Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ағымнан қайтқан азамат: Өзгенің «өсиетін» өнеге тұтпаңыздар!

27.12.2017
- Ағымдар ақиқаты
0
98
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шуақ ауылындағы ескі әскери қалашық. Қалашық ауласында – түзету мекемелерінің кешені. Солардың бірінде бүгінгі сұхбаттасымыз өз мерзімін өткізіп жүр.

Кең бөлмеге жарқын жүзді, ұзын бойлы, мығым денелі жігітті кіргізді. Өзін сыпайы ұстаған, байсалды жігіт сәлемдескен соң, әңгімесін бастады.

–  Қазақтың қарапайым көп балалары секілді өстім. Мектепте «жақсы» мен «үздік» деген бағаға оқыдым. Мектептен соң «Қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін бітірдім. Құрылым компаниясында біраз жылдар жұмыс істедім. Екі жылдан соң жоғары заңгер білімін алдым. Әкімдіктің облыстық құрылыс басқармасында, мемлекеттік сатып алу бөлімінде қызмет еттім. Жұмысым оңға басты. Бірақ одан да биік жетістіктерге жететініме кәміл сенгендіктен, қызметімді тастап, мұнай бизнесімен айналысатын компанияға кеттім. Бұл жерде де кәсібіміз өрге домалап, халықаралық нарыққа шыға бастадық…

Бауыржан біраз кідірді.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

–  Сосын.., – деді дауысы бәсеңдеп, – әкем қайтыс болды. Бұл 2008 жыл еді.

Асқар тауы әкесінен айырылған Бауыржанның жанына тағы бір қайғы жамалды – көлік апатынан жолдасы қайтты. Оның артынан туған қарындасы да мезгілсіз көз жұмды.

–  Бұл бір көзімді ашып-жұмуға, есімді жиюға мүмкіндік бермеген, қазір есіңе де алғың келмейтін кезең… Өзімді қоярға жер таппадым… Мешітке келдім.

–  Қиыншылықты жеңуге есік ашылғандай болды ма?

– Иә, солай. Мешітте жаңа адамдармен таныстым, олардан келешек тағдырымды айқындаған бастапқы білімдер алдым. Содан кейін көп білуге құмарттым.

–   Қай білімдерді айтып тұрсыз?

– «Таблиғи Жамағат». Исламда мұндай ағым бар. Үндістанға бардым, себебі бұл ағым ол елде қатты дамыған. Артынша Бангладешке соқтым. Түпнұсқаны түсіндіруші адамдармен сөйлестім.

–  Қай тілде сөйлестіңіз?

– Ағылшын тілінде еркін сөйлеймін. Сол жақтың адамдары кілең ағылшын тілінде сөйлейді.

– Бірақ интернетті ақтарсаңыз, «Таблиғи Жамағат» туралы ақпараттың бәрі үрейлі ғой…

– Бәрі дұрыс… Бір нәрсенің басын ашып алайық – ағымның терроризмге тікелей қатысы жоқ. Ағым ешкімді жиһадқа шақырмайды, онда шахидтер жоқ, ашық агрессияның көріністері байқалмайды. Бірақ ол басқа дінге төзімсіздікті насихаттайды. Барлық бәленің басын осыдан – діни қарама-қайшылықтардан. Ақыр соңында мұндай идеология адамдарды араздастырып, ажыратады, қоғамды іштен шірітеді екен. Арты ұлттық идеяға балта шауып, нәтижесі – мемлекетті ыдыратады.

– Өзіңізбен кездескен дін уағыздаушылардың исламның дәстүрлі бағытын ұстанатын мұсылмандардан ерекшелігі бар ма? Мәселен, сырт келбеті басқаша ма? Болмаса, сөйлеу мәнерінде айырмашылық бар ма?

Бауыржан сәл жымиды.

– Сырт келбеті дейсіз бе? Сақалын меңзеп тұрсыз-ау деймін? Ақсақалдарымыздың жартысында сақал бар. Олардың барлығын сонда радикал дейміз бе… Жоқ, сырттай олар біз бен сіздерден еш ажырамайды. Ондай адам сәнді киінген немесе сақал-мұрты таза алынған болуы мүмкін. Өзгешелік басқада: олардың көптеген затқа көзқарасы дәстүрлі емес болуында. Ондай адамдар қоғамдық, ұлттық және діни дәстүрлерге қастықпен қарайды. Дәстүрлі мұсылмандардан айырмашылықтары да осында. Олар өзіміз үйреніп қалған көп заттарды мүлдем қабылдай алмайды. Сондай-ақ, тұтас аудиторияның немесе жекелеген адамдардың сауатсыздығын пайдаланып, өз сеніміне кіргізіп алады. Кей жағдайда, арасынан мен сияқты адасқан адамның санасы мен жүрегін жаулап алатындары кездеседі.

Шынымен-ақ, бүгінгі кейіпкеріміздің де екі бірдей жоғары білімі бар, ағылшын тілін жетік меңгерген. Алайда, мұндай еркін ойлы азаматтың да санасы күшті сыртқы әсерге қарсы тұра алмаған.

–  Таблиғи Жамағаттың қызметіне Қазақстанда шектеу қойылғанын білмеп пе едіңіз?

