Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отан, ұлт, мәдениет киелі тұғырлар

22.11.2017
- Қоғам
0
92
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ тәуелсіздік жылдары туған тілімен, дәстүрлі дінімен қайта қауышты. Әлбетте, «дін – ұстай білсең қасиет, ұстай алмасаң қасірет» деген бабаларымыз оны халықтың болмысына сіңірген. Қазақ даласына VIII-ғасырдың ортасында келген ислам діні X- ғасырдың аяғына қарай Жетісу мен Сырдария бойындағы халықтың негізгі дініне айналды. Ал Оңтүстіктегі  көшпелі халықтың арасына исламды таратудағы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидың еңбегі тіптен ерен. Әйгілі Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге кесене салғызуының өзі біздің діннің берекетінен хабар берсе керек. Қазір бұл тарихи жәдігер – тек Қазақстандағы мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіші ғана емес, әлемдік мәдениетте орны бар озық үлгідегі туындының бірі. Тіпті, ислам діні қазақтың хандық дәуірінде де біздің халықтың басты тірегі болды. Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол, әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» түгелімен шариғатқа негізделген. Демек, біз ұстанған діннің ата дәстүрмен астасып жатқандығына күмән келтіру еш қисынға келмейді.

Бұл туралы ҚМДБ Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы; «Біздің дініміз ата-бабамыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып кеткен. Мәселен бір мақал-мәтелді алатын болсақ, соның астары құранда немесе хадисте бар. Қандайда бір өзіміздің дәстүрімізді алатын болсақ, бұл дінімізбен біте қайнасып кеткен. Яғни, бүгінгі таңда дінді бөлек, салт дәстүрімізді бөлек қарауға болмайды. Біз салт дәстүрімізді, дінімізді халқымызға бірге сіңіруге тырысуымыз керек. Біз кешегі қиын заманда, дінімізге тыйм салынған заманда біздің дінімізді дәстүр сақтап келді. Біз бүгінгі күнге дінімізді дәстүр арқылы», жеткіздік деген пікір білірсе, дінтанушы Әшірбек Муминов «Ислам діні түрлі қоғамдарға кіргеннен кейін, мысалы оның географиялық, мәдениеттік элементтерін қабыл етеді. Ол да ислам өркениетінің бір бөлігі болып есептеледі. Қазақ мәдениеті – ислам цивилизациясының бір бөлігі» дейді.

Ислам – адам бойына имандылық пен ибаны, әдеп пен мәдениетті, кісілік пен кішілікті ұялататын дін. Қазақтың отбасылық өміріндегі тәлім-тәрбие мен исламның арасында ешқандай алшақтық жоқ. Керісінше, бірін-бірі толықтыра түсетін ұқсастық көп. Яғни, «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халық, бала шыр етіп дүниеге келген күннен бастап оның бойына имандылықты сіңіруі, өсе келе ешкімнің ала жібін аттамай, адал жүр деп аманаттауы – Жаратушының сөзі жазылған Құранмен үндесіп жатыр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытауда берген сұхбатында: «Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахабалары тұсындағы дінге деген ұмтылыс жаулап алу ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда  діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек» деді.

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025

«Отанды сүю – иманнан», мұсылманның мұсылмандығы оның туған еліне деген махаббатында, себебі біз тәуелсіздікке талай тар жол, тайғақ кешумен келдік. Ал тәуелсіздік болмаса, діннің де болашағы бұлыңғыр болар еді. Бұны діни алауыздықтың кесірінен, бүгінде іргесі ыдырап, берекесі кеткен елдердің тағдырынан аңғару әсте қиын емес.

Президенттің сөзіне ҚМДБ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы; «Ислам діні толық болуы үшін елбасымыз айтқандай біз ата-анаға қамқор болуымыз керек. Жетім-жесірлерге қамқор болуымыз керек. Отанды қорғауымыз керек, елді бірлікке шақыруымыз керек, қайрымдылық іс шараларын көп жасауымыз керек. Расында да ислам діні осылармен толық болады. Дін деген қоғамды біріктіретін нәрсе, егер біз діннің осы жағын тастап қойсақ, қоғам бірікпейді» деп өз пікірін білдірген.

А.Әбуов,

Ф.ғ.д., профессор

Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәулітті «бидғат хасана» деуге Құран мен сүннеттен дәлел бар ма?

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00