Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Харам мешіті

17.08.2017
- Ислам
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мешіттің көптеген атауы бар. Олар: Бәйт (үй), Бәйтул-Атиқ (Көне үй), Бәйтул-Харам (Қасиетті үй), Бәйтул Мағмұр (Тұрғызылған үй), әл-Харам (Қасиетті, барлық жамандық қатаң тиым салынған), әл-Харам Макки (Меккенің қасиетті үйі), Кағба (Тіктөрт бұрыш) және т.б.

Харам мешіті – жер бетінде Алла Тағалаға құлшылық ету үшін салынған ең алғашқы мешіт. Сахаба Әбу Зарр (р.а.): «Уа, Алла елшісі! Жер бетінде ең алғаш қай мешіт салынған?,-деп сұрағанымда, Пайғамбар (с.ғ.с.): «әл-Харам мешіті»,-деп жауап берді. Мен: Сосын қай мешіт?,-дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ақса мешіті»,-деді. Мен: «Екі мешіт арасында қанша мерзім бар?»,-дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қырық жыл. Бұл екеуінің қайсысында болсаң да намаз оқы. Ол екеуі де құлшылық орны, мешіт»,-деді[1]»,-дейді.

Хадисте: «Харам мешітіндегі намаз басқа мешіттерге оқылған жүз мың намаздан абзал[2]» деп айтылған. Бұл дегеніңіз, елу бес жыл, алты ай және жиырма күн оқылатын намаз.

Ибраһим (ғ.с.) Кағбаны тұрғызып, адамзатты қажылық етуге шақырып жар салған уақыттан бұл мекен адам баласы үшін қасиетті де, киелі жерге айналды. Мекке тұрғындарымен қоса басқалар да Қағбаның құрылысына және күтіміне ерекше мән берді. Бұл Исламға дейінгі жағдай. Ислам келгеннен кейін Қағбаны мұсылмандар айрықша ардақ тұтты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде Кағба аумағы 1490 шаршы метр еді. Әбу Бәкір заманында да осы қалпында тұрды. Хазіреті Омар халифалығында топан селдің салдарынан Ибраһим мақамы бұзылып, Кағбаға едәуір зиян тиді. Халифа құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қақпалар қойып, мешітке шамдар орнатты. Осман халифа (р.а.) заманында мешіт айналасындағы үйдерді салып алып, Харам мешіті аумағын кеңейтті. Адамдарға саялайтын шатырлар орнатты. Осылайша, ең алғаш көлеңке үшін шатырлар қойылды. Аббасилер әулетінің халифасы Әбу Жағфар Мансұр заманында мешітті кеңейту жұмысы жанданды. Ол мешіт аумағындағы жерді тұтасқан мәрмәр таспен көмкеріп шықты. Зәмзәм бұлағына адамдар түсіп, кептеліс болмауы үшін оны арнайы қоршап қойды.

Бұған қоса, көлеңке шатырларын көбейтті. Халифа Маһди дәуірінде мешіт аймағы қатты үлкейтілді. Мешіт пен сағи жасайтын Сафа мен Мәруа арасындағы үйлер толығымен көшіріліп, қос төбе мешіт аумағына енгізілді. Құрылыс жұмыстары төрт жылға жуық жүргізілді. Осылайша, әр халифа өз үлесін қосып отырды.

Харам мешіті жер бетіндегі ең әуелгі және ең қасиетті мешіт. Бұл мешіт мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағының белгісі. Алла Тағала қалауымен ең қасиетті орынға салынған мешіт. Пайғамбарлардың атасы Ибраһим қолымен тұрғызылған құлшылық үйі. Қиямет күніне дейін мұсылмандар қажылық ниетімен келетін құт мекен. Ауасы салқын, жері жемісті ағашымен бай немесе өзен-көл жағасындағы шаһар болмаса да жүректер аңсап, ұмтылып тұратын рухани тартылыс күші қасиетті қала екені даусыз.

KazIslam.kz

[1] Бұхари, Муслим

[2] Бұхари

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мешіт ішіндегі жәннат бақшасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00