Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Туыстық қатынас – мұсылманға парыз

01.06.2017
- Қоғам
0
2.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұны біз кейде ата-анаға жақын келетін ағайын-жұрт, нағашы жұрт, түпкі ата жұрт және т.б. атап жатамыз. Өйткені ата-анадан кейiнгi орын ағайын-туысқа тиесiлi. Ата, апа, әке, әже, ана, аға, іні, бауыр, әпке, сіңілі, қарындас және сол сияқты бұл тізбек ретімен кете береді. Бұлармен қатынасты үзбей, арадағы байланысты нығайту мұсылманның қасиетті борышы. Мұсылман туыстық байланысқа, ағайындармен арадағы қарым-қатынасқа мұқият болады:

«Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар және сендермен бірге соғысқандар міне, бұлар сендерден. Және туысқандар Алланың кітабында бір-біріне тағы жақын. Расында Алла барлық нәрсені толық біледі» (Әнфал: 75).

Ағайынға жылы сөйлеп, көрген жерде сәлем беріп, оның жағдайын, денсаулығын сұрап, амандығын тiлеу – сауапты іс. Мұндай жақсы амалға немқұрайлық таныту мұсылмағна лайық іс емес. Алла тағала ондай адамдарға лағынетін айтып, оларды соқырмен теңейді:

«…сендер жер жүзінде бұзақылық істеу туыстық байланысты үзу ғана деп үміт етесіңдер ме? Оларға Алланың лағынеті болып, саңырау және соқыр қылынғандар» (Мұхаммед: 22-23).

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Туыстық қатынас адамдардың арасында мейір-шапағатты оятады. Қоғамда адамдар туыс болып, бір-бірімен араласып, хабар алып тұрса қоғамда бейбіт өмір орнайды. Әлеуметтік жағдайы жақсы адам тұрмысы төменге көмек қолын созса, дені сау адам сырқат кісінің жағдайын сұраса, ағайын арасында мейірімділік, сүйіспеншілік және сыйластық орнайды.

Бірде пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сахабалары:

– Уа, Алланың елшісі! Кімге жақсылық жасайық (жақсылыққа лайықты жандардың ретін айтыңызшы), – деп сұрайды.

Сонда пайғамбар (с.ғ.с.):

– Анаңа, кейін әкеңе, содан әпке-қарындастарыңа, сосын аға-інілеріңе және олардан кейін тұратын ағайындарыңа (жақсылық жасау) уәжіп әрі  туыстық қатынас, – деп жауап берген.

Алла тағала Құранда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде туыстық қатынасты мұсылманның міндеті екенін айтқан. Бұл байланыстың қандай болуы керектігі де айтылған. Егер адам мұсылман сипатына лайық ағайын-туыспен қарым-қатынаста бола білсе, онда ол Алланың алдындағы уәдесін орындаған саналады:

«Олар сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерін бұзбағандар. Олар Алланың жалғасуы әмір етілген нәрсесін жалғастырып, Раббыларынын қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер» (Рағыд: 20-21).

Себебі, Алла тағала туыстық қатынастың жақсы болып жалғасуын әмір еткен. Сондықтан да мұсылман егер Алланың бұл әмірін орындамасам, онда Оның алдына барған уақыттағы менің жағдайым мүшкіл болмақ деген қауіппен туыстық қатынасты үзбек емес.

Әбу Һурайрадан (р.а): «Алланың елшісі: «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонаққа құрмет қылсын. Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, туыстық қатынасты жалғастырсын сондай-ақ, кім Аллағаа және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын немесе үн қатпасын», – деп айтты» деген риуаят келеді (Бұхари, Мүслим).

Келесі хадисінде туыстық қатынас туралы: «Туыстық байланысты жалғастырушы дегеніміз – сыйлық берген адам емес, бәлкім ағайынымен ренжісіп, кейін қайта байланыс орнатқан адам», – деген.

Хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыстық байланысты жалғастырушы деп туған-туыспен үздіксіз араласып отыратын кісіні айтып отыр. Мұндай адам қонаққа барғанда немесе туыстарымен кездескен уақытта оларға сый-құрмет көрсетіп, баларына шамасы келгенше ойыншықтар сыйлап жатады. Мұндай адам үлгілі мұсылман. Бірақ, ағайынмен ренжісіп, кейін Алланың разылығы үшін деп онымен қайта ағайындық қатынас құра белген адам – нағыз туыстық байланысты жалғастырушы. Себебі, ол өзінің мен-мендігін жеңді, оның туыстық байланысты қайта орнатуға жігері жетті. Сондықтан пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің хадисінде мұндай адамды нағыз туыстық қатынасты жалғастырушы деп көрсетіп отыр. Мұндай қадамға кез-келген адамның батылы жетпесі анық.

Алланың алдындағы мұсылманның уәдесіне қатысты Маймұн ибн Михран риуаятында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп айтқан:

«Үш нәрсе де мұсылман да, кәпір де бірдей: Кімге уәде берген болсаң, мұсылман болса да, кәпір болса да уәдеңде тұр. Өйткені, уәде Алла тағала үшін. Кімнің туысы болса, мұсылман болса да, кәпір болса да туыстық қатынаста болсын. Кім саған аманатын сенсе, мұсылман болса да, кәпір болса да, аманатын қайтар».

Исламда міндет, борыш сияқты қасиетті ұғымдар пендесіне қатысты болған уақытта Алла тағала мұсылмен немесе кәпір, иманды, имансыз деп айырмайды. Себебі, Алла тағаланың тоқсан тоғыз есімдерінің бірі – Әділ. Сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кімнің туысы мұсылман немесе қәпір болса да байланысын үзбеуге, алған аманатына қиянат жасамай иесіне қайтаруға бұйырады. «Ол менің туысым болғанымен намаз оқымайды» деп туыстық қатынасты үзуге немесе «Мұсылман емес адамның аманатына қиянат жасауға болады» деп аманатқа қиянат жасауға болмайды.

Хадиcте айтылғандай туыстық қатынаста адамның мұсылман немесе кәпір болуы ағайындық байланысты кедергі келтірмеуі тиіс. Мұсылман Алла тағалаға иман келтірген уақытта Құранда айтылған, хадисте көрсетілген жағдайларды орындаймын деп уәде біріп қойған. Егер ол осы айтылған міндеттерінің бірін орындамайтын болса, онда ол Аллаға берген уәдесін бұзғаны.

Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ,

философия ғылымының кандидаты

Бөлісу60Твитерге37Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Омар мен қойшы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00