Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Күңді жақтаған сахаба

28.08.2017
- Қоғам
0
123
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күң жылап Омарға келіп:

– Қожайыным зина істедің деп кінәлап, мені қып-қызыл шоққа отырғызды, сөйтіп астым  күйіп қалды – деп шағымданды.

Халифа Омар (р.а.):

–  Қожайының сенің зина істегеніңді көзімен көрді ме? – деп сұрайды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Күң:

–  Жоқ, – деп жауап береді.

Халифа Омар:

–  Жоқ, зина жасағаныңды өзің мойындадың ба?

Күң тағы да:

–  Жоқ – дейді.

Халифа Омар:

–  Олай болса, қожайының менің алдыма келсін, – деп бұйырады.

Күңнің қожайыны халифаның алдына келгенде, Омар (р.а.):

–  Демек, сен мына күңіңді Алланың от азабымен азаптаған екенсің, солай ма? – деп сұрайды.

Әлгі кісі:

–  Ей, мүміндердің әмірі! Одан күмәнданған едім, – деп жауап береді.

Халифа Омар одан:

–  Оның зина жасаған кезінде үстінен түстің бе? – деп сұрайды.

–  Жоқ – дейді қожайын.

Омар тағы да:

–  Жоқ, зина жасағанын өзі мойындады ма? – деп сұрайды.

Қожайын тағы:

–  Жоқ, мойындаған жоқ – дейді.

Сонда Омар (р.а.):

–  Аллаға ант етемін! Егер мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Құлы үшін қожайыннан, баласы үшін әкеден кек алынбайды», – деп айтқанын естімегенде, мына күңге істегеніңді дәл өзіңе де істер едім – дейді дауыстап.

Сөйтті де, әлгі қатыгез кісіге жаза ретінде жүз дүре соқтырды. Күңге қарап:

– Басыңа бостандық бердім, бұдан былай Алланың разылығы үшін азатсың. Мен Алла елшісінің: «Отқа күйдірілген немесе көзі ойылған, құлағы, мұрны кесілген адам азат. Ол – Алла мен Оның елшісінің азаты», –деп айтқанын өз құлағыммен естіген едім», – деді.

 

Әңгімеден алатын пайдалы сабақ:

Исламда жәбір көрсетуге жол жоқ. Исламда сотқа шағымданып келген адамның дініне, нәсіліне, әлеуметтік статусына қарап үкім шығарылмайды. Ислам барлығына тең және бірдей қарайды.

«Ей, мүміндер! Алла үшін куәлік бергенде туралыққа берік болыңдар және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (Мәйда: 8).

Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәуірінде болған мына оқиға баласының тәрбиесі мен қамқорлығына таласқан ата-ананың сәбиге қатысты тартысын баяндайды.

Пайғамбарға (с.ғ.с.) бір сәбиге таласқан ата-ана келеді. Бұлардың бірі оның әкесі болса, екеншісі оның анасы еді. Сөйтіп, баланың әкесі:

– Уа, Алланың елшісі! Бұл бала менің белімнен шықты – деп балаға құқылы екенін айтты.

Сәбидің анасы:

 – Уа, Алланың елшісі! Ол бұл сәбиді белінде ұстады, қиналған жоқ. Ал  оны менің жатырыма салғанда шаһуатпен салды. Мен болсам сәбиді қарнымда тоғыз ай көтердім, босанған кезімде қатты толғаттым. Сөйтіп, оны екі жыл бойына үздіксіз еміздім, түндерімді ұйқысыз өткіздім – деп өзінің уәжін айтады.

Екі жақтың уәжін тыңдаған пайғамбар (с.ғ.с.) сәбиді анасының қолына береді. Сөйтіп, анасына мен жаңа туылған сәбидің құқығын қорғайды.

Ал енді басқа риуаятта сәбидің анасы:

– Уа, Алланың елшісі! Менің қарным бұл сәбиге үй болды, құшағым – сәбидің қорғаны, ал кеудем оның шөлін басатын сусыны болды. Ал әкесі болса, бұл сәбиді менен тартып алғысы келеді – деген екен (Ахмад, Әбу Дәуіт).

Осылайша Ислам адам құқығын қорғаудың жоғарғы идеалдарын көрсетеді. Бұлай дейтініміз, Ислам алғаш болып әйел құқығын қорғады, оған қоғамда тиісті өз орнын берді. Себебі, бұл дәуірде басқа мәдениеттердің қоғамдық өмірінде әйел заты екінші қатарда еді. Олардың қоғамдағы орны мен дауысы жоқ болатын.

 

Екінші пайдалы сабақ

Зұлымдық қылған адамның өзі тиісті жазасын алады. Әңгімеде көргеніміздей Омар патша:

–  Аллаға ант етемін, егер мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Құлы үшін қожайынына, баласы үшін әкесіне кек алынбайды», – деп айтқанын естімегенде, мына күңге істегеніңді дәл өзіңе де істер едім, – дейді дауыстап. Сөйтті де әлгі қатыгез кісіге жаза ретінде жүз дүре соқтырды.

Омар патша күң қыздың ақысын қайтарып, бұған қоса оның басына бостандық берді. Себебі, Алла тағала мен Оның пайғамбары осылай бұйырған.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Малды дұрыс бауыздау – денсаулық кепілі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00