Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандағы салафизм: қоғамға кері әсері және радикализммен күрес

22.12.2017
- Ағымдар ақиқаты
0
314
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан дінтанушыларының 7-форумында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев тайға таңба басқандай нақты жауап берді. Министр: «Кейбір адамдар мемлекет ұстанымына қарсы шықпаймыз, Елбасының саясатын қолдаймыз деп айта тұра, бірақ, мәселен, мектеп киім үлгісін сақтау туралы нормативтік құқықтық актілерді бұзады; заң талаптарына қарамастан өздерінің діни бірлестіктерін тіркеуден әдейі бас тартады; діни уәждерімен екпе егуден, қан құюдан бас тартады; интернеттен шетелдің радикалды дін уағыздаушыларының дәрістерін жүктеп таратады, Елбасымыздың қазақстан халқына және салт-дәстүрлеріне жат сыртқы көріністерге жол бермеу туралы айтқандарына қарамастан, басқа елдерге тән қара киім кию, жағымсыз мұртсыз сақал қою, қысқа шалбар киюді жалғастыруда» – екендігін атап өтті.

Қазақстан  зайырлы мемлекет бола тұра, рухани-адамгершілік, мемлкеттің дін саласындағы  үдерістерді саралай келе министірлік тарапынан маңызды көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын көзі қарақты кез келген азаматтардың хабардар екендігін айтуға болады.

Дін мәселесі нәзік мәселе. Сондықтан, азаматтарымыз осы мәселеге қырағылық танытса, онда кез келгеннің ұтары көп болар еді. Әсіресе бүгінгі ең өзекті тақырыптардың бірі салафизм ағымына қатысты мәселені айтуға болады. Жоғарыда тілге тиек етілген министр сөзінің түп төркіні салафизм ағымының сыртқы белгілері мен ұстанымдарына қатысты екендігін білуге болады.

Бүгінгі «салафизм» ағымының ешбір ғылыми мазмұны да, мұсылман жамағатына сәйкесетін тұсы да жоқ. Біз білетін бір ғана анық нәрсе –  «салафия» сөзі тек қана тарихтағы «өткен уақыт бөлігін» білдіретіндігі. Бұған бар қоса алатынымыз Мұхаммед пайғамбардың ол кезеңді абзалдықпен сипаттағандығы. Ал бүгінгі таңда өздеріне «салафизм» деп ат беріп,  исламның қайнар көзі Құран мен сүннетті шынайы түрде ұстанған мұсылмандардан өздерін ажыратып тұратын белгі, ерекше сипат ретінде қолдануда. Олар кез келген мәселеге қасарысып қатып қалған. Керісінше, исламның алғашқы үш ғасырлық дәуірінде өткен алдыңғы толқын мұсылмандардың сөздерінде, күнделікті істерінде қатып қалмағандығы тарихтан белгілі. Алдыңғы толқынның Құран мен хадисті түсінуде ұстанған жолдары –діннің ішкі ғылым саласы екендігін аңғаруға болады. Бұл – мұсылмандардың исламды іс жүзінде асырудағы ұстанатын жолы, төрт мәзһаб осы ғылым аясында құрылған. Сондықтан, бүгінгі салафизм идеологиясы Хақтың нақ жолынан алыс екенін көреміз.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Осыдан біршама уақыт бұрын елімізде салафизм ағымын ұстанушылар өздерін «салафиміз» деп ашық айтпаушы еді. Енді соңғы уақытта «сақал қойып, балақ кесіп, салафи ағымында екенімізді ашық білдіріп отырмыз» – деп кейбір БАҚ құралдарына сұхбат беруде. Өздерін еліміздегі өзге мұсылмандардан ерекше, шынайы исламды насихаттаушылар мен ең дұрыс үлгіде ұстанушылармыз деп көрсетуде. Олардың бет-бейнесін танып білмеген, діни санасы толық қалыптаспаған жастар – осы ағымның және сол ағымдағылардың ізінен еру, олар қайда барса сонда бару, этика негіздерін олар неге негіздеп құрса соған негіздеп құру, олар неге қарсы күрессе, соның барлығымен күресу деп ойлап, салафизм идеологиясының құрығына ілініп қалып жатады. Уланған санасы осылайша өзгелердің айтқан сөзіне құлақ аспай, имамның уағызын тыңдаудан қалады. Тыңдамауларының себебі «бас тартуға болмайтын шешімін» қабылдап қойғандығы. Біржақты шешім қабылдағаннан кейін, олар мұсылман жамағатын екі бөлікке бөліп отыр. Әуелгі топ – салафизм, ақиқатты бір өзі біліп, бір өзі ұстанады. Екінші топ – бидғатшылар, яғни олар ақиқаттан жырақ, адасушылық жолындағылар деп есептейді. Олар өздерін ислам әлеміндегі түрлі халықтың этномәдени, тарихи және өзге де ерекшеліктеріне негізделген барлық «жат», «кірме» түсініктер мен тәжірибелерден тазарту жолында күрес жүргізуді өздеріне міндет етіп қойған.  Салафизм исламдағы барлық жаңалықтан бас тартуды, әуелгі догмаларға қайта оралып, оның қатаң түрде, дәлме-дәл  орындалуын талап етеді. Олар үшін дамудың кез-келген түріне жол жоқ. Тіпті, жиһад ұғымын бұрмалап, оны қарулы күрес ретінде, біржақты ғана ашықтайды. Сондай-ақ, олар бұл күресті барлық мұсылмандардың өмір сүруінің жалғыз, әрі шынайы формасы ретінде  қоғамға таңып қояды.  Ал жиһадтың дәстүрлі мағынасы – өзіңнің бойыңдағы нәпсілік кем-кетіктеріңмен күресу болып табылады. Сонымен қатар Құдай мен құл арасындағы кез-келген «дәнекерлікті» жоққа шығарады. Осылайша барлық сүннет жолын ұстанған  мәзһабтармен қақтығысқа түседі.

Ал, Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін исламның дәстүрлі формасы ханафи мәзһабы қоршаған әлемді интеллектуалдық тұрғыда қабылдауды бағдар еткенін білеміз. Осылайша әлемге әйгілі төрт мәзһабты ұстанатын елдер мен мемлекеттер әлемдік мәдениет пен ғылымның қазынасына қомақты үлес қосты. Осы орайда айта кететін жәйт елдегі дәстүрлі ханафи мәзһабы білім мен ғылымға, рухани  кемелденуге тәрбиелей отырып, елімізді дамыған мемлекеттер қауымдастығына ұмтылудың тамаша идеологиялық платформасы болып табылады.

Әлемде дінді саясатқа айналдырушылар аз емес, соның салдары біздің де елге жетті. Оның зардаптары қашанда ауыр. Олар ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруімен бірге, ондаған, жүздеген тағдырлардың күйреуі мен  шаңырақтардың шайқалуына себепкер. Ал мемлекет өз азаматтарының рухани-адамгершілік саулығына қандай да бір деструктивті идеологияның қауіп төндіруіне және діни  радикализмге жол бере алмайды.

Тұрар ӘБУОВ,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығы Талдау жұмысы бөлімінің басшысы

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әділдік

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00