Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ

02.11.2017
- Қоғам
0
331
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қарапайымдылық – қазақтың қанына сіңген асыл қасиет десек, артық айтқандық емес. Бұл қасиет тарихымыздан да, әдебиетімізден де, салт-дәстүрлерімізден де,  кешегі ата-әжелеріміздің кәсібі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінен де анық көрінеді. Бүгінгі таңда осы бір мінездің бірте-бірте босаңсып, әлсіреп бара жатқаны жасырын емес. Сондықтан бүгін осы бір жақсы мінездің шыққан тарихы мен пайдалары жайлы әңгіме өрбітіп көрмекпіз.

Бұл мінездің біздің халықтың бойына сіңуі мұсылманшылықпен тікелей байланысты. Өйткені Ислам діні мұсылмандарды қарапайым болуға шақырады. Ардақты Пайғамбарымыз өзге де кез келген көркем мінез секілді қарапайымдылықтың да қайталанбас үлгісі болатын. Ол 15 жаста қой бағып жүрген кезінде қандай қарапайым болса, пайғамбарлықтың шыңына жеткен кезінде де сол мінезінен бір елі айнымаған. Өз сахабаларына: «Мені асыра мақтап, мадақтамаңдар! Мені Алланың құлы, әрі елшісі деп атаңдар!» деп үнемі айтып отыратын. Ол өмірінде бидайдан жасалған ақ нан жемей өтті. Пайғамбарлық кезеңінде мемлекет қазынасынан уақытша алынған жеті ешкінің сүтін өміріне талғажау ететін. Дүниеден озған сәтінде артында қалған небәрі жеті күміс ақша Мәдинаның кедей тұрғындарына таратылып берілді. Ол дүние салғаннан кейін оның жан жары, әрі Құран тәлімі бойынша барша мүминдердің анасы саналатын хазрет Айшаға жұрт келіп, оның үйдегі тіршілігі туралы сұрады. Сонда анамыз: «Ол өз ісін өзі атқарғанды жақсы көретін. Қасындағы достары кез келген ісін жасап беруге дайын тұрғанына қарамастан, өз шаруасын өзгеге артып қоюды қаламайтын. Киімдерін жамап алатын, үй ішін де сыпырып қоятын, ешкілерді сауып, түйелерді байлап, жемдерін беретін. Азық-түлікті базарға барып, өзі арқалап әкелетін. Бір кісі: «Уа, Алланың елшісі, маған беріңіз, мен апарып берейін» деп сұрағанында, «Әрбір иманды адам шамасы келіп тұрса, өз жүгін өзі арқаласын» деп жауап қайырды.

Бір күні хазрет Омар ақырын ғана Пайғамбарымыз ұйықтап жатқан бөлмеге кіреді. Үндемей тұрып, үй үшіне айнала көз тастайды. Қараса, қабырғаға ілінген кішкентай кептірілген тері, бір дорбаға салынған азғантай ғана арпа, қабырғаға сүйеніп тұрған бірнеше ағаш жапырағы және еденде Алла елшісі үстіне жатып ұйықтап жатқан құрма бұтақтарынан тоқылған жұп-жұқа ши жатыр екен. Басқа ешбір нәрсе жоқ. Бұл көрініс парасатты Омардың көңілін босатып жіберді. Өзін ұстай алмай солқылдап жылап жіберді. Оның дауысынан Пайғамбарымыз да оянып: «Әй, Хаттабтың ұлы! Сені жылатқан не нәрсе?» деді. Сонда Омар:

  • Уа, Алланың елшісі! Ирандықтар өз патшаларын зәулім сарайларға отырғызып қойды. Византиялықтар да өз билеушілеріне бар жағдайларын жасап берді. Ал Сіз Алланың елшісі емессіз бе? Рұқсат беріңізші, біз де Сені …» Осылай деген Омардың не дегісі келгені түсінікті еді. Сүйікті Пайғамбарымыз мұңға толы көздерімен күлімсіреп тұрып, қолымен ишара жасады да келешекте өзіне халифа болатын Омардың сөзін тоқтатты:
  • Уа, Омар! «Бұл жалғанның тіршілігі тек қана ойын-күлкі мен алданыш қана! Ал ақирет жұрты, нағыз тіршілік сол жақта. Әттең, олар білсе ғой!» деп «Анкабут» сүресінің 64-аятын оқып берді. Әй, Омар бұл дүние олардікі болғанмен, арғы өмір біздікі болғанын қаламайсың ба?

Міне, осы тұста Абылай ханға кеңесші болған әйгілі Бұқар жыраудың да жасы жүзге таяған соңғы күндерінде қалың көрпешенің емес, жұп-жұқа шидің үстінде жатқан күйі көз алдымызға елестейді.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың Бәдірге қарай жолға шығуы да ойлы жанға сабақ болады. Жол алыс. Күн ыстық. Көліктің де саны аз. Үш кісіге бір түйеден тиеді де, кезектесіп мініп отырады. Сонда Пайғамбарымызбен серік болған сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Біз түйеге мінбей-ақ жаяу жүрейік. Сіз ауыспай-ақ өзіңіз мініп жүре беріңіз» дейді. Сонда Алла елшісі ұсынысты қабыл етпей: «Сендер менен күшті емессіңдер, мен де сендер секілді сауап жинауға мұқтажбын» деп жауап қайырды.

