Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ананың қадірін білмеген…

29.08.2017
- Қоғам
0
577
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

…Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан,

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы», – депті оған…

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бұл ананың жатырынан шыққан баласын өзінен де артық сүйетініне мысал. Өзіміз де анамыздың: «Мен ауырсам да құлыншағым ауырмасын», – деп ыстығы көтерілген баласын құшағына алып, күмбірлеп отырған сәттеріне талай куә болдық емес пе? Баласын осындай махаббатпен өсіріп-жетілдірген ананың ақ сүтін толық ақтау мүмкін де емес. Бір күні Алланың елшісіне (с.ғ.с.) бір адам келіп:

«Уа, Алланың елшісі! Менің анашымның жасы ұлғайып, бойынан қуаты кетті. Мен оған қызмет қылудамын: тамағын беремін, суын ішкіземін, киім-кешегін ауыстырамын. Мен оның ақысын өтей аламын ба?, – деп сұрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Жоқ. Сен анаңа қандай қызмет қылсаң да оның ақысын өтей алмайсың, – деп жауап береді.

Әлгі адам сонша машақат шексем де қалайша анамның ақысын ала алмаймын деген оймен:

– Не үшін, уа, Алланың елшісі!? – деп сұрайды.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Себебі ол саған сенің кішкентай шағыңда қызмет қылды және сенің өсіп-өнуіңді қалады. Ал сен болсаң оған оның жасы ұлғайған шағында қызмет қыласың және оның тезірек бақилық болғанын (өлгенін) қалайсың – деп жауап береді.

Өкінішке қарай осы хадисте айтылған жағдай өмірде жиі болатыны шындық. Расында да, ата-анасын қартайған шағында бағып-қағуға, оларға қамқорлық жасауға жалқауланып, олардың тезірек бақилық болғанын қалайтындар жоқ емес.

Хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Не үшін ана сүтін ақтау мүмкін емес?» – деген сұраққа ашық әрі нақты жауап берген. Біріншісі, анамыз бізді шақалақ кезінде бақты; екіншісі – біздің өсіп-өңгенімізді қалады. Ал біз, керісінше, оларға қартайған шағында қамқорлық міндетімізді естен шығарып, олардың бізді артық мазаламағанын қаламаймыз. Олар біздің бала  кезіміздегі «Мынау не?», «Неге?» деген сұрақтарымызға талмай жауап берді. Ал біз олардың қартайған шағындағы «Не үшін?» деген сұрақтарына емес, тіпті, өмірлік тәжірибемен жинаған ақыл-кеңестеріне де құлақ аспаймыз. Оларға елеп те қарамаймыз. Ана мен әкенің қартайған шағындағы арызы мен өтінішін естімеу үшін оларды қарттар үйіне өткізіп те жібереміз. Әрине, бұл біздің қазақшылығымызға да, мұсылманшығымызға да үлкен сын.

Жарайды, ата-анамызға қамқор болмағанымыз үшін бұл дүниеде ағайын-туыс, жора-жолдастардың алдында өтірікті шындай айтып ақталуымыз мүмкін шығар. Бірақ, Ақырет күнінде, бұл қылығымыз үшін Алланың алдында өтірік айтып, ақтала алмаймыз-ау. Өйткені, Алла тағала ата-ананы өмір бойы құрметтеп өтуге бұйырады:«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық…» (Ғанкабут: 8).

Пайғамбардың (с.ғ.с.): «Жәннат – ананың аяғының астында», – деген әйгілі хадисі де осы жағдайды айғақтай түседі (Ахмад, Нисай). Хадистің мағынасын аша түспек үшін мынадай мысал келтірсек болады: Дүкенде тұрған қымбат көлікті, бағалы әшекейді көп тер төгіп, ақша жинап қана сатып алуға болады. Оны ешкім тегін бермейді. Мұны жақсы білеміз. Дәл сол сияқты «жәннат» – құнды сыйлық. Алла тағала оны Өзіне иман келтірген, ізгі амал істегендер үшін марапат етіп тағайындады. Ал енді осы бағалы сыйлыққа жету үшін адам көп тер төгіп, мол сауап жинап, соны сатып алуы керек. Өйткені жәннатты да ешкім сізге тегін бермейді. Жәннатты сатып алу үшін «Ана сүтін ақтау» ережесін орындау шарт. Өйткені, жәннаттың бағасы – ата разылығы. Оларға мейіріммен қарап, көңілінен шығуға тырысып, ренжітіп алмау – үлкен еңбек пен ұстамдылықты қажет етеді. Бірақ, оның есесіне бұл істің қарсылығына берілетін жәннат, мәңгілік сыйы осыған тұрарлық емес пе?! Сіз өтпешіл аз ғана өмірде өзіңізді тұған, асырап өсірген, тәлім беріп аяғыңызға тұрғызған анаңызға қызмет қылғаныңыз үшін Алла тағала сізге мәңгілік жәннатты беремін деп уәде етті. Ал енді ананың қадірін білмеген адам, бақты басынан теуіп, жаннаттан бас тартқан адаммен тең. Қазақ: «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес», – деп берек айтпаған. Мұндай баладан елдің, жердің қадірін білетін, отансүйгіш ер азамат шығады деп айтудың өзі қиын. Өйткені ол туған анасына құрмет көрсетпеді. Ол адамнан қандай қайыр күтуге болады? Сол үшін баламыз иманды, көрегенді және тәрбиелі болсын десек, онда отбасындағы рухани тәлім мен тәрбиеге көптеу көңіл бөлейік ағайын. 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрбандыққа еркек мал шалған сауапты ма әлде ұрғашы мал дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00