Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Садақа беріп озған сахаба

23.08.2017
- Қоғам
0
538
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде Табук ұрысына жасақ әзірлеу үшін Алланың елшісі (с.ғ.с.) адамдарды садақа беруге шақырады. Сахабалар өз тапқан дүниелерін Алланың жолында деп алып келеді. Құрғақшылық пен ашаршылық салдарынан машақатпен әзірленген бұл әскерді жұрт кейін «қиыншылық әскері» деп атап кеткен. Бұл жолы да Рим әскерімен ұрысқа дайындалып жатқан қолды жабдықтауға әркім қолынан келген көмегін көрсетті.

Османның қосқан үлесі тіпті зор болды. Ол жорыққа жарау-жабдығымен үш жүз түйе қосты және пайғамбардың (с.ғ.с.) бөлмесіне кіріп, мыңдаған динарды төгіп салды. Мұны көрген пайғамбар (с.ғ.с.) риза көңілмен:

«Бүгіннен кейін Османға не істесе де зиян келмейді», – деді. Ол бұл сөзін бірнеше мәрте қайталап айтты.

Омар ибн Хаттаб та (р.а.) дүниесінің жартысын алып келеді. Мұны көрген Алланың елшісі (с.ғ.с.):

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Уа, Омар! Отбасыңа не қалдырдың? – деп сұраған уақытта ол:

– Дүниемнің жартысын қалдырдым – дейді.

Кезек Әбу Бәкірге (р.а.) келеді. Ол мұсылмандар үшін үйіндегі барлық малын ортаға қояды. Мұны көрген Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Уа, Әбу Бәкір! Ал сен отбасына не қалдырдың? – деп сұрайды.

Әбу Бәкір (р.а.):

– Отбасыма Алланы және Оның елшісін қалдырдым – деп жауап береді.

Сонда ол кісі Алланың жолына деп барлық мүлкін алып келген екен.

 

Әңгімеден шығатын пайдалы сабақ

Қайырымдылық жасауда, садақа беруде асығып, бір-бірімен жарысу керек. Садақа Алланың құдіретімен садақа берушінің басына төніп тұрған күллі жамандықты, қайғы-қасіретті қайтаруға себеп. Алла тағала Құранда:

«Егер, садақаларды жасырын берсеңдер, ол қандай жақсы. Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін жақсы. Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды» (Бақара: 271).

Негізінде, пайғамбар (с.ғ.с.) осы Табук жорығына шығуды ұйғарғанда сахабалардан:

«Кімде-кім «Қиыншылық әскеріне» жәрдем етсе соған жәннат бұйырады», – деп әскер қосынын жабдықтауды, қаражат жағынан көмектесулерінжігерлендіріп сұраған болатын.

 

Екінші пайдалы сабақ

Садақа адамның өмірін жақсартып, байлығын молайтумен қоса адамдар арасында достық қатынасты орнатады. Бай мен кедейдің, дәулетті мен мұқтаждың арасын жарастырады. Өздеріңіз куә болғандай, әр садақаның өзіне тиесілі адамы, оның берер қайыры бар.

 

Үшінші пайдалы сабақ

«Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас».

Елдің басына күн туғанда азамат өзінің қолынан келетін көмегін аямау керек. Сахабалар қиын қыстауда үнемі бір-бірін демеп, сүйеніш болған. Әңгімеден байқағанымыздай, олар садақа мен қайырымдылық үшін өзінің дәулетін аямай жұмсаған.

Ел жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» – деп айтқан екен.

 

Төртінші пайдалы сабақ

Садақа беруден мал таусылады немесе дүнием кеміп қалады деп қорықпау керек. Бұл тақырыпқа қатысты мынадай оқиға еске оралады:

Бір күні Абдурахман ибн Ауф пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп:

– Менде сегіз мың дирһам бар еді. Алланың жолына төрт мың дирһамды беріп, қалған төрт мың дирһамды өз отбасына алып қалдым – дейді.

Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Сенің Алла жолында жұмсаған және отбасың үшін алып қалған дүниеңе Алла берекесін берсін! – де дұға қылады. Расында да Алла Абдурахман ибн Ауфтың малына береке дарытқан екен.

Ал енді Байһақи есімді ғалым садақа туралы: «Садақа берулерің арқылы, ризықты молайтыңдар», – деп айтқан.

 

Бесінші пайдалы сабақ

Садақаның мөлшері жоқ. Әрбір қайырымды іс – садақа. Бұған пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі дәлел болмақ:

«Адамдардың (тәніндегі) әрбір буыны күн шығатын әрбір күні садақа беруі тиіс: екі адам арасында (жанжал жықса) сенің әділ болуың – садақа. Кісіге мініс көлігіне жәрдем берсең және оны көлігіне демеп мінгізіп жіберсең немесе оның жүгін әперсең – садақа. Сол сияқты әрбір жақсы сөз сөйлесең – садақа. Намазға бара жатқандағы әр қадамың үшін де садақа жазылады. Адамдарга зарар келтіретін нәрсені жолдан алып тастасаң – садақа» (Бұхари, Мүслим).

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Фатиха» сүресінің ғажап мазмұны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00