Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сөзі Құранмен үндескен сахаба

02.10.2017
- Қоғам
0
594
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Омар ибн Хаттаб (р.а.) өзі туралы мына әңгімені айтқан:

«Раббым менің төрт сөзімді мақұл көрді. Бұл мына төрт жағдайда болды.

Бірінші жағдай: Мен Алланың елшісімен (с.ғ.с.) бірге Харам мешітіне кірдім. Қағбаның қасындағы «мақам ибраһимде» тұрдық. Мен Алланың елшісіне (с.ғ.с.):

– Егер осы «Мақам Ибраһимде» намаз оқысақ қаншалықты зияны бар? – деп сұрадым. Алланың елшісі (с.ғ.с.):

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

– Маған ондай әмір келмеді, – деп жауап берді. Сол күні шам намазынан бұрын Жәбрейіл періште:

«Ибраһимнің орнын намаз орын қылып алыңдар», – деген аятты алып келді (Бақара: 125).

Екінші жағдай: Мен пайғамбарға (с.ғ.с.):

– Уа, Алланың елшісі! Негізінде сіздің әйелдеріңіз отырған орынға жақсы да, күнәһар адам да кіреді. Әйелдеріңізге хижаб киіңдер деп әмір қылсаңыз, – деп ойымды білдірдім. Кейін Алла тағала:

«Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, перденің артынан (арғы жағынан) сұраңдар»– деп әмір етті (Ахзап: 53).

Үшінші жағдай: Бір күні пайғамбарға (с.ғ.с.) әйелдері шектен тыс қызғаныш білдіріп жатты. Сонда мен ер мен әйелдің арасындағы келісе бермеушілік туралы ойлағын едім. Алла осыған қатысты талақ аятын түсірді.

Төртінші жағдай: Мен Алла тағаланың:

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жасадық» – деген аятын естіп, қайран қалдым (Муминун: 14).

Сөйтіп мен:

– Жаратушылардың шебері ұлы Алла! – деп айттым. Кейін Алла тағала: «Жаратушылардың шебері ұлы Алла» – деп аятын тамамдады (Мүминун: 14).

 

Әңгімеден алатын пайдалы сабақ:

Құран – адамдарға тура жол көрсетуі үшін Мұхаммедке (с.ғ.с.) түскен қасиетті кітап. Оның аяттары пайғамбардың (с.ғ.с.) заманында түрлі оқиғаларға байланысты жиырма үш жыл бойына бөлік-бөлік болып түсіп отырды.

Ислам тарихында бұған қатысты дәлелдер көп. Мысалы, жоғарыда айтылған хазіреті Омардың әңгімесіне назар салсаңыз, онда әрбір белгілі жағдайға сәйкес аяттың арнайы түсіп отырғанын көресіз. Сол сияқты Абдулла ибн Масғуд (р.а.) мынадай оқиғаны баяндайды:

«Пайғамбарға (с.ғ.с.) бір кісі келіп:

– Уа, Алланың елшісі! Мен бақшада бір әйелмен кездестім. Оны құшағыма алып, сүйдім, аймаладым тек төсек қатынасын жасағаным жоқ», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) бір сағат көлемінде үнсіз қалды. Кейін: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) күндіздің екі жағында, (таң және асыр намазы) түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан)  намазын толық орында. Шынында жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат» деген аят түскен еді (Һуд: 114).

Алланың елшісі (с.ғ.с.) әлгі адамды шақырып, осы аятты оқып береді. Омар ибн Хаттаб (р.а.):

– Уа, Алланың елшісі! Бұл аят тек осы адамға ма әлде барлығына да тиісті ме? – деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Жоқ, барлығына қатысты – деп жауап берді».

Бұл оқиға да Құранның адамдарға арнайы түсіп отырғанының дәлелі. Сондықтан, Құран адамның емес, Алланың ақиқат Кітабы.

 Алла тағала Құранды растап, былай деген:

«Осы Құран Алладан басқанікі деп жала жабуға болмайды. Ол, алдындағыны растап, Кітапты ашық баян етеді. Әлемдердің Раббысынан екеніне шек жоқ» (Жүніс: 37).

Алланың елшісі (с.ғ.с.) бақилық болған уақытта, Құран толықтай түсіп, сахабалардың жүрегінде және үзінділер түрінде жануар терісі,  сол сияқты т.б. нәрселерге сақтаулы болатын. Себебі, пайғамбардың (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде оны бір жерге жинақтаудың қажеттілігі болмады. Құран пайғамбардың (с.ғ.с.) және оның қасындағы сахабалардың жүректерінде сақтаулы тұрды.

 

Екінші пайдалы сабақ:

Бұл әңгіме Омар ибн Хаттабтың (р.а.) және сахабалардың тақуалығын айғақтайды. Сондықтан да Омардың пікірлері бірнеше мәрте Құран аяттарымен расталған. Омар ибн Хаттаб (р.а.) зерделі, тапқыр, терең ойлы, ақылды, шапшаң қимылдайтын адам болған.

Халифа Омардың толық аты-жөні – Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфейл ибн Абд әл-Узза ибн Рийах ибн Абдулла ибн Курт ибн Разах ибн Ади ибн Кағб. Омар ибн Хаттаб (р.а.) құрайыш тайпаларының біріне жатады. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) атасы  Кағб ибн Луайй хазіреті Омардың да жетінші атасы болып келеді.

Омар ибн Хаттаб (р.а.) текті құрайыштықтарға жатқандықтан тайпа арасындағы талас-тартыста немесе басқа тайпалармен болып тұратын әскери қақтығыс кезінде елшілік қызмет атқарған. Омардың (р.а.) лақап есімі – Әбу Хафса. Сонымен қатар пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған Омар әл-Фаруқ (шындық пен өтіріктің арасын айырушы) деген ат берген. Омар (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) 13 жыл кейін туылған.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

философ.ғ.к., дінтанушы

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбарға көп құрмет көрсеткен сахаба

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121096 бөлісті
    Бөлісу 48438 Твитерге 30274
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00