәрменсіз болма» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

 «Балам! Аллаға күнә жасауға дәтің бармайтындай үмітің болсын, Алланың мейірімінен үмітің үзілмейтіндей қорқуың болсын» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Ғалымдармен бірге мәжіліс құр. Тізең тиіп отыратындай арасына кіріп кет. Өйткені, Алла Тағала нөсерлі жаңбырмен өлген жерді тірілткені сияқты даналық нұрымен жүрекке жан береді. Ғалымдармен сөз таластырып, олардың ашуына тиме. Дүниені өзіңе жететіндей ал. Бірақ ақыретіңе зияны тиетіндей ішіне бойлап кетпе әрі адамдарға мұқтаж болатындай одан бастартпа. Нәпсің тиылатындай ораза тұт, бірақ намаз оқуға кедергі болатындай ораза ұстама. Өйткені, намаз Алла құзырында оразадан ұнамдырақ» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Дидарың ашық жарқын болсын, сөзің жағымды болсын. Сон
да адамдарға бір нәрсе бергеннен де әлде қайда ұнамды боласың» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Жұрттың басқосып отырған жеріне барсаң оларға сәлем беріп, шетіне жайғас. Олар сөйлеп отырса үндемей күт. Олар Аллаға зікір етумен шұғылданып жатса, сен де үлесіңді қос. Ал, басқа бір әңгіме-дүкен құрып отырса, олардан басқа адамдарға бет ал» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! «Жамандықты жамандық өшіреді»,-деп айтқан адам өтірікші. Егер айтқаны рас болса оттың жанына от жағып қойып, бірі екіншісін өшіргенін көрсін. Алайда, отты су сөндіргені сияқты жақсылық қана жамандықты өшіреді» деген екен.

Лұқман Хәкім (р.а.) баласына:

«Балам! Алланың зікір етпейтін адамдарды көрсең, олармен бірге отырма. Өйткені, білімді болсаң, білімің пайда бермейді, білімсіз болсаң олар сені адастыра түседі. Оларға Алла Тағала қаһарын жіберсе, олармен қоса саған да тиеді. Балам! Екі білегі мұсылмандардың қанымен былғанған адам сенің ашуыңа тимей-ақ қойсын. Өйткені, оны жазалайтын Алланың құзырында еш өлмейтін жендеті – тозақ бар» деген екен.

Руслан ҚАМБАРОВ 

[1] Лұқман сүресі, 12-аят

Мешітті нұрландырған сахаба

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026

Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ер мен әйелдің дәрежесі неге тең емес?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121111 бөлісті
    Бөлісу 48444 Твитерге 30278
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00