Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазан – ізгілік атаулының тұма-бастауы

19.06.2017
- Ислам
0
150
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл айдағы кеш-құрым кездегі ауыз ашардың құттылығы мен таң сәрісіне тұрудың берекесі мол. Бұндай арайлы шақ көңілді сергітіп, жүрегіңді жылылыққа баулиды, адам даңдайсудан, мейманасы тасудан арылып, кішіпейілдіктің кілтін тауып, ерекше рухани күй кешеді. Мүміннің көкірек көзі ашылып, ішкі иірімдері тамаша үйлесімдікке бой алдырады. Сөйтіп, жаратылыстағы саналы тіршілік иесі екендігіне көз жеткізіп, оған мың да бір шүкір етеді.

Мүмін ізгі сезімдерге шомып, бұл айда өз-өзін бақытты санайды. Өйткені, мүмін бұл айда тамұқ есіктері жабылып, жұмақ есіктері ашылатынын, шайтандардың шынжырланып, байланатынын біледі. Бұл айда ынты-шынтымен ауыз бекітіп, рухы мен көңілін кір-қоқыстан тазартып ұстаған адамға шайтанның азғыруы өтпей, құрған тұзағы бос болып қалады. Себебі, бұл құлшылықтың мәнісін ұққанға, ораза күнәдан сақтайтын қалқан, жамандыққа қарсы бөгеу. Сонымен бірге, адам барлық періштелер жер бетіне түсетін айды бастан өткеріп, олардың пәк сезімдерімен бірге өмір сүреді.

Рамазан айында бар ықыласымен ораза ұстаушының   күнә жасайтын сезімдері суалып, керісінше сауап жасауға деген ұмтылысының ұясы ашыла түседі. Бұндай жақсылық жасауға мол мүмкіндік туған сәтте мүмін ерекше рухани шабытта болады. Ал, керісінше шайтанның жігері жасып, әл-дәрмені құриды. Таң сәрісінен ауыз ашарға дейін жалғыз қалғанда да немесе көпшілік ортада да ішіп жеуден тиып, ойды лайлап, бойды шырмайтын сезімдерден өзін-өзі тұсап, тия білу нәпсіні тәрбиелеудің үлкен мектебі екені белгілі. Әсілі, бұлай деп айту маңызды емес, бұл рухани күрестің ләззатына шомып, оны бастан кешіру шын мәнінде ғанибет. Себебі, Рамазан айындағы күндізгі нәпсімен күресіп, кешкі уақытта оның дәмі бөлек ләззатына қанығасың.

Рамазан айындағы рух майданындағы күрес біздің қарайған жүрегімізді ағартып, селкеу түскен көңілімізді жадыратып, сарғайған санамызға сілкініс туғызып, рухымызды тітіркентіп, таным көкжиегімізді арттырып, мұратымызды нақтылай түседі. Бұл айда айдында жүзіп көлдің шырайын келтірген аққу сынды, адамның ақылы өз дариясында еркін жүзіп, мәңгілік сөнбейтін сәуле Құран мен Сүннеттен жылу алып, ақыл өз арнасынан адаспай, адамдық болмысымыз өз биігіне көтеріледі. 

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Рамазанда ауыз бекітудің мағынасы тек ашқұрсақ болып жүру десек қателесеміз. Адам ашқұрсақ болғанмен,  тілімен жалған сөйлеп, күпір айтып, боқтан өзгені әңгіме қылып, шақпақ болып әркімді шағыстырып, у ішіп жатса, иманның тұрағы болуы тиіс жүрек керісінше лаң тудырудың апанына айналған болса, ашқұрсақ болып ораза тұтқанның ешқандай пайдасы болмайды. Онда, тек өз-өзіңді алдап шаршап-шалдыққаның қалады. Әсілі, ораза ұстаушының аузы қайырлы нәрсені сөйлеп, айтпас жерде тілін тартып үнсіз қалуы тиіс. Ораза ұстаушының тілі зікір немесе дұға жасап, жақсы сөздерді айтуы керек. Иманның тұрағы болған жүрек қорқыныш пен үрей, шайтанның азғыруы мен күмән, лаң мен іріткі салушылшық пиғылдан тазаруы шарт. Бұлардың орнына саналы сенім мен көркем мінезді қалыптастырып, менмендік, өзін-өзі аса жақсы көру, тек қарақан басын ойлау секілді бұзық пиғылдан ада болуы керек.

Ораза тұтудың негізгі мақсатын сай жүзеге асырған адам  ашқұрсақ болумен бірге қолы, тілі мен жүрегі де ораза тұтады. Адамның тұла бойы оразаның құндылығымен біте қайнасып, оразамен мұраттас болады. Ораза адамның өз нәпсісіне есеп берудің қайнар-көзі іспетті. Бейне жақсылық атаулының қайнар көзі іспетті. Рамазанның көк жүзі әрқашан нөсерлеп жаууға дайын рахмет бұлттарға толы болады. Кенезесі кеуіп кеткен көңілдің бұл рамазан рахметімен кемері толады. Қол, тіл, көңіл біріге отырып, рахмет бұлттарымен біте қайнасады. 

Мұхан Исахан,

 теолог PhD доктор

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қонаққа қызмет қолға су құюдан басталады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00