Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран – құндылықтар энциклопедиясы

05.10.2017
- Ислам
0
789
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құранда адамның дүниеге келу мақсаты – Аллаға құлшылық жасау екені түсіндірілді. Өйткені, Құрандағы басты мәселе – адам, оның өмірі, мақсаты мен мәні. Сондықтан, Құранда мораль, адамгершілік, ахлақ ілімі деген сияқты т.б. құндылықтар баса айтылады.

Алла Тағала:

«Кітапта еш нәрсені қалдырып кетпедік», – деген (Әнғам: 38).

Құран – мұсылман үшін үстелдің үстіне қойып қоятын тәрбие кітабы. Құран – кейбір адамдар үшін моральді заңдарға толы, тәлім мен тәрбиені қамтыған, тұрақты мазмұны бар және терең адамгершілік мәнге ие қасиетті кітап. Басқалар үшін – әлемдік мәдениет ескерткіші, көркем сөздің ғажап туындысы, өнердің сарқымас көзі. Бұлай дейтініміз – Құранды оқыған да, естіген де ерекше сезімге бөленеді. Осы орайда ислам тарихы сахынасында көрініс тапқан мына оқиғаны еске алсақ болады:

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Бірде Алланың елшісі (с.ғ.с.) кеш бата Айша анамызды (р.а.) күтіп отырады. Айша анамыз біраз кешігіп келеді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған:

– Неге кеш қалдың? – деп сұрайды.

Анамыз:

– Бір адамның Құран оқығанын естіп тұрақтап қалдым. Мен одан асқан көркем дауыс естігенім жоқ – деп тамсана жауап береді. Бұған қызыққан Алланың елшісі (с.ғ.с.) орнынан тұрып, әлгі тарапқа бет алады. Ұзақ уақыттан соң келіп:

– Бұл, Салим ғой. Менің үмбетімнің ішінен осындай адамды шығарған Аллаға мақтау болсын! – дейді.

Дәл сол сияқты хазіреті Омардың да мұсылман болуына «Таха» сүресінің оқылуы әсер еткен болатын. Ол кісі бұл сүрені естіп, мазмұнына зер салып, қайран қалды. Алла жүрегіне иман беріп мұсылман болды. Құрайыш мүшриктерінің де қорқуы бекер емес еді. Себебі, Құран аяттарын тыңдаған әрбір мүшрик оның мазмұнына терең бойлап, мұсылман болып кетіп жатты. Сол себепті олар Құранды тыңдауға қатты тиым салған болатын.

Құрандағы адамгершілік ұстанымдардың негізгі мазмұны – жақсылық пен жамандықты анық айыра білу. Осылайша, исламда ахлақ қағидаларын ұстану – әрбір адам үшін міндетті. Қазіргі жаһандану заманындағы қоғам ұғымында Құрандағы адамгершілік құндылықтар барлығына ортақ болып келеді. Рухани жүдеп, әлсіреген әлеуметтік әрі экономикалық жағдайымызға көптеп көңіл бөліп, жан дүниеміздің ахуалына немқұрайлық танытқан біз үшін осы құндылықтар аса қажет.

Құран адамгершілік ережелерін тек теориялық тұрғыдан танытумен ғана шектелмейді, керісінше, оларды мораль ережелері ретінде күнделікті тіршілікте қолдануды талап етеді. Себебі, ахлақ қағидаларын іске асырудағы негізгі құрал – талап.

Бұл өз ішіне исламдағы моральдік құндылықтар мен өмірдегі адамгершілік қатынастарды қамтиды. Адамгершілік талап дегеніміз – ішкі әлемнің құндылықтары мен мазмұнын сыртқы дүниеде іске асыру. Рухани дүниеге көп көңіл бөлген мұсылман қауымы үшін адамгершілік адамның ахлағы ретінде қоғам санасын басқаратын ортақ заң болмақ. Сондықтан Құран адамгершілік нормаларын жинаған – тура жол кітабы:

 «Негізінде, осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүминдер үшін әрине зор сыйлық бар екенін сүйіншілейді» (Исра: 9).

Адам Құранда бір еріксіз, ешбір құқығы жоқ көнгіш жаратылыс ретінде қаралмайды, қайта ол өзі өмір сүріп жатқан ортадағы өмір жағдайымен және Исламда адамның қимыл-әрекетіне көркемдік береді деп танылған мораль ережелерімен қалыптасатын тұлға ретінде танылады. Адамды тұлға ретінде анықтайтын басты нәрсе, ол оның дүниеге көзқарасы. Бұл нәрсе адамға қоғамдағы басқа адамдармен және өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауына негіз қалайды. Оған басқа болмыстарға тереңірек үңіліп, олардың мәнін түсінуге жәрдем көрсетеді.

Адам үшін мұндай көзқарасты оны және күллі әлемді бір бүтін еткен Құран береді. Құрандағы мораль адамға өзінің жеке қасиеттерін көрсетуі үшін белгілі деңгейде мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жекеліктің негізгі мазмұны, адамгершілік. Адамның шығу тегінің асылы мен затының бір екенін баяндаған Құран, оның жеке әрі ерекше қасиеттерінің де болатынын хабарлайды. Адам осындай қасиеттерінің арқасында қоғамда жақсы көрінеді, Алланың сүйген құлдарына айналады. Себебі, адамның жекелігі, оның рухани дүниесімен: парасаттылық, әдептілігі мен рухани талпыныстың күштілігімен және сол сияқты т.б. қасиеттермен тығыз байланысты.

Ибн Масғут (р.а.): «Егер білімді қаласаңдар, онда Құранды оқыңдар. Күмәнсіз, оның ішінде бұрынғылар мен кейінгілердің білімі бар», – деп айтқан.

Құранда шариғат заңдары мен үкімдерін, олардың барлық негіздері мен тармақтарын табамыз. Себебі, Алла Тағаланың кітабы дін істерінің барлық негіздері мен тармақтарын, амалдары мен ақида мәселелерін қамтиды. Кімде-кім Алла Тағаланың Кітабына сенсе және ондағы айтылғандарға тиісінше адалдықпен амал қылса, өзінің лайық марапатына ие болмақ. Тіпті, Құранды дұрыс оқыған адамның өзіне арнайы мақам бар. Бұл тақырыпқа қатысты Айша анамыз (р.а.): «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Құранды жетік оқушы адам құрметті періштелермен бірге болады. Кім оны ежелеп, қиындықпен оқыса оған екі сауап жазылады», – деп айтты» деген риуаятты келтіреді (Бұхари, Мүслим).

Сондықтан да Құран тек бір жақты кітап емес, әмбебапты кітап деуге де толық негіз бар. Оған амал етіп қана қоймай, естісеңіз де сауап, оқысаңыз да сауап бар.  Ал мұнда айтылған адам құқығы, қоғамдағы қарым-қатынас, ата-ана орны, отбасы, бала-шаға тәрбиесі, көрші, жолаушы мен жесірдің, жетімнің ақысы, әдептілік ережелері мен т.б. талаптар қоғамды бірлік пен ынтымаққа, бейбіт өмірге шақырады.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

философ.ғ.к., дінтанушы

Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Укол немесе система дәретті бұза ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00