Бейсенбі, 5 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бақытжан САТЕРШИНОВ: Дін – шапшаң дамитын, құбылмалы салаға айналды

16.11.2017
- Сұхбат
0
157
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 — Бақытжан Меңлібекұлы,  өзіңізге белгілі,  қазір «Қазақстан Республикасының діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу талқылануда. Бұл қандай өзгеріс пен толықтырулар?

— Иә, бұл заңның жобасы Қазақстан үкіметінің сайтына және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің сайтына ілінген.  Оншақты заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілмекші.

Қылмыстық кодекс және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген кейбір толықтырулар азаматтардың діни сезімімен қатар, атеистік ұстанымын балағаттауға мүмкіндік бермейді (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 2-бөлімінің 490-бабы). Тәкфіршілдерді айтпағанда, қазіргі қарапайым діндарлардың өздері құлшылық-ғибадатты өтемейтін жандарды «күпірлікпен» кінәлайтыны бой көрсетіп келеді. Бұл жағдай адамның ар-ождан бостандығы туралы зайырлы заңнамамен қатар, бейбіт өмір сүруді атымен де, затымен де айғақтайтын исламның рухына да, «әркімді болмысына сай» бауырмалдықпен қабылдайтын қазақтың дәстүрлі діни дүниетанымына да қайшы келеді. Осы заңнамаларға енгізілген кейбір толықтыру діни ғұрыптарды атқару мен («шет тілді үйрету» деген желеумен) діни білім беруді  заңнамада көрсетілмеген жерлерде өткізуге және оған балаларды тартуға тыйым салады. Қазақстан азаматтары шетелде діни білім алу үшін де бекітілген тәртіпті сақтауы тиіс. Бұл құқықтық шаралар шетелде, әсіресе, Таяу Шығыс елдерінде білім алып келіп, жат ағымдар идеологиясын таратудың алдын алады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» (2003 жылғы 23 қаңтар) заңына енгізілген өзгерістер (31, 35 баптарға) аймақтардағы діни ахуалды діни бірлестіктер мен миссионерлердің әрекетін зерделеу мен талдау қызметін жергілікті әкімдердің құзыретіне берді. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты дін және діни көзқарастарды пайдалана отырып әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар құруға да тыйым салынады: 2001 жылдың 16 қаңтарындағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына осындай 4-ші тармақ қосылды. Сондай-ақ 2007 жылдың 27-шілдесінде қабылданған «Білім туралы» Заңның 28-бабы да толықтырылды: оқу орындарында тіркелмеген діни ұйым өкілдерінің оқушылармен діни мәселелер бойынша шара өткізуіне жол берілмейді. Бұл заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар соңғы кезде өріс алған прозелитистік (біреуді өз дініне тартудың табанды әрекеті) және діни конверсиялық әрекеттермен байланысты болып отыр. Атадан келе жатқан дінін басқаға айырбастап, рухани мұқтаждығын күмәнді діни ағымдардан тауып жүрген қазақ балалары жиі кездесетін болды. Бұл да болса, қазақстандық мұсылман жамағатының бірегейлігін бұзатын қауіпті үрдіс.

Президент: Түрлі дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

23.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

05.01.2026

Жалпы дінге байланысты өз көзқарасыңды біреуге таңу моральдық тұрғыдан алғанда да құпталмайтын нәрсе. Имамдардың жүргізетін уағызының жөні бөлек, әрине. Ал енді қызмет жағдайы мен лауазымын пайдаланып, өз әріптестері арасына таратуға тырысса, бұл тіпті ұжымның ішінде рухани ауанның тоталитарлануына әкелуі мүмкін. Сондықтан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының (2015 жылғы 23 қараша) 13-бабына мынадай толықтыру енгізу көзделуде: мемлекеттік қызметкердің қызметтік (лауазымдық) міндеттерді (оның ішінде әскери, кәсіби функцияларды) атқару барысында, жұмыс уақытында, ұжымның ішінде өзінің діни көзқарастарын таратуға; жұмыс уақытында, егер заңнамаға сәйкес, өзінің қызметтік (лауазымдық) міндетін атқарудан басқа жағдайда, діни шаралар (құлшылық, діни салттар, ғұрыптар, жиналыстар) өтетін жерге баруына; діни бірлестіктер құрудың бастамашысы болуына; миссионерлік әрекетпен айналысуына болмайды. Бұл шектеулер мемлекеттік қызметтің мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, мемлекет пен қоғамның зайырлылығын нығайтуға бағытталған.