Алла елшісі қайтыс болғаннан кейінгі жылдар еді. Бір күні Айша анамыздың үйіне оның бір туысқаны келеді. Анамыз оған арнап дастархан жайдырады. Бір кезде хазрет Айша жылап жіберді.Туысқаны неге жылайсыз деп сұрағанда: «Алла елшісі бүкіл өмірінде қарны тойғанша тамақ жеген емес. Ол үнемі өзінен бұрын өзгелерді ойлап отыратын», – деді.

Бүгінгі таңда «Қайтсем, салмақ тастаймын?» деп уайымдап жүргендерді, тамақты тез сіңдіретін не шара бар деп жүрген замандастарымызды аз кезіктірмейміз. Ал Алланың елшісі әлгінде айтылғандай ғұмыр кешті.

Иә, Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) жер бетінің ең ардақты тұлғасы бола тұра, өте қарапайым еді. Тіпті бірде балаларға көңіл бөлгені сонша – жүгіруден жарысып ойнап жүрген балалармен бірге өзі де жүгірген еді. Осылайша жас балалардың да нәзік жүректеріне жол табатын.

Бір күні базар аралап жүргенде, бір кісі оның Пайғамбар екенін біліп қалып, дереу қолын алып, сүюге асығады. Алла Елшісі оған жол бермейді. Бұл құрметті Ирандықтар өз патшаларына көрсетеді. Ал мен патша емеспін. Араларыңдағы қарапайым бір адаммын, дейді. Міне, бүкіл мұсылман атаулыға көркем үлгінің қайнар бастауы болған сүйікті Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы осындай еді. Ал енді осындай тәлім қазақтың байтақ даласында да жалғасқанын білеміз. Ертеректе бұрынғы Әулие ата, қазіргі Тараз маңында Байзақ деген датқа өткен. Оның Ақмолда деген өте зерек ұлы болатын. Әкенің аты әке емес пе, баласының қандай адам болып өсіп жатқанын Байзақтың да білігісі келеді.Бір күні ол баласына былай дейді:

– Осы, сен Ақмолда, мені жалықпай тыңдайсың, оның жақсы. Ие, өзің бар болғаны тыңдай бересін, тыңдай бересің, сонда бәрін үғып, мән-жайын түсініп отырсың ба, жоқ, әйтеуір, үлкен сөзін тыңдау ізет, үндемеу парыз, кішінің жолы деп отырасың ба?

– Е, сіз мені тыңдайды деп ойлайды екенсіз ғой.

– Әрине…

– Шынымды айтсам, мен сіздің, сөзіңізді бір құлағыммен тыңдаймын. Бір құлағым, екі көзім сіз айтқан сөзді тыңдаушыларда болады.

– Ә, солай ма? Шамасы, мен айтқан сөзді олардың қалай ұққанын бақылайсың-ау…

– Қалай ұққаны емес, қалай қабылдағанын бағамын. Ойым соларда болады.

– Байқаймын, менімен қатар отыруға жарап қапсың. Бірақ кілең төменге қарай шегіншектей бересің, дейді Байзақ Мәмбетұлы.

– Жоқ, көке, сіздің көзіңіз тіріде жоғарыға отыруға асықпаймын. Әр нәрсенің өз орны бар, өз кезегі бар. Жоғарыдан төмен ғана көрінеді, ал төменнен жоғары-төмен бірдей көрінеді. Қасыңызда не қилы адам отырады. Соларды бағамын, байқаймын, сынаймын.

– Сен төменнен төңіректі жақсы көремін де…

– Асыл зат ауыр келеді. Ауыр нәрсе көбіне төменде жатады.

– Төменнен не көрдің?

– Ел деген асылды, халық деген ауырды көрдім.

– Сен айтқан ауыр мен асылдың бүгін тағдыры ашса алақанына, жұмса жұлдырығына ұстап отырған шоқша сақал, қалтақ бас, ру басы бір шалдың қолында емес пе? Одан асып-төгіліп жатқан асыл мен ауырды сен қайдан, қалай көріп жүрсің? Мен ондайды көре алмадым.

– Көрмесеңіз, жастай жоғары отырып, төменге зер салмаған өзіңізден көріңіз. Әйтпесе, артында сүйеу болар, қолына кару ұстар жігіті болмаса, әлгі өзіңіз айтқан шоқша сақал қалтақ бас шалдарды сіз тыңдар ма едіңіз?

– Сонымен не айтпақсың, Ақмолда?

– «Жалғыз ағаш үй болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дегенді айтқан мен емес. Сондай-ақ, ер істеді дегенді ел істеген, батыр алған қорғанды халық алған. Жаңағы өзіңіз айтқан қалтақ бас шалдың аузын даты удай ащы сөз кімдікі? Халықтікі. Ондай болса, төменде отырып қараған артық емес, әке!

Әке көпке дейін үнсіз қалды.

Міне, бұл қазақ даласынды өсіп-жетілген көптеген жастардың ойы мен әдебі еді. Алла Тағала бүгінгі жүртымызға да қарапайым халық арасындағы қарапайым адамдардың бірі болуды нәсіп етсін.

Асылбек Алтынбекұлы

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қабылбек ӘЛІПБАЙҰЛЫ: Ұтымды жобаны үздіксіз жандандыру керек

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121080 бөлісті
    Бөлісу 48432 Твитерге 30270
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00