Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қысқа балақ көңілге қаяу салады

20.12.2017
- Ағымдар ақиқаты
0
721
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әсілінде, Ислам қандай да бір шектен шықпаған киім киюге тыйым салмайды. Бұл жайлы Ахмет, Нисаи және ибн Мажадан келген риуаят бойынша ардақты Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар: «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер, қалаған киімдеріңді киіңдер бірақ, ысырапқа, өзімшілге жол бермеңдер», деген. Бұл хадиске қарайтын болсақ шариғи үкімдер бойынша киім киген адамның ниетіне назар аударылатынын байқауға болады. Ал, қысқа балақ киюге байланысты ардақты Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар бірнеше хадистер айтып кеткен. Мәселен, Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте: «Аллаһ Тағала қиямет күні киімін тәкәппарлықпен төмен түсірген адамға қарамайды»,  Мүслим риуаятында келген хадисте Аллаһ елшісі: «Аллаһ Тағала үш адамға қияметте сөйлемейді де қарамайды және оларға ауыр азап болады: (мусбил – балағын төмен) түсірушіге, өсекшіге және екізүздіге», деген. Бұл хадиске түсініктеме берген ғалым Имам әл-Мунзари былай деген: «мусбил – тәкәппарлықпен, өзімшілдікпен киімін жерге салбыратын жүретін адам».

Сонымен қатар Имам Бұхари өзінің «Сахих» кітабында «Киімін тәкәппар ниетінсіз төмен түсіретіндер» бөлімінде мынадай риуаятты келтірген: «Бірде Әбу Бакр пайғамбардың:«Аллаһ Тағала қиямет күні киімін тәкәппарлықпен төмен түсірген адамға қарамайды», деген хадисін естіп Алланың елшісіне (с.а.у.): «Уа, Расуллаһ! Менің киімім бойымнан төмен түсіп кете береді, сонда менің халім қалай?», дегенде пайғамбар (с.а.у.): «Сен тәкәппарлықпен жасайтын адамдардың қатарынан емессің», деген екен. Демек, хадистерге сүйнсек балақтың тобықтан төмен болуы ниетке байланысты екенін аңғаруға болады. Егер хадистерде адамның ниеті тәкәппарлықты көздемесе балақты ұзын етіп киюге болатындығы айтылып тұр.

Сонымен қатар көптеген Ислам ғалымдары да осы көзқарасты алға тартқан. Мәселен, Имам Әбу Ханифаның өзі дәулетті ғұмыр кешкендердің бір еді. Ол бір күні киімін жерге дейін салбыратын көшеде келе жатқанда оны көрген бір кісі келіп оған: «Бізді бұлай киінуден пайғамбар (с.а.у.) тыймаған беді?», дейді. Сонда Имам: «Ол тек тәкәппарланып киінгендер үшін айтылған ал, біз олардың қатарынан емеспіз, деген екен » (Ибн Муфлих – «Әдәб  аш-шарғия» кітабынан).

Имам Шаукани «Найлу Аутар» кітабында жоғарыдағы хадистерге түсініктеме бере отырып: «…тәкәппарлық ниеті жоқ адамдар бұл хадистердің мазмұнына кірмейді», деген.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Сәләфизм бағытының көрнекті өкілі Ибн Таймия өзінің «Мажмуатул фатауа» кітабында  қысқа балақ туралы былай деген: «Адам жақсы ниетпен кисе сауап алады ал, жаман ниетпен кисе күнәлі болады. Сол сияқты кімде кім киімді мал-мүлкін көрсету мақсатында тәкәппарланып кисе онда күнәхар болады. Себебі, Жаратушы тәкәппарлар мен өзімшілдерді жақсы көрмейді. Ал, кімде кім Аллаһтың берген ризығына сай киінсе онда ол сауапты болады. Сондықтан мұндай мәселе адамның ниетіне байланысты болады», деген екен.

 Сонымен қатар қысқа балаққа қатысты Мысырдың Пәтуа шығару басқармасының (Дар әл-Ифта) берген түсініктемесінің мазмұны мынадай: «Егер киімді ұзын етіп кию белгілі бір қоғамның салт-дәстүрі немесе сол қоғамда мұндай киім үлгісі әдетке айналған болса онда ол харам үкіміне жатпайды. Себебі, ұзын киім ол тәкәппарлық ниетінде ғана харам болады». Сондықтан Исламды ұстанып мұсылман болғаннан кейін ондағы мәселелрдің ұғымын тар етіп қабылдамай, жан-жақты ізденіп барып қана бір шешімге келген жөн. Келте балақтың дұрыс екендігін алға тартқан алымдардың басым көпшілігі Сауди Арабия, Шам секілді елдерің тумалары. Олар мұндай шешімді өздерінің қоғамына қарай отырып шығарған. Ал, қазақ жеріне мұндай сырттың ұстанымы қашанда жат. Себебі, «Әр елдің салты басқа иті қара қасқа» демекші, біздің өз дүниетанымымыз бар және олар Ислам дініне қайшы келмейтіні белгілі. Сол үшін келте балақ қазақ қоғамының сұранысына ие емес әрі мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудыратын жат ұстаным екенін түсінген жөн.

 

Асхатұлы Жалғас,

дінтанушы

Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адал мен арам

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00