— Өзгеріс енгізілетін заңнамалық актілердің қатарында 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң да бар шығар?

— Өзгерістер мен толықтырулардың басым бөлігі осы сіз атаған «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заңды да қамтиды. Заңда қолдау табуы тиіс бірқатар негізгі ұғымдармен толықтырулар қарастырылған. Атап айтқанда,  діни құлшылық, діни салттар, діни ғұрыптар, тәуеп ету, діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни жиналыс, табыну орны, прозелитизм, діни радикализм, діни фанатизм, экстремистік идеология, діни рәміздер. Сондай-ақ, аталған Заңның мемлекет және дінге қатысты 3-бабына, өкілетті мекемелердің біліктілігіне қатысты 4-бабына, жергілікті атқарушы мекемелердің біліктілігіне қатысты 5-бабына, дінтанулық сараптамаға қатысты 6-бабына, діни салттар мен ғұрыптарды атқаруға қатысты 7-бабына миссионерлік әрекетке қатысты 8-бабына, діни әдебиет және діни қолданыстағы нәрселер мен діни мазмұндағы басқа ақпараттық материалдарға қатысты 9-бапқа, қайырымдылық пен діни ұйымдардың ақпараттық әрекетіне байланысты 10-бабына, халықаралық байланыстар және діндарлар мен діни бірлестіктердің байланыстарына қатысты 11-бабына, діни ұйымдардың мәртебесіне қатысты 12-бабына, діни бірлестіктер құруға байланысты 13-бабына және т.б. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл толықтырулар мен өзгерістер радикалды топтарға қарсы сот-сараптамалық жұмыстарды жүргізуді едәуір жеңілдетеді. Қоғамдағы діни ахуал күрделі сипатымен ерекшеленіп отыр. Діншілдік өзінің ішкі ауқымынан шығып, басқа да қоғамдық салаларға, тіпті мемлекеттің зайырлылық негіздеріне араласу ниетін танытып отыр. Сондықтан дін саласындағы құзырлы мемлекеттік органға діни мәселеге қатысты ведомствоаралық жұмысты күшейту қажет.

— Бұл өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қаншалықты қажеттілігі бар? Бұл зайырлы мемлекеттің дінге қарсы шабуылы емес пе?

— Жоғарыда айтып кеткендей, дін соңғы кездері шапшаң дамитын құбылмалы салаға айналды. Үстіміздегі жылдың маусым айында қабылданып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдаған Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында еліміздегі діни ахуалдың басым үрдістері аталады: діни ахуалдың дамуына жаһанданудың әсері, мемлекеттің зайырлылық негіздерінің бұзылу тәуекелдері, қоғамда, әсіресе жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы, діни/дінтанушылық білім беру және ағартушылық, дін саласындағы мамандарға қажеттіліктің өсуі, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік мкукмклкр қызметінің мәселелері және т.б. Бұл заңнамалық өзгерістер аталған үрдістерден туындайтын келеңсіз салдарды болдырмауды көздейді. Мұндағы мақсат еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды одан ары жетілдіруге, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивтік мақсатта қолдануға жол бермеуге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру болып саналады. Сондықтан бұл дінге шабуыл емес, діни ғибадаттың діндар мен Жаратушы арасындағы сыр екендігін, зайырлы мемлекеттің азаматы ретінде өзі өмір сүріп отырған елдің заңдарын сақтауы қажеттігін, қоғамның мүшесі ретінде күнделікті өмірде өзге дін өкілдерімен де адамгершілік қарым-қатынаста болу керектігін ұмытқан әсіре діншілдікке қарсы  бағытталған.

