Жұма, 30 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сахабалар – Алла Елшісінің адал серіктері

25.08.2017
- Қоғам
0
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Терминдік мағынасына келсек, Алла Елшісін (с.а.с.)көрген, аз уақыт болса да Оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды өткен «сахабаға» жатады[2].

Сахабалардың «муһажирлер» және «ансар» деп аталуы

Муһажирлер: Пайғамбарымызға пайғамбарлық келгеннен кейін ең алғаш иман келтіріп, бүкіл қиындықтарға қарамастан Алла мен сүйікті Расулдың қауіпке толы жолында ешнәрседен тайынбаған жанкештілер. Ақиқат дінінің дәстүр-талаптары бойынша өмір сүре білу үшін Меккенің алынуынан бұрын Меккеден Мәдинаға туған жер, бала-шаға, шаруа-кәсіптерін Алла үшін тастап көшкен әзиз жандар. Олар – исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет атқарып, өшпес із қалдырған, Алланың ризашылығына және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйіспеншілігіне ие болған ардақтылар.

Мекке азат етілгеннен кейін һижрет ету біржолата тыйылса да, алғашқы муһажирлердің даңқтары, мәртебе-лері мәңгі сақталып қалды. Муһажирлік дәреже – ең жоғарғы дәрежелердің бірі болды. Құранда муһажирлер жайында былай делінеді:

“Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл етті: “Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал етушілердің амалдарын зая етпеймін. Және сондай босқындардың (муһажирлер), жұрттарынан шығарыл-ғандардың және Менің жолымда жапа шеккендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ бұл істерінің сыйы ретінде оларды астынан өзендер ағатын Жәннаттарға кіргіземін. Әрине, сыйдың ең жақсысы Алланың қасында” (Әли-Имран, 195).         

Ансар: Ансардыңөздік мағынасы – жәрдем ету. Терминдік мағынасы – ислам дінінің дәстүрлері бойынша өмір сүріп, оны таратуға Меккеден Мәдинаға көшкен Пайғамбарымыз бен муһажирлерді ыстық ықыласпен құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алған, оларды өздерінің күйбең тіршіліктерінен де жоғары қойып, барын солармен бөлісіп, қолынан келген жәрдемдерін аямай, муһажирлер-мен бауыр болып, бауырлары үшін қилы-қилы қиындық-тарға төзуге ризашылығын білдірген сахабалар.

Өмірлерінің соңына дейін ислам жолында қызмет етті. Олардың көмегінің арқасында муһажирлер мұқтаждықты білмеді, бір-біріне жәрдемдесулері мен  жанқиярлық-тарының дәнекерлігімен ислам мемлекеті құрылып, аз уақыттың ішінде һәм рухани, һәм материалдық жағынан басқа мемлекеттерді басып озды.

Ансардың жасаған жақсылықтары Құранда ерекше аталып, олар жайлы: “Міне, нағыз құтылушылар осылар”,– делінген[3].

Ансардың дәрежелерін Алланың Елшісі (с.а.с.)былай бағалап, аңғартқан:

“Һижрет болмағанда мен ансардың қатарынан табылар едім. Барлық адамдар бір жолға, ансар да басқа жолға түссе, мен ансардың жолымен жүрер едім. Аллаһым, ансарды, балалары мен олардың ұрпақтарын да қорғай гөр![4]”.

Муһажирлердің көшуі және ансардың оларға жәрдем етіп, қолдауының нәтижесінде Алла Расулы Мәдинаға көшті. Осылайша Мәдина ислам төңкерісінің орнығуы мен таралуының орталығына айналды. Ислам шуағын тарату орталығы болған бұл қала „Мәдина мунаууара” (нұрлы қала) деп аталды[5].

«Суффа» сахабалары

Пайғамбарымыз Мәдинада салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан көлеңкелік баспана жасатты. Көлеңкелікке арабшада «суффа» делініп, ол жерде тұрғандар «асхабы суффа» аталды.

Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өмірлерін Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тәлім алу жолына арнады. Олардың қажеттіліктерін Пайғам-барымыздың өзі және дәулетті сахабалар қамтамасыз етті.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ілімімен сусындаған бұл бақытты жандар аз уақыттың ішінде сахабалар арасында Құран, хадис және басқа да діни ілімдерді терең меңгеруімен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын Адамзаттың Ардақтысынан (с.ғ.с.) естігендерін жаттап,  кейінгілерге жеткізу жолында өткізді.      

Пайғамбарымыздың білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты.  Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурәйра, сонымен қатар Бәрә ибн Малик, Абдулла ибн Үнәйс сынды ғалым, тақуа сахабалар өсіп шықты. Құран Кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкіл қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

[1] Ибн Манзур, Лисануль-араб, Каир, т.ж., IV, 2400-1, схб.

[2] Ибн Хажар әл-Әсқалани, әл-Исәбә фи темиизис-сахаба, Мысыр, 1928, 1:7.

[3] Хашр, 9.

[4] Бухари, ас-сахих, Бейрут, манақибуль-ансар, 1,2; Муслим, ас-сахих, Бейрут, закат, 132-141.

[5] В.Иылдыз, Хидаиет иылдызлары, Измир, 2002, 4-5.

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Хадиске шарт қойған ғалымдар бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00