– Білгенмін. Өскеменде бірнеше рет имамдар айтқан еді. Полиция қызметкерлері де ескерту жасап, тоқтау салған сәттері болды. Бәрібір дін уағыздаудан қайтпадым, «Таблиғи Жамағат» қағидаларын түсіндіруден танбадым. Сосын пікірлестеріммен бірге көзге түстім… Бірақ арты осылай боларын ұғынбадым – көп болса, айыппұл немесе жеңіл айыппен құтыламын деп ойлаған едім.

–  Пікірлестерім деп айтып қалдыңыз, олардың саны қанша? Олар да шетелден тәлім алған ба?

–   9 адам. Арамызда шетелде оқығаны – мен ғана.

–  Жақындарыңыз немен айналысып жүргеніңізді білген бе?

– Жоқ. Олар ештеңеден бейхабар еді. Әйеліме де айтқан жоқпын. Себебі, Таблиғи Жамағаттың тарихында отағасы отбасын тастап, 1 айға немесе одан да көп уақытқа кеткен кездері жиі кездеседі. Қозғалыс идеяларын тарату отбасы мүддесінен де жоғары. Бұлай діни фанаттар ғана жасайды. Бағыма орай, мұндай күйден бізді аман алып қалды – дер кезінде тоқтатты.

–  Бас бостандығыңызды қандай мерзімге шектеді?

–   2 жыл 6 айға соттады.

Сұхбаттасымыздың жүзінен қандайда бір ыза-реніштің сезімі байқалмады. Ақиқатын айтқанда, күтпеген жағдай болды.

–  Сот үкімі әділ болды деп санайсыз ба?

– Қазір әрекеттерімнің дұрыс болмағанына толық көзім жетті. Үлкен қателік жасаппын. Әрине, үкім әділ шығарылды. Себебі, ойланып қорытынды шығаруға уақыт берілген еді. Өкіндім. Қазір маған қол ұшын берген адамдарға алғысымды айтамын.

– Қандай адамдарды айтып отырсыз? Олармен үкім шығарылған соң сөйлестіңіз бе?

– Иә, олармен осы жерде кездестік. Маған үнемі келіп тұрады. Олар – дін мәселелері жөніндегі бөлім қызметкерлері мен психологтар. Өте мықты және сауатты мамандар. Олар адасуымның себептері мен мән-жайын айтып түсіндірді.

–   Және?

– Мен Таблиғи Жамағат идеяларынан тастап, дәстүрлі исламға қайта оралдым. Демократиялық мемлекетте Таблиғи Жамағаттың идеяларын насихаттау тұйық жол деп санаймын. Бұл – өркениетті демократиялық мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қайшы жол. Түрмеге апаратын жол. Сондықтан, қайталап айтамын: менің басымда болған оқиға өте әділ шешімі шығарылған жайт, басыма бәле тілеп алған да өзім. Сүрінгеніме қатты өкінемін.

–  Қазір немен айналысып жүрсіз?

– Көп оқимын. Көлік жөндеу ұстасында оқып жүрмін. Басында наубайшы бастап едім, бірақ нан пісіру қолымнан келмеді. Жұмыс істеймін. Басқаларды білмеймін, бірақ маған қатты ұнайды. Қол қусырып отыра алмаймын. Мұнда көп нәрсемен айналысуға мүмкіндік жасалған: орта мектеп жұмыс істейді, кәсіптік техникалық білі алуға болады. Жалпы, осында өткізген кездерім барлық жағынан пайда әкеледі деп ойлаймын.

– Бір жылдай уақытыңыз қалған екен. Бостандыққа шыққан соң не істейсіз?

– Әрине, жұмыс істеймін. Бостандықта отбасым бар. Кішкентай ұлым мен қызым күтіп отыр. Қазір бала бақшада, – деген сәтте Бауыржанның жүзі жылып қоя берді.

–  Біздің редакция арқылы қазақстандықтармен тілдескіңіз келіп еді…

– Мүмкіндік бергендеріңізге мың алғыс. Мұсылмандарға менің қателіктерімді қайталамаңдар деп айтқым келеді. Менің тағдырым басқаларға сабақ болса екен деймін. Күдікті діни сайттарға кірмеңіздер, олардан туындаған сұрақтарға жауап іздемеңіздер, қиындықтан, басқа түскен қатерден құтылудың амалын іздеп әуре болмаңыздар. Өзін-өзі сайлаған жалған үгіттеушілерден сақ болыңыздар. Үй-үйді аралап, пәтер кезіп, түсініксіз жерден алған жалған «өсиетті» өнеге тұтпаңыздар. Бәріміз де мұсылманбыз. Мұсылман адамы – міндетті түрде күн сайын 5 реттен намаз оқыған адамдар ғана емес. Мүфтияттың ресми тексерілген мәліметтерін қараңыз, ғалымдарынан көмек сұраңыз. Арамызды ажыратпай ұстауымыз керек. Діни араздық – қоғамды ірітетін, мемлекеттілікті жоятын жол. Ел игілігі жолында, ата-ана мен ұрпағызыңдың бақыты үшін қызмет етіп, өмір сүріңіз. Мемлекеттің заңдарын құрметтеңіз. Сіздерге бақыт тілеймін! Отбасында бейбітшілік үстем болсын.

KazIslam.kz

Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қолы ұзын адам

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00