— Бұл өзгерістерді Елбасының көтерген қоғамдық сананы жаңарту немесе рухани жаңғыру бастамасымен байланыстыруға бола ма?

— Әбден болады. Иә, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының өкілдерімен кездесу барысында «дін мәселесі біздің рухани байлығымыздың бір бөлшегі, бұл ретте дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту шарт» екенін айтты. Ел ішіне іріткі салудың бір жолы, «сырттан ықпал етудің бір тәсілі —  жат діни ілімдерді бізге тарату» екендігін Елбасы ескертті.

Бізге жат идеологияның әлемді дүр сілкіндіріп отырған қақтығыс аймақтарынан келіп жатқаны белгілі. Бұл — адамды сыртқа тебетін (эксклюзивті) идеология. Ал қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанған діні – ханафилік мәзхабтың матуридилік ұстанымындағы адамды ішке қарай тартатын бауырмал (инклюзивті) ислам. Діндарларға, міне, осы жолды жаңғырту қажет.

— Демек, бізге ханафилік-матуридилік мәзһабты жаңғырту керек дейсіз ғой. Бұл қазіргі тілмен айтқанда, қаншалықты «бәсекеге қабілетті» бола алады?  

— Мен тек дінді жаңғырту қажет деп отырғаным жоқ. Рухани саланың құрамдас бөліктері ретінде, сонымен қатар балама, жанама түрде ғылым мен философияны, мәдениет пен спортты,  әдебиет пен өнерді  де дамыту керек. Оған матуридиліктің еш кедергісі жоқ, керісінше құптайды.

Бүгінгі күні адамға бүйрегі бұратын және дамыған қоғам құру мәселесі посткеңестік елдер үшін де, қазіргі мұсылман елдері мен қоғамдар үшін де бүгінгі күнің өзінің аса маңыздылығымен көзге түсіп отыр. Сондықтан діни доктриналардың замана талабына сай ішкі эволюцияға бейімді болуы үшін, дәлірек айтқанда, қоғам, тұтастай алғанда, адамзат дамуының интеллектуалдық, құқықтық және моральдық-этикалық деңгейіне сәйкес эволюцияға бейім болуы үшін қажетті әлеуетке ие болуы мейлінше маңызды болып табылады. Әл Матуриди доктринасының эпистемологиясын талдау бұл ілімнің осындай әлеуетке ие екендігін байқатады. Өйткені «үйлестірілген теологиялық рационализмге», «әралуандылық метафизикасына», «сенімнің субъективтілігіне» негізделген және «әділдік пен қоғамөзектілік» ұстынына сүйенетін Әл Матуриди доктринасы қазіргі мұсылмандардың Ислам туралы түсінігін жаңғыртудың және плюралистік әрі адам өзекті қоғам орнатудың тәп-тәуір ішкі-діни тетігі болуға, сондай-ақ заманауи зайырлы әлем жағдайындағы әділетті қоғамның ислами идеялық негіздерін орнықтыруға қабілетті.

Сұхбаттасқан

Бейбіт Тоқтарбай

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды
Жаңалықтар

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды

05.02.2026
Ең маңызды куәлік
Қоғам

Ең маңызды куәлік

05.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мысырда мешітті жарғандар экстремистер үшін қасиетті ұғым жоқ екенін аңдатты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды
Жаңалықтар

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды

05.02.2026
Ең маңызды куәлік
Қоғам

Ең маңызды куәлік

05.02.2026
Исламдағы сөз жауапкершілігі
Ислам

Исламдағы сөз жауапкершілігі

05.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00