Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни ағымдар шеңгеліне арманы адасқандар түсуде

30.11.2017
- Қоғам
0
86
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, «Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз» – деген тағлымды сөзі, өте орынды айтылған [1].

Қазіргі таңда әлемнің жер-жерінде діни ахуал ең өзекті әрі өміршең мәселелердің бірі. Себебі, қай жерде болмасын кеңінен етек жайған керітартпа, теріс пиғылды түрлі деңгейдегі діни ағымдар қарапайым халық пен қоғам арасында іріткі салып, ел-жұрттың тыныштығы мен берекесін қашыруда. Әсіресе, мұндай жат ағымдар өзінің айла әдістерін қанаттары қатаймаған жастар қауымына бағыттап, сана-сезімдерін улау арқылы өз қатарларына барынша тартуда. Сөйтіп, дін бет-пердесін жамылған теріс діни ағымдардың кері әсері діни экстремизмнің жаһандық көлемде орын алуына себеп болып, бүкіл әлем қауымдастығын алаңдатуда.

Демек, дінді дұрыс түсінген адам үшін – бұл бақытқа жетелейтін нығмет болса, дінді теріс түсінген адам үшін – бұл қасіретке апарар жол [2].

Бүгінгі күннің өзінде «діни экстремизм» деген ғасыр іңдеті әлеуметтік патологияға айналып, көптеген түрлі салалардағы ғылым өкілдерінің назарын аудартуда. Осылайша, бұл мәселенің пайда болу мен алдын алу тұстарын теологтар, саясаттанушылар, психологтар, криминалогия мен конфликтология мамандары, әлеуметтанушылар, философтар мен заңгерлер және өзге де мамандық иелері бас қосып, зерттеу үстінде. Аталған мәселені сан алуан салалардың зерттеушілер қауымы зерттегенмен, әлі де болса кешенді түрде бірлескен ұжымдық зерттеуді қажет етеді. Өйткені, діни экстремизм әлемнің түпкір-түпкірінде діни алауыздық тудыратын, дінді саясаттандыратын және жеккөрушілік пен антигуманистік әрекеттерге бейім көп қырлы адамзат үшін қауіпті құбылыс.

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026

Туған жеріміз – Қазақстанға оралатын болсақ, дүниежүзі сахнасында еліміз өзінің конфессияаралық және ұлтаралық келісім үлгісімен бейбітшілік пен келісім мекеніне айналғаны рас. Дегенмен, 21 ғасыр дертіне айналған діни экстремизм мәселесі біздің елімізге де жетіп, кесірін тигізуде.

Яғни, діни экстремизмнің туындауы мен орын алуы кез келген қоғамның объективтік және субъективтік жағдайына негізделе отырып, әр түрлі себеп-салдарларға байланысты болады. Алайда, халықаралық сарапшылардың айтуынша, бұл «дерттің» пайда болуына басты себеп болатын бірқатар алғышарттарды атап өтуге болады:

  • діни сауатсыздық;
  • әлеуметтік-экономикалық тоқырау;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің күрт түсуі;
  • жұмыссыздық;
  • саяси және психологиялық аспектілер;
  • отбасы мен туыстар арасындағы күрделі мәселелер;
  • теріс пиғылды діни ағымдардың ұрандары мен алдамшы үндеулеріне құлақ асу.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, теріс пиғылды экстремистік тұрғыдағы ұйымдар қызметі – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін елеулі қауіптердің, сондай-ақ әлеуметтік-саяси жағдайды ушықтыруға бағытталған факторлардың бірі.

Бұған қоса, мұндай теріс пиғылды діни ағымдар діни экстремизмнің пайда болуына себеп болған алғышарттарды пайдалана отырып, аталған зұлым мақсаттарын басшылыққа алып, діни экстремизмнің жер бетінде таралу тенденцияларына келесідей әдіс-тәсілдері арқылы ықпал етеді:

  • ислам дінін ұстанатын жастар арасында радикалды діни идеологияны тарату мақсатында үгіт-насихат жүргізу (экстремистік тұрғыдағы аудио-фото-бейнежазбалар мен түрлі әдебиеттерді тарату арқылы);
  • діни экстремистік идеяларды насихаттау жолымен түрлі жастар аудиториясына бағытталған клубтар құру;
  • жат ағымның мақсаттарын орындау үшін абоненттелген пошталық жәшіктер жүйесі мен әлеуметтік желі арқылы жеке және заңды тұлғалардан қаржы көздерін тарту;
  • аймақаралық байланыстар деңгейінде радикалды діни идеологияны тарату мақсатымен туристік топтар құру арқылы қажылыққа баратын діндар адамдарды тарту;
  • діни экстремизмнің таралуын ұлғайту мақсатында заңсыз жолмен түсетін халықаралық қаржылай көмекті пайдалану;
  • БАҚ пен интернет-ресурстарды пайдалану арқылы халық пен түрлі дін өкілдерінің арасында діни алауыздық, азғыру мен жеккөрушілік жағдайларын тудыру [3].

