Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ісі мен сөзі сәйкеспейтін «браттардан» шаршап кеттім…»

11.10.2017
- Ағымдар ақиқаты
0
128
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Дархан, намазды алғаш қашан, кімнен үйрендіңіз?

– Қателеспесем, 2 курста оқып жүрген кезім. Дінге деген қызығушылығым оянып, өз бетімше ислам жайында уағыздар тыңдай бастадым. Абдуғаппар Сманов, Дарын Мубаровтың уағыздарын тыңдап жүрдім. Кейін қаладағы «Нұрдәулет» мешітіне жақын дүңгіршектердің бірінен «Намаз оқып үйренейік!» деген кітапша сатып алып, намаз оқуды үйрендім.

– Діни теріс ағымға қалай түстіңіз?

– Әуел баста осы кітаптан үйренгенім бойынша оқып жүрдім. Бірақ, кейін бірер намазхан бауырларым бұлай оқу дұрыс емес деді. Сөйтті де, өздерінің оқылу тәртібін үйретті. Солардың айтуы бойынша, намазды қайта-қайта қол көтеріп оқып жүрдім. Әминді сырттай айтатын болдым. Сақал қойдым, балақты қысқарттым. Әйелім арнайылап ниқаб кимесе де, орамалының шетімен бетін жауып, бүркеніп жүрді. Қазір ойлап отырсам, бастапқыда бізде сыртқы келбетке деген еліктеушілік басым болған сияқты. Солар не жасаса, соны қайталадық. Діннің дұрысы осы деп ойладық. Бір жағынан, исламды енді тани бастағаныңда кез-келген ақпаратты тез қабылдауға бейім тұрасың ғой. Әрі діни сауатымыз да аз болды.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

– Ал білім алуыңызға не кедергі болды?

– Ешқандай кедергі болған жоқ. Басында діни кітаптарды сатып алып оқитынмын. Неке, исламдағы отбасы, сахабалардың өмірі туралы. Бірақ мешіттегі имамдардан арнайы сабақ алған жоқпын. Оған да бұрынғы ортам әсер еткен шығар. Себебі, олар имамдарды тыңдамаңдар деп айтатын. Бір отырыста сондайды өз құлағыммен естігенім бар. Бірақ қай имамды айтқаны нақты есімде жоқ.

– Әлгі өзіңіз айтқан ортаның бұрыс жолда екендігіне қалайкөз жеткіздіңіз?

– Былтыр күзде Ақтөбеге көп теолог мамандар келді. Жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонда Бауыржан Әлиұлы есімді ұстаз менімен жеке сөйлесті. Намазды қалай оқисың, дәретті қалай аласың деп сұрады. Бәрін жасырмай айттым, қарсылық танытқан жоқпын. Кейін ол мәзһаб ұстану керектігін айтты. Маған бұрын намаз үйреткен жігіттер адасып жүр деді. Олардың тек намазда емес, Алланы тануда да қателіктері бар екен. Алланы адамға ұқсатады, Оған ағза, мекен береді дегендей.

Шыны керек, бұл мәселеде менің білімім аз. Осы уақытқа дейін ол туралы ешкіммен тартысып та көрмеппін. Ал Бауыржан деген ұстаз маған осының бәрін түсіндірді. Алла ешбір жаратылысқа ұқсамайтындығын, Оған ағза беру дұрыс еместігін айтты. Алдағы уақытта сауал туындаған жағдайда хабарлас деп, өз телефон нөмірін қалдырды. Осы кездесуден кейін көп ойландым. Онсыз да соңғы кезде намазхан таныстарымның кейбір істері маған ерсі болып көрінетін. Суннамен жүреміз дейді, бірақ екі сөзінің бірі былапыт-боғауыз. Кейбіреуі шегеді деп те еститінмін. Қарыз алса, қайтармайды. Адамға мурджи (адасқан ағым) не басқа деп оңай жала жаба салады. Көздерінде түк мейірім жоқ. Дарын, Ділмұраттардың уағыздарын тыңдайды. Ал естуімше, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы террористік іс-әрекеттерді ұйымдастырғандар осылардың уағызын тыңдайды екен. Осыдан кейін олардан жиреніп кеттім. Істері мұсылманшылыққа жат мүлдем. Суннамен жүреміз дегендері әшейін сөз ғана.

–  Қазіргі таңда теологпен хабарласып тұрасыз ба?

– Алдағы уақытта хабарласып, сауал жолдағым келеді. Бірақ қазірдің өзінде керек ақпаратты мешіт имамдарынан сұрап-біліп жүрмін. Жуырда өкіл имам Төлеби Оспанның қабылдауында болдым. Біршама әңгімелестік. Көкейде жүрген біршама сауалдарға жауап алдым. «Браттар» айтқандай, имамдар жаман адам емес екен. Керісінше, ол кісіден жанашырлық пен достық ілтипатты көрдім. Мені курсқа шақырды. Қазіргі таңда «Нұр Ғасыр» мешітіндегі діни сауат ашу курсына барып, ұстаздардан сабақ алып жүрмін. Негізі қалада тұрмаймын. Жеке көлігім болғандықтан ауылдан қатынап болса да, келіп жүрмін. Себебі білімнің маңыздылығын түсіндім. Қазір бос уақытымда Ерсін Әміре, Арман Қуанышбаевтардың  уағыздарын тыңдаймын.

– Отбасыңызда неше адам намаз оқиды? Олардың діникөзқарастары қандай?

– Үйде төрт ағайындымыз. Анам мен жұбайым ғана намаз оқиды. Екеуі де мәзһабты ұстанып жүр. Әйелім де қазір бетін бүркемейді.

–  Дінге жаңадан бет бұрушы жастарға жеке тәжірибеңіздетүйгеніңізден не айтар едіңіз?

–       Білім алу керек. Бірақ, беталды емес. Мешіттен, имамдардан. Теологтарды тыңдау керек. Елімізде саған ешкім намаз оқыма, дінді ұстанба демейді. Оған толық еркіндік берілген. Соның қадірін білуіміз керек.

–  Сұхбатыңызға рахмет!

Ақтөбе қаласы

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Омар мен қызметшінің оқиғасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00