Дүйсенбі, 2 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сәбиді өзге ананың емізуі дұрыс па?

10.01.2018
- Қоғам
0
5.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Егер сәби бір әйелдің сүтін еметін болса, онда араларында сүт туыстығы пайда болады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады»деген. (Бұхари) Яғни, сүт емізген әйел мен оның күйеуі, балалары және бауырлары сүт емген бала үшін туыс болып саналады.  Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ, қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ. Яғни, Ислам дінінде қыз бен жігіт бір-біріне туыс болмай, бірақ сәби кезінде бір ананың сүтін емсе яки ішсе онда олар да бір-біріне ана сүті жағынан туыс болып бір-біріне қосыла алмайды. Сүт ему жолымен харам болу үкімі нақтылануы үшін сүт емудің сәби шақта іске асуы керек. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша, сүт еметін сәби шақ екі жарым жыл деп есептеледі. Сүт бала болу үшін осы уақыт аралығында бір мәрте болса да тойып ему жеткілікті. Яғни, сәби екі жарым жасына дейін ең азы бір мәрте басқа ананың сүтін тойып емсе, сол ана мен оның күйеуі сәбидің сүт әке-шешесі саналып, олардың балалары мен бауырлары сәбидің сүт бауырлары санатына енеді. Сүт жағынан туыс болуы үшін ханафи мәзһабы бойынша келесі шарттар мен жағдай қажеттілігі айтылады:

1. Сүт бір әйелге тиісті болуы қажет. Ғалымдардың көпшілігінің көзқарасы бойынша сүт емізген әйелдің тұрмыста яки бойдақ болуы немесе күйеуінің жоқтығы нәтижені өзгерте алмайды. Сүттен басқа бір нәрсені, мысалы сары су, қан яки құсықты жеу сүт туыстықты тудыра алмайды.

2. Сүт емген баланың асқазанына жетуі қажет. Сүтті омыраудан ему мен бір ыдыстан ішудің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Бала омырауға аузын салып, бірақ сүт емгені белгісіз болса, онда сүт туыстығы орын алмайды. Өйткені күмәнді нәрсемен үкім берілмейді.

3. Емізу ауыз яки мұрын жолы арқылы болуы қажет, өйткені сүт тек осы екі жол арқылы ғана асқазанға жетіп, сіңуіне арқау болады.

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026

4. Сүттің басқа бір сұйық затпен араласпауы қажет, ондай жағдайда ханафи мәзһабы бойынша, көп болғаны негізге алынады. Яғни, сүттің көлемі көп болса, онда сүт тыстығы пайда болады. Дегенмен, Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша  бір затқа араласқан сүт аз болсын, көп болсын сүт туыстығы орын алмайды. Өйткені бұл қорек сүттің қуатын жоғалтады.

Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бұл жерде көпшіліктің көзқарасын негізге алады.

Сүт арқылы туыстықтың үкіміне келер болсақ, бір анадан сүт емген қыз бен жігіттер бір-бірлеріне үйлене алмайды. Білмей үйленіп, кейіннен білетін болса дереу ажырасулары қажет. Мұндай сүт бауырлардың қиылған некелері Әбу Юсуп пен Имам Мухаммед бойынша мүлде жарамсыз.

Сүт жағынан туыстар бір-біріне бөтен болмайды. Бір-бірлеріне еркін қарай алады, бірақ сүт анасы мен сүт бауырларына мирасқор бола алмайды. Сондай-ақ, сүт ана да сүт баласынан нәпақа сұрай алмайды. Әрі мирасқоры бола алмайды.

Сондай-ақ, емген баланың сүт анасының күйеуі де әлгі балаға сүт әкесі болып табылады. Сүт әкесі өлсе де, әйелінен ажырасса да әлгі балаға сүт әке болып қала береді. Сүт емген баласы да сүт әкесінің ұрпағы мен туыстарына үйлене алмайды, яғни сүт әкеге тиесілі барлық балалар әлгі сүт емген баланың сүт бауырлары болады.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Бөлісу134Твитерге84Бөлісу17Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
Ислам

Дұға мен тілек тілеудің әдебі

02.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құранда бұрынғы қауымдардың, пайғамбарлардың дұғалары аят ретінде берілуінің қандай хикметтері бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
Ислам

Дұға мен тілек тілеудің әдебі

02.02.2026
Чикагода қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтті
Жаңалықтар

Чикагода қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтті

01.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00