Сол себепті мұндай қоғам мен бүкіл адамзат үшін қауіп-қатер келтіретін күрделі мәселені шешу мен алдын алу – бір елдің ғана емес, бүкіл әлемнің парызы.

Аталмыш бағытта, мемлекет тарапынан біршама салалық заңнамалар қайта қаралып, тиісті толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, ғасыр дертімен күресу мен алдын алуға дағдыланған арнайы орталықтар құрылды. Уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ақпараттық түсіндіру мен ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейтуде. Дегенмен, діни экстремизмді алдын алу мен оған пәрменді қарсы тұру үшін ең алдымен діни сауаттылық мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бір сөзбен айтар болсақ, діни сауаттылық – діни экстремизмге қарсы тұрудың бірден-бір құралы. Бұл дегеніміз тек дәстүрлі діннен ғана емес, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрімен қатар, халықаралық деңгейдегі үрдістерден де хабардар болуды білдіреді. Сонымен бірге, имандылық, отансүйгіштік пен өз дәстүрі, тілі, мәдениеті мен тарихын білу мен қастерлеуден тұрады.

Осыған орай, бүгінгі таңда еліміздің басты әрі өзекті мәселелерінің бірі – ел аумағында діни экстремизмнің таралуына жол бермей, онымен екпінді күрес жүргізу. Мәселен, Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде жалпы экстремизм мен терроризм, оның ішінде діни экстремизммен және сепаратизммен халықаралық заңнама мен ұйымдар аясында қарқынды күрес жүргізуде.

Атап айтсақ, еліміздің «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни экстремизмге қарсы батыл соққы беру мен ымырасыз күрес жүргізу әрбір қазақстандықтың міндеті. Атап айтсақ, заң жүзінде діни экстремизмге қарсы тұру құзырлы мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Демек, Ата Заңымызда бекітілген адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін экстремизмнің қауіп-қатерінен қорғап, алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның елімізде орын алу себеп-салдарларын айқындау мен жою мемлекеттік органдардың негізгі міндеті [4].

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, отандық заңнаманы бұлжытпай орындау мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің Дін істері комитеті өз Ережесінде бекітілген ақпараттық-насихаттық әрі түсіндіру шараларын белсенді түрде іске асыру міндетіне ден қойған. Осы міндеттерінің шеңберінде халық арасында діни экстремизмді алдын алу мен жолын тыю үшін ақпараттық-түсіндіру мен ақпараттық-насихат топтары құрылып, Дін істері комитеті мен оның жергілікті дін істері жөніндегі басқармалары басшылығымен еліміздің өңір-өңірінде бұл іңдеттің таралуына жол бермей, алдын алу жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Аталған топтардың құрамына білікті дінтанушылар, имамдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғалымдар мен дін істері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кіреді. Бұл жұмысты атқару барысында ең алдымен халықтың барша әлеуметтік топтары қамтылып, бірінші кезекте жастар ортасы айрықша ескеріледі.

Осылайша, Қазақстан Республикасы бүкіл әлемнің қауіп-қатеріне айналған діни экстремизм зұлматымен, оның пайда болуының алғышарттарымен заң аясында ел-жер болып күресіп, тиімді алдын алу шараларын қолдану үстінде.

Осы және басқа да аталғандарды ескере отырып, Отан десе, ішкен асын жерге қоятын азаматтарымыз ел тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұрып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміздің қауіпсіздігін сақтап қалуы тиіс. Өйткені, ертеден-ақ бірлік пен ынтымақтың маңызын жете білген дана халқымыз, «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген сүбелі сөз айтқан.

Қорыта келе, «Отаным – алтын ұям бесігім» демекші, жат ағымдармен күресті тек мемлекет қана емес, ел болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарымыз да заң жүзінде жұмыла кіріскені абзал.

А.Әбуов,

Ф.ғ.д., профессор

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы // http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy.
  2. Сәдиев А. «Баршаға бейбіт өмір тілеуші – Ислам діні» // Егемен Қазақстан.- 2012, 15 қараша.

3. «Экстремизм: понятие, причины появления, тенденции развития» // РФ, 2016, 4 наурыз // .

4. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000031_.

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Деструктивтік діни ағым деген не?

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00