Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата-ананы құрметтеудің төрт жолы

03.11.2017
- Қоғам
0
650
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құранда әке-шешеге жақсылық жасауды Жаратқанға құлшылық етумен қатар әмір еткен. Сол сияқты, Аллаға серік қосудан кейінгі үлкен күнә – ата-ананы ренжіту. Демек, перзенттің ата-анасына жақсылық жасауы бала күніндегі көрген ананың аялы алақанының жылуы мен әке қамқорлығының қайтымы емес екенін түсінуіміз керек. Өйткені, ата-ана қамқорлық жасамаған болса да, перзент оларға жақсы қарым-қатынаста болуы парыз. Ата-ана сізге бала күніңізде дөрекілік жасаған болса да, сіз оларға риясыз жақсылық жасауға міндеттісіз. Қала берсе, асыл дінімізде ата-ананың ақысы ешуақытта өтелмейтіні айтылған. Ендеше, ата-анаға жақсылық жасаудың негіздерін білген дұрыс.

Бірінші қадам. Жүрекпен жақындау. Мөлдір таза бұлақ суы жер қойнауынан атқылап шығатыны секілді жақсылық та жүректің түбінен бастау алуы керек. Жақсылық кіршіксіз таза көңілден шықпағы ләзім. Ел-жұрттың алдында жалған ұят үшін әкеге шапан жауып, анаға білезік тағудың ешбір пайдасы жоқ. Ата-анаға жақсылық – перзент парызы. Қайтымсыз міндет. Әке-шешең рахмет айтпаса да тоқтаусыз жасайтын іс екенін бар жүрегіңмен түйсін. Ата-анаға жақсылық істеу – ең үлкен құлшылықтың бірі. Абдулла бин Масғұд (р.а.): «Мен Алла елшісінен (с.ғ.с.) амалдардың қайсы бірі ең абзалы?,-деп сұрадым. Пайғамбар (с.ғ.с.): Уақытында оқылған намаз,-деді. Мен: Сосын ше?,-дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): Ата-анаға жақсылық жасау,-деді…[1]»,-деп риуаят етеді.

Екінші қадам. Перзенттік міндет. Мына жалғанда сені жанынан артық жақсы көретін екі жан – әкең мен анаң екенін жадыңнан шығарма. Олар сенің бала күніңде табаныңа кірген тікен маңдайына кіруіне разы болған жандар. Сені ешнәрсеге мұқтаж болмасын деп таңның атысы мен күннің батысына дейін белін бүкпей еңбек еткен жандар. Әрбір жетістігің үшін оларға қарыздарсың. Сенің жетістігің олардың қажымас еңбегінің жемісі екенін ұмытпа. Бүгін олар қартайды. Бойындағы күш-қуаты қайтып, қала берсе әрнәрсені көңіліне алатын бала боп қалды. Енді сенің кезегің. Алайда, қарызды қайтару деп қабыл етпе. Таяу жылдарда олар өледі, соған дейін шыдай тұрайын деген ойдан аулақ бол. Керісінше, әр күні жан-тәніңмен, ынта-шынтаңмен қызмет ет. Язид бин Әбу Хабиб: «Әке-шешеңнің сөзін түзетуің – оларға жасалған күнә»,-деп ақылсынудың өзі күнә екенін айтқан. Хасан Басри болса бір кісіге: «Анаңмен кешкі ас ішіп, бірге отырып әңгіме-дүкен құрып, көңілін көтеруің нәпіл құлшылықтан жақсырақ»,-деген екен.

Үшінші қадам. Жақсылық ұғымы. Жалпы, жақсылық ұғымын тар шеңбермен шектеуге әрекет етпеңіз. Жақсылық жасаудың бастауы – жүрек. Нұрлы ақыл мен ыстық жүректен шықпайынша жақсылықтан қайыр жоқ. Ата-анаға жасалатын жақсылық күн санап, молая түсуі керек. Қарызды қайтаруға асыққан адамның кейпінде болып тұнжыраған күйде жасалған жақсылық аты ғана жақсылық заты күнә іс. Ең маңыздысы, сөйлеген сөзіңіз бен жүзіңізден жұмсақтық пен жылылық лебі есіп тұрсын.

Төртінші қадам. Жәннат қақпасы. Жалдамалы пәтеріңіз ақысын төлеп берген адамға қалай алғыс білдірер едіңіз? Баспана алуға септігі тиген адамға ше? Жарайды, жол бойында тоңып тұрғанда тоқтап, көлігімен жеткізіп тастаған адамға ше? Мына жарық дүние есігін ашуға себепкер болған аяулы жандардың ертеңгі күні мәңгілік жәннатта мекен етуіңе де үлкен септігі тиеді. Сөз соңында айтарым, адам Жаратушысына жақындаудың ең төте жолы ата-анасына жақсылық жасау. Сонымен бірге, дұға-тілек қабыл болмауына сеп болатын күнә ата-ананы наразы ету екенін ұмытпаған жөн. 

Руслан ҚАМБАР,

исламтанушы

[1] Бұхари

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әкеге өсиет айтқан ұл

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00