Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рим патшасы мен сахабаның оқиғасы

17.10.2017
- Қоғам
0
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Римдіктер ардақты Хузайфа (р.а.) мен бірнеше сахабаларды тұтқындап, патшаларына алып келеді. Патша Хузайфаның Ислам дінінен шығып, христиан дінін қабылдауын талап етеді. Хузайфа бұлай жасаудан бас тартады. Оны қапасқа қамап, қинайды. Сонда да Хузайфа Ислам дінінен бас тарпайды.

Әбден шөл қысып, қарны ашқан оның алдына патша доңыз еті мен ішімдік береді. Хузайфа бұдан дәм татпай, аш қалуды жөн көреді. Мұнан соң оған:

– Егер дініңнен бас тарсаң, саған қызымды беремін және мүлкіме ортақ боласың, – дейді.

Хузайфа бұдан да бас тартады. Сонда суы қайнап тұрған аса үлкен қазанды алып келіп, ішіне тірі тұтқынды тастайды. Қазанның суы одан бетер бұрқырайды. Хузайфа мұны көзімен көреді.Геракл оған:

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

– Сен дініңді тастайсың, не сені осы қазанға тастаймыз, – деп шарт қояды. Хузайфа жылайды. Енді Хузайфа дінін тастайды деп ойлаған Геракл одан:

– Неге жыладың? – деп сұрайды.

Хузайфа оған:

– Жүз жанымның болғанын қалап тұрмын. Мен қазір олардың барлығын Алла үшін құрбан етіп, өзім өлер едім, – дейді.

Хузайфаның дініне деген беріктігін көріп, Геракл қайран қалады. Хузайфаға:

– Қасыма кел. Менің басымды сүй, сені бос қоямын. Бұл менің шын сөзім, – дейді.

Хузайфа (р.а.):            

– Жоқ. Менімен бірге қалған мұсылман тұтқындарын босатсаң ғана осылай жасаймын – дейді. Геракл:

– Сенің дегенің болсын, – деп Хузайфамен бірген оның қасындағы тұтқындарды да босатуға келіседі.

Хузайфа патшаның басын сүйеді, патша олардың барлығын босатады. Сөйтіп, олар Мәдинеге оралады.

Мұсылмандардың әмірі, Омар ибн Хаттаб (р.а.) Хузайфаны шақырып, римдіктер мен Рим патшасы Геракл оларға не жасағанын сұрайды. Хузайфа (р.а.) болған уақиғаның барлығын Омарға (р.а.) айтып береді.Омар:

– Мен саған екі сұрақ қойғым келеді. Біріншісі, не үшін доңыздың етін жеп, шарапты ішпедің. Алла тағала: «Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса…» (Мәида: 3) деп мәжбүр болғанда харам етті жеуге рұқсат берді емес пе? – деп сұрайды.

Хузайфа (р.а.):

– Уа, мүміндердің әмірі! Доңыздың етін жемеуім және шарапты ішпеуімнің себебі – олар Исламнан қандай болса да, осалдық іздегенін қаламадым, – дейді.

Бұл жауапқа Омар (р.а.) қуанып қалады. Ол Хузайфаға екінші сұрағын қояды:

– Рим көсемі, Гераклдың басын неге сүйдің? – деп сұрайды.

Хузайфа:

– Мен ерінімді оның басына қойған уақытта, оны сүймедім, керісінше оның басына менің түкірігім тиді. Ол сүйді деп ойлады, – деді.

Омар (р.а.) Хузайфаның бұл ісіне тағы да риза болып, халықтың көзінше оның басып сүйеді де:

– Хузайфаның басын сүю әрбір мұсылманның ақысы, – деп айтады.

 

Әңгімеден алатын пайдалы сабақ:

Дінге ықыласты болу. Әңгімедегі Хузайфаның (р.а.) әрекеті оның дінге деген ықыласын білдіреді. Хазіреті Омар (р.а.) одан не үшін патшаның айтқанына көніп, жаныңды аман сақтап, арақ ішпедің, доңыз етін жемедің деген сұрағына оның берген жауабы:

– Уа, мүміндердің әмірі! Доңыздың етін жеп, шарапты ішпеуімнің себебі олардың Исламнан қандай болса да, осалдық іздегендерін қаламадым, – дейді.

Бұл жерде біз Хузайфаның дін үшін қаншалықты жан ашитынын көреміз. Адамның дінге деген ықыласын кейбір ғалымдар: «Ғылым – дән, амал қылу – егін, ал ықылас – оның суы», – деп айтады екен. Алла тағала ықылас туралы былай деп хабар береді:

«Ол тірі, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нағыз ынтамен Өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысына лайық» (Ғафир: 65).

Әбу Һурайра (р.а.) ықылас туралы мына хадисты риуаят қылған:

«Күмәнсіз Алла сендердің дене бітімдеріңе және пішіндеріңе назар салмайды бәлкім, сендердің жүректеріңе қарайды» (Мүслим).

 

Екінші пайдалы сабақ

Исламда көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мұнда басқа діндегі сияқты өлсең де тірілсең де сол (белгілі бір) амалды орындауың міндет деп адамды мәжбүрлемейді. Қайта сол амалдың жеңіл орындау жолдарын қарастырады. Алла Тағала пендеге шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. Алланың жеңілдік берген үзірлі адамдары және білгілі жағдайлары бар.

Жоғарыдағы әңгімеде де хазіреті Омардың:

– Мен саған екі сұрақ қойғым келеді. Біріншісі, не үшін доңыздың етін жемедің, шарапты неге ішпедің. Алла тағала: «Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса…» (Мәида: 3) деп мәжбүр болғанда оны жеуге рұқсат берді емес пе? – деп сұрауы» – дінде жеңілдіктің бар екенін айқындайды.

Сол сияқты Құранда көптеген аяттар діндегі жеңілдік туралы хабарлайды. Мәселен, «Қашанда Аллаға, елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылық істеушілерге жауапкершілік жоқ. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді» (Тәубе: 91).

Сондай-ақ: «Ей, Мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немсе жолаушы болса, басқа күндерде төлер…», – деп исламдағы бес парыздың өзіне де үзірлі кісілер үшін жеңілдіктер қарастырылған (Бақара: 183-184).

Бұл Алла Тағаланың пенделеріне жіберген жеңілдіктері және көрсеткен сансыз мейірімі. Дін исламның жұмсақтығын осыдан да  байқауға болады. Пайғамбардың да (с.ғ.с.) «Дінді жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар. Дінге қуантып шақырыңдар, қашырмаңдар!» – деген хадисі де дінде жеңілдіктердің бар екенін айғақтай түседі.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

философ. ғ.к., дінтанушы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам деген не?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121067 бөлісті
    Бөлісу 48427 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00