Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ислам мемлекеті» – күллі исламға жағылған жала

08.01.2018
- Ағымдар ақиқаты
0
178
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам деген сөздің өзі «тыныштық», «амандық», «бейбітшілік» деген мағыналарды білдіреді. Әр мұсылман өзара амандасқанда, біріне бірі: «Ассаламу алейум» – «Саған Алланың тыныштығы болсын!» деп тілейтіні баршамызға аян.  Сондай-ақ, Ислам діні түп-түгел мейірім мен рақымнан, жылылық пен жұмсақтықтан тұрады. Қасиетті Құранда бір кісінің өмірін қию бүкіл адам баласын түгел қырып тастаумен тең саналатын өте ауыр күнә екені айтылады. Кісі өлтіру, қалаларды өртеу, ғимараттарды қирату, жазықсыз жанға қару кезену – ешбір дәуірде Ислам діні бұйырған істер емес.  Сондықтан, аталмыш қылмыскер, қанішер тобырлардың ешбір ісіне «ислами» деген сөзді қосуға болмайды. Екіншіден, олардың бүлікті істерін «мемлекет» деп атау да жөн емес. Өйткені олардың басшылығын дүние жүзіндегі ақыл-есі бүтін мұсылмандар мойындап отырған жоқ. Тіпті, әлемге танымал ғалымдардың өзі олардың істерін айыптап, қаралайтынын ашық білдірген. Өйткені олардың жасап жатқандары Ислам шариғатының ешбір қағидасына сәйкес келмейді.

Мейірімнен жұрдай адам мұсылман емес аңдасаңыз, күн сайын намаз оқыған кісі кемінде қырық рет «Ар-рахманир рахиим» – «Алла аса мейірімді, рақымды» деген аятты оқиды. Әр кездеске адамға «Әс-салам!» деп бейбітшілік пен тыныштық тілейді. Дініміз Ислам адам түгіл малға зәбір көрсетуді құптамайтын мейірімге тұнып тұр. Екі дүниенің ең ардақты тұлғасы, Алла елшісін (с.ғ.с.) де Жаратушы Иеміз: «Біз сені ғаламдарға мейірім жаршысы етіп жібердік» деген аятымен таныстырады. Алла Тағала: «Менің рақымым барлық нәрсені түгел қамиды» деп бүл дүниеде мейірімнің рөлі қандай екенін айдан анық баян етеді. Ардақты адам былай тұрсын, небір жыртқыш аңдардың өзі жас төліне мейірім шуағын төгіп жүргенін көреміз.

Осының бәрін ұмытып, қолына қару алып, жас демей, кәрі демей, бала демей, әйел демей адам қырумен айналысып жүргендер бұл Исламның қай жағында жүргенін ойлап көрдіңіз бе? Жаратқан Иесі туралы еш болмаса титімдей түсінігі бар адам  «Аллаһу әкбар!» деп адам өлтірер ме еді? Балалар мен әйелдерді әлгінде айтылған қиянаттарға душар етер ме еді?  Ол жақтың  бір аты – Барса келмес!

Бүгінге дейін «әдемі сөйлейтіндердің» сөздеріне еріп қаншама боздақтар соғыс болып жатқан елдерге жетті. Ол жақтың бір атын «Барса келмес» деп атауға болатындай. Өйткені ол жақтың «көсемдері» ешбір адамды тірі қайтармауға ұйғарған. Дегенмен, жолын тауып бірді-екілі адам қашып шыққандар өз елдеріне келіп ол жақтағы «тозақ» өмірді айтып берген. Мысалы, Тәжікстан азаматы Бободжон Карабоевтың Сирияға барып басынан кешкендері ғаламтор бетінде жарық көрді (Қараңыз:

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Оның айтуынша, Сириядағы оқиғалар ешқандай жиһад емес, үлкен бизнес пен мол қаражат көзі. Отызға жаңа толған Бободжан  Сириядағы болып жатқан сұмдықтарды ең таза дін Ислам түгіл, жер бетіндегі ешбір дін атаулының өкілдері жасамас деген пікірді алға тартады. Оны 2015 жылы бір такси жүргізіп жүрген кезінде ДАИШ-тың  арбаушысы (вербобщик) «жақсы сөздер» айтып алдап түсірген. Көп кешікпей ол Сирияға жақын маңдағы жаттығу алаңынан бір-ақ шыққан өзі де сезбей қалған.  Бободжон да Сириядағы өзге тағдырластары секілді «жарқын болашақ», «Таза Ислам», «әділ басшылық» деген сияқты сөздерге сеніп қалған. Ал барғанда ол жақтан көргені бұл аталғандарға толықтай қарама-қайшы құбылыс болып шыққан.

Арбаушылар – өте тәжірибелі психологтар. Олар өз көкейлеріндегі жаман мақсат, жат пиғылға тезірек қол жеткізу үшін ең алдымен өмірде қиналып, шаршап жүрген адамдарды таңдап алады. Жұмыссыздық, отбасынан ажырағандық, ата-анамен түсініспеушілік, билікпен келіспеушілік олар үшін қармаққа түйрелетін «шылаушын» іспеттес. Сондай-ақ, бүгінгі қоғамдағы түрлі жағдайларға көңілі толмайтындарды да торларына өте оңай түсіріп алады. Әділетсіздік дегенді көп айтады. Мемлекетте болып жатқан бүкіл кемшіліктерді жіпке тізіп айтып шығудан да тайынбайды. Олардың айтқан сөздеріне қарап болып жатқан жағдайды дұрыс бағалау қабілетінен де айырыласыз. Мысалы, біздің елде мұсылманның бес парызын орындауға барлық жағдай бар. Тек әр адам соның жолын тапса болғаны. Намаз оқуға да, ораза ұстауға да бүкіл мүмкіншілік жеткілікті. Ал енді соған қарамастан «Сенің еліңде анау жоқ, мынау жоқ» деп діннің негізіне жатпайтын істерді айтып шығады. Мысалы, биліктегілер Исламды білмейді, мемлекет кредитпен күн көреді, автоинспекция қызметкерлері пара алады деген секілді сөздерді үйіп төккені сонша – бұл мемлекет шынында да, күпірліктің батпағында тұншығып жатыр екен ғой деген ойға қаласың.

Ал енді мәселеге сау ақылмен, ашық көзбен қарасақ, мәселе мүлдем ондай емес екенін көресіз. Барлық банк сені кредит алуға шақырып жатса да, сен оны алма! Біреу сені зорлап алдыра ма? МАИ қызметкерлері қанша пара сұраса да, сен оны берме! Жасаған кінәңді мойындап, айыппұлды заңды түрде кассаға апарып төле. Біреу сені пара беруге зорлай ала ма? Әрине, жоқ! Құлшылықтарың да сондай! Сен ретін тауып бүкіл күніңде немесе бүкіл түніңді Жаратқанға жалбарынып өткіземін десең де, саған ешкім қой демейді. Ендеше, өзіміздің тақуалықтан жұрдайлығымызды, еріншектігімізді, жалқаулығымызды ешкімнен көруге қақымыз жоқ. Барлық мәселе осында. Сен егер өз дініңді ешкімге зияныңды тигізбей ұстана алсаң, ешкім саған қой демейді. Міне, осы жағдайлар әр азаматтың ойында тұруы керек.

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Күндізгі ұйқының қаупі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00