Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәннаттың сыйын сұраған сахаба

08.09.2017
- Қоғам
0
317
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Уа, Алланың елшісі! Әли мені көрген уақытта, маған бірінші болып сәлем бермейді.Керісінше, ол менің сәлем бергенімді күтіп тұрады – деп Әлидің (р.а.) үстіне шағым айтып келеді.

Алланың елшісі (с.ғ.с.) Әли ибн Әбу Талибты (р.а.) өзіне шақырады. Кейін:

– Ей, Әли! Сен Омарды көрген кезде неге оған бірінші болып сәлем бермейсің?  деп себебін сұрайды.

Сонда Әли ибн Әбу Талиб (р.а.):

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Мен сіздің: «Кім бауырына бірінші болып сәлем берсе, Алла оған жәннаттан бір қасыр (сарай) көтереді» – деп айтқаныңызды естіген едім. Сондықтан мен Омар маған бірінші болып сәлем беріп, әлгі жаннаттағы сарайға ие болуын қалаймын. Сондықтан оны көрсем де маған бірінші болып сәлем беруін күтемін – деп жауап береді.

 

Әңгімеден шығатын пайдалы сабақ

Сәлем сүйіспеншілікті күшейтеді.

Қазақ: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал тұрып сәлем берер», – деп бекер айтпаған. Бұл қазақтың әдептілігін, қонақ жайлылығын білдіреді. Ислам мәдениетінің халқымыздың дәстүрімен біте қайнасқанын көрсетеді.

«Сәлем» сөзі, әдетте, сөз бастаған уақытта бірінші айтылатын және адамдар бір-бірімен кездесіп, мал-жанының амандығын білдіретін сөз. Бұл сөз туыстық пен достықты күшейтеді, адамның көкірегіндегі мұң мен машақатты кетіріп, орнына шаттық пен қуаныш сыйлайды.

Әбу Һурайра (р.а.) сәлем беруге қатысты пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисын жеткізеді:

«Алла тағала Адамның (ғ.с.) бойын отыз шынтақ етіп жаратты. Сөйтіп оған: «Барып аналарға сәлем бер! Кейін олардың саған берген жауабын тыңда. Сол сенің және сенің үмбетіңнің сәлемі болмақ», – деп бұйырды. Ол жақта топ-тобымен періштелер отырған болатын. Адам (ғ.с) барып періштелерге:

– Әс-Сәләму ғалейкум – деп сәлем береді. Періштелер:

– Әс-Сәләму ғалайка уа рахматуллаһи – деп жауап қатты». Сәлем берудің төркіні осыдан шығады екен.

Сәлемді бірінші берген адамға сауап жазылады, ал сәлемді қайтару – уәжіп. Егер басқаның берген сәлемін қайтармайтын болса, ол адамға күнә есептеледі. Егер адамдар кездескен уақытта бір-біріне сәлем берсе, олардың сол аралықта бәле-жаладан аман екенін білдіреді. Ал егер адамдар қоштасу барысында «әс-сәләму алейкум» деп айтатын болса, онда олардың басқа кезде саулықта болып, жақсы хабармен қауышуды тілегендіктерін көрсетеді. Алла Тағала Құранда сәлем беру керектігін айтады:

«Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шексіз Алла әр нәрседен есеп алушы» (Ниса: 86).

Құранда айтылғандай, сәлем берген кісінің сәлемін алған адам, оның сәлемін одан да жақсырақ етіп қайтаруы керек.

Егер біреу сізге: «Әс-сәләму ғалейкум» (Сендерге есендік болсын) десе, оған: «Уа ғалейкумус-сәләм уә рахматуллаһ» (сендерге де есендік және Алланың мейірімі болсын), – деп сәлемін артығырақ қайтару керек.

Ал енді ол: «Әс-сәләму ғалейкум уә рахматуллаһи»  (Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын) десе, оған: «Уә ғалайкумус-сәләм уә рахматуллаһи уа баракатуһ» (Сендерге есендік және Алланың мейірімі мен берекесі болсын) деп одан да жақсырақ қайтарған дұрыс. Сәлемді берген кісіден жақсырақ етіп қайтару турасында пайғамбардың да (с.ғ.с.) мынадай хадисі бар:

 «Нәбиге (с.ғ.с.) бір адам келіп: «Әссәләму ғаләйкум» (Сендерге есендік болсын), – деді. Нәби (с.ғ.с.) оған жауап бергеннен соң ол адам отырды. Кейін нәби (с.ғ.с.): «Он», – деп айтты. Осыдан соң екінші  адам келіп: «Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ» (Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын), – деді. Нәби (с.ғ.с.) оғанда жауап бергеннен соң, ол адам жайғасады. Кейін нәби (с.ғ.с.): «Жиырма», – дейді. Осыдан соң үшінші адам келіп: «Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ» (Сендерге есендік және Алланың мейірімі мен берекеті болсын), – дейді. Нәби (с.ғ.с.): «Отыз», – деп айтты».

Бұл жерде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «он», яғни бірінші келген адамның «Әссәләму ғалейкум», – деп сәлемдескені үшін он сауап, «Жиырма», яғни екінші келген адамның «Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ», – деп сәлемдескені үшін жиырма сауап, «отыз», яғни үшінші келген адамның «Әссәләму ғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп сәлемдескені үшін отыз сауап алғаны жайында айтылған (Дәут, Термези).

Екінші пайдалы сабақ

Кішінің үлкенге сәлем беруі – сүннет. Әбу Һурайрадан (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с):

«Көліктегі адам жаяуға, жаяу адам отырғанға және аз адам көпшілікке сәлем береді», – деп айтқандығы риуаят етілген (Бұхари, Мүслим).

Имам Бұхаридың риуаятында: «Жасы кіші – жасы үлкенге (сәлем береді)», – делінген.

Сүннет бойынша: Кіші – үлкенге, көпшілік – отырғандарға, көліктегі кісі жаяуға көлігінен түсіп сәлем беруі қажет.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет рахым қылмағандар бізден емес», – деген пайғамбарымыз (с.ғ.с.).

Ислам адамдар арасында сәлемнің жие берілгенін, айтылғанын мақұл көреді. Сәлем сөзін өзара тарқатуға шақырады:

«Толық иман келтірмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар. Араларыңда сүйіспеншілік орнықпайынша толық иман келтірген болмайсыңдар. Араларыңда сүйіспеншіліктің орнығуына себеп болатын нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер» (Мүслим).

 

Үшінші пайдалы сабақ

Адам өзі үшін жақсы көрген нәрсесін  бауыры үшін де қалауы керек.

Хазіреті Әли Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Кім бауырына бірінші болып сәлем берсе, Алла оған жәннаттан бір қасыр көтереді», – деген сөзін естіп, Омар үшін жәннаттан сарай болуын қалаған. Сол себепті Омармен кездескен шағында Әли оның бірінші сәлем беруін күтіп тұрған. Өйткені, пайғамбардың (с.ғ.с.) мынадай хадисі бар:

«Өздерің жақсы көргенді  бауырың үшін де жақсы көрмейінше сендер толық иман келтірмейсіңдер». Хадисті Әнас ибн Мәлик келтірген (Бұхари, Мүслим). Әлидің иманы кемел болғандықтан, өзіне қалаған жәннаттағы сарайды хазіреті Омар үшін де қалады.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

филос.ғ.к., дінтанушы

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Балғабек МЫРЗАЕВ: «Ислам – үрейдің діні емес!»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00