Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ананың дұғасы

09.12.2017
- Ғибратты әңгімелер
0
390
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұса пайғамбар мәңгілік көршісінің қандай сауапты істерімен жаннаттық дәрежеге жеткенін білуге құмартып, іздеп жолға шығады. Көп сапар шегіп, көршісі мекен ететін шахарға кеп қасапшыны тапқанда:

– Әй, пәленше, мен саған құдайы қонақпын, – дейді.

Қасапшы бейтанысты көріп кім екенін білмесе де құрақ ұшып:

– О не дегеніңіз?! Алла разылығы үшін есігіміз қашан да ашық. Кешкісін үйге жүріңіз, – дейді.

Шыдамдылық пен сабырсыздық

Шыдамдылық пен сабырсыздық

25.08.2025
«Кеше рас айттым, бүгін жалған сөйлемедім»

«Егер сені онда көре алмасам мен не істеймін?»

23.08.2025

Күн батып, ақшам түскенде, екеуі үйге бірге қайтады. Қасапшы жол-жөнекей қолындағы дорбасы толғанша жейтін оны-мұны сатып алады. Шаңырағына келгеннен кейін «Менің тағы бір аса қадірлі қонағым бар еді, рұқсат етсеңіз, алдымен сол кісінің қалын сұрап, жағдайын реттейін, сіз сәл дем ала тұрыңыз» дейді де, төсекке таңылған кәрі дімкәс кісіні еппен тұрғызып, жас балаша аялап күтімін жасап, киімін ауыстырады. Тамағын беріп, барлық қызметін атқарған соң оны бұрынғы орнына қайта жатқызады. Әлгі кейуана оған бірдеңе деп күбірлейді, бұл «Әмин» дейді де Мұса пайғамбардың жанына келеді.

Оның іс-әрекетін бақылап отырған Мұса пайғамбар (а.с.) одан «Асты-үстіне түсіп сонша бәйек болдың, бұл кісі кім еді?» деп сұрайды.

Қасапшы:

– Бұл кісі – менің анам. Мені өмірге әкеліп кішкентайымнан бар ауыртпалығыма шыдап, мәпелеп өсірген қымбатты шешем. Қартайған шағында мен де қолымнан келгенше жақсы қарап, өзімнің парызымды өтеудемін, – дейді.

– Анаң саған бір нәрсе деп күбірледі ғой, не деді? – дейді пайғамбар.

– А, әлгі үнемі аузынан тастамайтын дұғасын айтасыз ба? Мен өзіне қызмет жасаған сайын разылық танытып «Аллаһ тағала сені жұмақта Мұса пайғамбарға қоңсы етсін» деуден жалықпайды. Ондай дәрежеге жете алмасымды білсем де, көңілі үшін «Әмин» деп қоямын…, – дейді қасапшы күлімсіреп.

Осы кезде Мұса пайғамбар (а.с.):

– Саған үлкен сүйінші хабарым бар! Сол Мұса пайғамбар менмін. Дұғамда Аллаһ тағала менің жұмақтағы көршімнің өзің екенін білдірді. Қандай сауапты ісі барын көрейін деп іздеп келгенім де сондықтан еді. Айтар ақылым, дәл осы қалпыңнан таймай, анаңның ризашылығын ала бер, – деп, анасын құрметтеген, кең жүректі қарапайым қасапшыны шексіз қуанышқа бөледі. 

Құдайберді БАҒАШАР

Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нағима Байтенова: Қоғамның дамуына ғылым-техника да, дін де өзіндік үлес қоса алады!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою