Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алла бізге қазақ тілі мен қазақ дәстүрін берген

03.12.2017
- Қоғам
0
98
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 Ислам діні ешбір адамды дініне, нәсіліне, тіліне қарап бөлмейді. Аллаһ адамзат баласын түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөліп жаратқандығының астарында бөлінушілік емес, керісінше танысу, татуласу, қоғамның ілгері дамуы үшін бір-бірімен ақылдаса отырып жұмыс жасау секілді мақсаттар жатыр. Сондықтан  Ислам көзқарасында барлық адамзат тең. Бай мен кедейдің, үлкен мен кішінің, ер мен әйелдің арасындағы қарым қатынастың бұзылмайтынын бақылайтын негізгі жүйелерді біріктіруші кітап – Құран. Құран Кәрім өз кезегінде қазіргі таңда орын алып жатқан адамдардың арасындағы зұлымдықты, әділетсіздікті, қиянатшылықты жоюға қарсы тұратын иммунитет. Осыған байланысты ислам әлемінде белгілі тәпсірші ғалым Мұхаммед аш-Шарауи Құрандағы әділеттілік жайлы былай деген: « Құрандағы әділеттілік қағидасы ол тек мұсылмандар үшін ғана айтылмаған. Бәлки, жалпы адамдар үшін айтылған. Сондай-ақ, Алла Тағала бізден кез-келген аманатқа қиянат жасамауға бұйырады. Бұл да өз кезегінде жалпы адамзатқа айтылғанын байқауға болады».

Демек, Ислам адамдар арасында тепе-теңдік қағидатын орнатқан. Ендеше, өзге дін өкілдері туралы Исламның ұстанымына зер салып көрелік. Құран Кәрімнің мазмұнына қарайтын болсақ онда кітап иелеріне (христиан, иудаизм) деген Жаратушының мейірімді қарым-қатынасын аңғаруға болады. Мәселен, Аллаһ Тағала оларға қатысты сөйлегенде: «Әй Кітап иелері!», «Әй Кітап берілгендер!» деп 61 аятта жұмсақтықпен үндеу тастаған. Демек, Жаратушының алдында кітап иелерінің құрметі ерекше болып отыр. Себебі, оларға да ертеде Аллаһ тарапынан арнайы елшілер мен қасиетті кітаптар түсірілгені белгілі.

Сонымен қатар кітап иелеріне байланысты аяттар негізгі деген үш мақсатта түскен. 1) Тура және ақиқат жолдан таймай, бір Аллаһқа иман келтіруге шақырған. 2) Оларға келген елшілердің жолынан таймауға және соңғы елші Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар ілгерідегі елшілердің жолын жалғастырушы екенін таныту. 3) Пайғамбарлар жолын жоққа шығармау, ақиқаттан теріс айналмау. Осындай Жаратушының үндеуінен ауытқымай, тақуалық танытқан пенделер Құранда былай сипатталған: «Шын мәнінде Кітап иелерінің ішінде Аллаһқа иман келтіріп, сендерге түсірілген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Аллаһтан қорыққан түрде сенетіндері де бар». Сонымен қатар өзге дін өкілдері Құран түскен заманда ақиқатты танығандығы туралы келесі аятта былай баяндалады: «Олар (христиан өкілдері) Пайғамбарға түсірілген Құранды тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан ете гөр!»,- дейді». Сайып келе, Аллаһ Тағаланың өзі Құранда өзге дін ұстанушыларына жұмсақтық таныту арқылы үндеу тастаған болса, онда Аллаһқа иман келтірген кез-келген мұсылман оларға жоғарғы дәрежеде құрмет көрсетуі міндет болады.

Материалды дайындаған Г.Шарханқызы

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Арақ – апат

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00