Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни радикализм идеяларын таратуда әлеуметтік желілердің септігі көп

08.11.2017
- Қоғам
0
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін – зайырлы қоғамның ажырамас бір бөлігі. Ол қоғамда сенетін азаматтардың бірлігі мен тыныштығын, татулығын, өзге дін өкілдерімен жарастығын және адамгершілік қасиеттердің арта түсуін қамтамасыз  етуі тиіс. Алайда бүгінгі уақытта ел тыныштығына сызат түсіруге, саяси құралға айналдырып, басқару жүйесіне қарсы айдап салуға әрі азаматтарды бүлік пен қантөгіске бастауда дінді бетперде ету әрекеттері белең алып бара жатқаны қынжылтады.

Әлемдік діндердің ұстанымы лаңкестікке шақырмайтынын жақсы білсек те соңғы уақыттарда діни негізде арандату әрекеттері азаймай отыр. Кейінгі бірнеше онжылдықта кең ақпарат алуға мүмкіндік туғандықтан, террористік топтар да БАҚ көздерін өз мүдделеріне сай пайдалануға ұмтылуда. Бүгінгі күні әлемнің басқа да елдеріне төнген діни радикалды идеялармен улану Қазақстан үшін де өзекті құбылысқа айналды. Азаматтардың әлеуметтік желілер арқылы шетелдердегі террористік ұйымдар қатарына өтіп кетуі  жиі қылаң бере бастады. Айталық, ресми орган өкілдерінің айтуынша, бүгінде ИГИЛ құрамында төрт жүзден астам қазақстандықтар отбасыларымен бірге жүр. Еліміздің солтүстік аймағынан ИГИЛ құрамына үгіттеушілердің ұсталғаны да есте. ИГИЛ-ға өткен Қазақстан азаматтары бұл қадамға көбіне интернет арқылы барғаны белгілі. Неге десеңіз, белгісіз біреулер интернеттегі ақпараттар, әсіресе видео өнімдер арқылы оларға Ирак пен Сириядағы мұсылмандардың қынадай қырылып жатқанын, адам айтқысыз қорлық пен зорлыққа тап болып жатқанын көрсетеді. Осы арқылы әлгі белгісіз жандар көрермендердің де аяушылығын тудырып, сол жаққа барып, көмек беруге ынталандырады. Шын мұсылман қорлық көрген бауырларына көмек беруі тиістігін санаға сіңіреді. Нәтижеде солардың сөзіне ерген жұрт шекара асып кете барады. Ал барған уақыттарында ол жақта өздері күткендей емес, мүлдем басқа, исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сорақы жағдайға тап болып, қателік жасағандарын кеш түсінеді. Тіпті ертіп барушылар құжаттарын алып қойғандықтан, кері қайтуға мүмкіндік таба алмауда. Ал барған әйел кісілердің көретін жағдайы тіптен адам шыдағысыз.

Әрине, елімізде дәстүрлі емес ағымға ергендерге әлеуметтік айықтыру жұмыстары жүргізіледі. Түрмеде отырған діни радикалдардың белгілі бір бөлігі қателіктерін түсініп, райынан қайтып та жатыр. Бірақ бұл экстремизм мен терроризм қаупін сейілтуде деп айту қиын.

Бүгінде елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны 7 миллионға жеткендігі айтылып жүр. Ал діни радикалды идеялардың интернет, әлеуметтік желілер арқылы насихатталып отырғаны бүгінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен ҚР дін істері комитетінің толық бақылауында. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымовтың айтуынша:

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

«Интернет желісі арқылы терроризм идеясын ауқымды насихаттау шаралары жүзеге асатыны шындық. Кейбір сайттарда тіпті қолдан жасалатын жарғыш заттардың нұсқаулықтары да орналастырылады. Тактика жүргізу, шабуыл жасауға және терактіге үйрету, тарту, жиһадқа шақыру секілді теріс пиғылды идеология интернетте шығып жатыр. Соған орай былтырдан бері сот органдары арқылы терроризмді, экстремизм мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 950-ге жуық сайт жабылды. Бүгінгі күні соттарда 150-ге тарта сайтқа қатысты іс қаралуда».

Арнайы қызмет өкілінің айтуынша, лаңкестікті насихаттайтын сайттар мен олардың серверлерінің басым бөлігі еуропалық зонада орналасқандықтан, мұндай сайттарды толық жабу кейде мүмкін де болмайды. Осыған орай еліміздің өкілетті органдары бүкіл әлемдік қауымдастыққа қатыгездік желісіне бірлесе қарсы тұру туралы  ұсыныс жолдаған.

Бүгінде ушығып келе жатқан діни жағдайларға байланысты әлеуметтік желілерді құлыптау керектігі де соңғы уақыттарда парламентте көтеріле бастады. Facebook, VKontakte, Mail.ru сайттарында террористердің парақшалары кездесетіндіктен, бұған қоса Одноклассники, Twitter-ді де қатаң қадағалауға алу қажеттігі жиі көтерілуде.

Зерттеушілер лаңкестік топтарға еріп кететіндердің негізінен жастар,  52%-ның тұрақты жұмыс орны жоқ, 38%-ның тұрмыс деңгейі төмен, 52%-ы баспанасыздар екенін анықтаған. Бұлардың ішінде жастардың ең көп бөлікті құрауы расында алаңдатарлық.

XXI ғасырда діни сауатты болудың маңызы ерекше артты. Жастардың әлеуметтік желілердегі қате діни түсініктерді қабылдап, теріс бағыттағы видеороликтерге  еруі дұрыс діни білімнің алмауынан деуге негіз бар. Елбасымыз айтқандай, әркімде ішкі сүзгі болуы керектігі ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Ішкі сүзгі кез-келген мәліметті саралау, ақылға салып, таразылауға, дұрыс-бұрысын анықтауға мүмкіндік береді. Осы ішкі сүзгі жұмыс істеп, діни таным дұрыс қалыптасқан жағдайда жастардың радикал идеяларға еріп кетуі өздігінен азаяр еді.

Ислам негіздері қашан да мұсылмандарды орташа жолды ұстануға шақырады. Орта жол дінге үстірт қарауды да, әсіре фанат болуды да білдірмейді. Орта жол күнделікті істеріңнің қатарында діни талаптарды да қатар алып жүруді қажет етеді. Әсірелік ешқашанда жақсылыққа бастамаған. Жастар өздері ажырата алмаған жағдайда діни ақпараттарды тиісті мамандардан сұрап-білуі тиіс. Сондықтан, әлеуметтік желілердегі азаматтарды адастыратын діни ақпараттар таратуға қайткенде де жол бермеген дұрыс. Ел тыныштығына әрбіріміздің де жауапты екенімізді ұмытуға болмайды.

А.Алтынбекұлы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғалымға тәлім берген тақуа

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121059 бөлісті
    Бөлісу 48424 Твитерге 30265
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00