Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламның асыл мұраты не?

02.04.2018
- Қоғам
0
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әрине, мұның өзіндік себептері бар шығар. «Анау болмайды, мынау болмайды» деп әр нәрсені тыя беретіндер, ата-анасына зекіп сөйлейтін «намазхандар», тазалыққа немқұрайлы қарайтын дәрет алушылар, ұлы діннің мазмұнын сақал мен балаққа апарып тірей беретіндер, бір отбасының мүшелері бір діннің үш-төрт ағымына бөлініп кетуі – санай берсек саусақ жетпейді.

Шындығында, Ислам дінінің асыл мұраты не? Құдіреті күшті Құдай адам баласын не үшін жаратқан? Оларден не талап етеді? Құран не үшін түсті? Пайғамбарлардың қызметі не? Тіршілік осы дүниеден кейін тамам бола ма? Міне, осы секілді бірталай сұрақтар талай жанның санасын санға бөліп жүргені жасырын емес.

Түптеп келгенде, Исламның негізгі мақсаты – адам баласын екі дүниеде рахатқа бөлеп, бақыт пен шаттыққа қауыштыру.

Ал енді осы мақсатқа жетудің механизмін қасиетті Құранның мына аятынан ұғынамыз: «Мен адамзат пен жындар әлемін тек қана Маған құлшылық етсін деп жараттым» («Зарият» сүресі, 56-аят)

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Бұл аятты әйгілі тәпсірші Ибн Аббас «Мені танып-білсін» деп тәпсірлеген болатын. Ендеше, бақытты болудың негізгі тетік-сырларының бірі – бізді жоқтан бар етіп жаратқан, бүкіл ғаламға билігі жүріп тұрған, Құдіреті шексіз Алла Тағаланы танып-біліп, Оның құдіретіне таң қалып, шариғатына бойұсыну болып табылады.

Анықтап қарасақ, бұл аятта да, жалпы Құран мазмұнында да адамдар өтірік-өсек айтсын, зина жасасын, пара жесін, қан төксін, бүлік шығарсын, ұрлық-зорлықпен айналыссын, біреуді біреуге айдап салсын деп жараттым делінбеген. Ата-анасына зекіп сөйлесін, туыстық қатынасты үзсін деген де мән жоқ.  Ендеше, бұл аталғандар құлшылыққа жатпайды, адамды екі дүниеде бақытты да етпейді.

Ал енді тағы бір аятта мынадай бұйрық бар: «Аллаға құлшылық жасаңдар, оған ешнәрсені ортақ етпеңдер. Ата-аналарыңа, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлыларға, туыстығы жақын көршілеріңе, жамағайын көршілеріңе, (сапарлас, сабақтас) жан жолдастарыңа, жолаушыларға, қолдарыңдағы құл мен күңдерге жақсылық істеңдер. Алла тәкәппар, мақтаншақтарды жақсы көрмейді» («Ниса» сүресі, 36-аят). Міне, бұл аятта айтылған істер құлшылыққа жатады және орындалған жағдайда адамды екі дүниеде бақытты етеді. Ислам дінінің кереметтігі осында. Бұл – бір ғана аяттың хикметі. Осы аталған істерді жасамай-ақ шаттыққа бөлініп жүрген бір кісі көрсете аламыз ба? Жоқ, бұларды орындамаған адам материалдық тұрғыдан бай-манап болуы мүмкін, бірақ бәрібір шынайы шаттыққа қол жеткізе алмайды.

Сондықтан Ислам дінін Жаратушы Раббымыз құлдарын бақытты ету үшін жіберген деп анық айта аламыз. Бірақ сол бақыттан ат тонын ала қашып жүрген замандастарымыз қаншама.

 Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ұятсыз адам кім?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121097 бөлісті
    Бөлісу 48439 Твитерге 30274
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00