Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәзһабқа бөлінушілік: ақида ағымдары

28.11.2017
- Ағымдар ақиқаты
0
279
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Уасыл, Азариканың (ғалымның есімі) бүлігі тұсында Хасан әл-Басридың шәкірттерінің бірі еді. Бұл дәуірде ғалымдар мұсылман адамның үлкен күнә жасауына байланысты кәпір немесе мұсылман болып қала беру мәселесіне қатысты  түрлі ақидалық көзқарастарға бөлініп жатқан кез болатын.

Кейбір топ, егер адам кіші немесе үлкен күнә жасаса онда ол – Аллаға серік қосқан болып табылады деген пікірді ұстанды. Бұл харижиттерден Азариканың көзқарасы еді. Бұлар «кәпірлердің балалары да кәпір саналады, сондықтан мейлі ислам қоғамынан болсын, мейлі оның сыртынан болсын күнә жасап, қарсы келген адамдарды және олардың әйелдері мен балаларын өлтіруге рұқсат» деп сенді.

Ал енді харижиттердың «Суфрие» деген бағыты күнә жасағандарды Азарика секілді кәпір санайтын. Тек ондайлардың балаларын өлтіру мәселесінде Азарикаға қарсы шықты.

Харижиттерден Нажедат болса – ислам уммасы харам деп бірауыздан қабылдаған амалды жасаған адам кәпір, ал харам болып болмағандығы туралы бірлік жоқ мәселеде ғалымдардың шешіміне жүгіну қажет деген пікірді қолдады. Сондай-ақ, Нажедат білместікпен харам жасап қойған адамды кешіру керек және оны қайта жасамасын деп ескерту қажет деді» [1].

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Харижттен болған Ибадия болса: «Жазасы белгілі бір күнә істі жасаған адам құдіретті Алла Тағаланы және Одан келген бұйрықтарды білгендігінен ширк күпірімен емес, нығмет күпірімен (куфрани-нимет) кәпір саналады», – деген пікірді ұстанды.

Дегенмен сол ғасырдың басым ғалымдары, мынадай пікірді ұстанды: «Мұсылман арасынан үлкен күнә жасаған адам Алладан келген кітапты (Құранды) танып, пайғамбарларды мойындағандықтан, сондай-ақ үлкен күнәлардың дұрыс еместігін білгендіктен мумин (сенуші, иман келтірген) болып саналады. Тек жасаған үлкен күнәсіне байланысты пасық болмақ. Пасықтық оның иманы мен ислами қасиетін өшіре алмайды».

Басра және Евхазда Азарика себебші болған бүлік бой көрсеткеннен кейін  адамдар күнә жасғандардың жағдайы туралы бес түрлі көзқарасқа бөлінді. Васыл ибн Ата болса барлық мәзһабтардың көзқарастарына қарсы шығады. Оның пікірінше: Ислам үмбетінен саналатын фасық – мумин де, кәпір де емес деп фасықты иман мен күпірліктің арасындағы бір орында тұрады деп көрсетеді.

Уасыл бұл кезде Хасан әл-Басридің шәкәрті болған. Ол Уасылдың бұрынғы бүкіл мәзһабтарға қарсы айтылған бұл пікірін естігеннен кейін: «Иғтазала Василь ғанна» (Уасыл бізден бөлініп кетті) деп оны шәкірттерінің қатарынан сызып тастайды. Осылайша Уасыл Басра мешітімен қош айтысады. Бірақ, Уасылдың қасына Амр ибн Убейд ибн Баб деген кісі қосылады. Оларға «Үмбеттің ортақ көзқарасынан айырылғындар (бөлінгендер)» деген мағынаға келетін «Мутазила» атауын береді [2].

Енді бір басқа деректерде мутазилла ақидасы ағымының пайда болуы турасында мынадайда да мәліметтер айтылады:

Мутазила – діни-философиялық ағым. Оның негізін Уасил ибн Ата мен Әмір ибн Убайда. Бұлар кезінде Хасан әл-Басридің шәкірттері болған. Бір күні Хасан әл-Басри мешітте дәріс беріп жатқанда тыңдаушылардың бірі: «Бір топ адамдар – үлкен күнә жасаған мұсылманды кәпірге шығарады. Ал енді басқа топ – жасаған үлкен күнә мұсылман адамның иманына зияны жоқ деп айтады. Сіз осыған қатысты не айтасыз?» – деп сұрақ қояды. Сонда Хасан әл-Басри жауап бермей тұрып, шәкірттерінің бірі: «Үлкен күнә жасаған адам шынайы кәпір емес, толық мұсылман да бола алмайды, Бірақ, ол осы екеуінің ортасында» – деп пікірін айтады.

Сөйтіп, ол өзінің осы пікіріне қызығушылық таныстқандарды жинап, мешіттің бұрышында түсіндіруге кірісіп кетті. Сол кезде Хасал әл-Басри оларға қарап тұрып: «Иғтазала Василь ғанна» (Уасыл бізден бөлініп кетті) деп айтқан екен. Осылайша мұғтазила ақидасының негізі қаланады.

Қалай болғанда да біздерге жеткен деректердің негізі – Уасил ибн Ата мен Әмір ибн Убайда мутазила ағымын қалаушылар екенін көрсеттіп отыр. Уақыт өте бұл ғалымдардың пікірі көпшілік мұсылмандар мен дін қайраткерлері, ғалымдарының арасында қолдау таппаған соң, өмірі ұзаққа созылмады. Белгілі дәуірлерде көтеріліп, бір дәуірлерде қуғынға ұшырады.

Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ,

дінтанушы

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Neset Cagatay, Ibrahim Agah Cubukcu. Islam Mezhepler Tarihi. – Ankara, 1985. – S. 70.

2.Abdulkadir al-Bagdadi. Mezhepler Arasindaki Farklar. – Ankara, 1991. – S. 5-86.

Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Теріс ағымдармен күрес емес, жұмыс жүруі керек!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00