Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылман отбасы – бақытты жанұя (Екінші бөлім)

07.06.2017
- Қоғам
0
304
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

«Алланың елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасанды ақырын сүйген еді. Сол уақытта оның қасында әл-Ақрағ ибн Хабис әт-Тамими отырған болатын.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұндай махаббатын көрген Ақрағ:

– Расында менің он балам бар. Олардың бірін де сүймедім, – деп айтады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған қарап:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Кім рахымды болмаса, оған рахымдылық бұйырмайды, – дейді» (Бұхари). Басқаша айтқанда егер сіз Алла Тағаланың мейіріміне бөленуді, Оның жарылғауына ие болуды қаласаңыз, онда сол мейірімді, махабатты басқаларға бірінші болып өзіңіз беріңіз. Басқаларды жақсы көріңіз, құрмет көрсетіңіз. Әйтпесе бұл дүниеде һәм ақыретте Алланың мейіріменен мақұрым қалу қауіпі бар.

Келесі хадисте де пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) баласына деген махаббатын Әнас ибн Мәлик (р.а.) былай жеткізеді:

«Балаларға пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сияқты мейірімін төккен ешкімді көрмедім. Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұлы Ибраһим Мәдина шаһарының сыртында тұратын анасының қолында еді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) менімен бірге сол әйелдің үйіне барып, баласы Ибраһимді сүйіп қайтатын. Ибраһим қайтыс болған кезде Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Ибраһим менің балам. Ол емшектен шықпай қайтыс болды. Осы себепті оның жәннатта екі Әнасы бар. Олар оны емшектен шығу уақытына дейін емізеді, – дейді» (Мустахаб. Ибн Асакир. Хаиятус-Сахаба 3 том. 249 б.)

Расында да сүйіспеншілік көркем-мінезге жататын ізгі қасиеттердің бірі. Мұндай сипат тек бір ғана емес, отбасын, тіпті бүтін қоғамды жақсылыққа бастайды. Егер ерлі-зайыпты жастардың арасында осындай сипат кеңінен тарқайтын болса, жаңадан бас көтерген бүгінгі отбасылары тез ажырамаған болар еді. Отбасындағы сүйіспеншілік қасиеті отбасы мүшелерінің махаббатын күшейтіп, бір-біріне қатты сөз айтып, қадірін кетіріп, құқықтарын аяқ асты етпейді.

Құқық демекші, исламда жанұя мүшелерінің құқығы жан-жақты қорғалған: әке құқығы, ана құқығы, ұл мен қыздың, бала-шағаның, қызметшінің құқығы барлығы да ескеріліп, қарастырылған. Мысалы, Құранда ата-ананың құқығы турасында Алла тағала былай бұйырады:

«Сендерге Тәңір тек Өзіне ғана бойсұнуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі, әйтпесе, екеуі бірдей қартайып (қалжырап) қалса «Түһ!» деуші болмаңдар, зекіп ұрыспаңдар. Екеуіне де ізетті болыңдар» (Исра: 23).

Бұл ата-ананың отбасындағы мәртебесін, құрметі мен орнын көрсететін аяттардың бірі ғана. Дәл сол сияқты мұсылман отбасындағы балалардың да құқығы назардан тыс қалмайды. Исламда бұған қатысты оқиғалар көп мәселен, «Далилу әс-Саилин» кітабының «Бала-шаға» бабынан мына оқиғаны келтіруімізге болады. Әбу Бәкірдің (р.а.) халифалық дәуірінде бір жігіт келіп:

– Әкем мүлкімнің барлығын алып, жаратып жіберуді қалайды, – деп әкесінің қылығына арызданады.

Әбу Бәкір (р.а.) әлгі жігіттің әкесіне қарап:

– Шын мәнінде оның дүниесінің ішінде сенің үлесің белгілі бөлігі ғана, – дейді. Сонда әлгі жігіттің әкесі:

 – Уа, халиф! Пайғамбар (с.ғ.с.): Сен де, сенің малың да әкеңе тиесілі деп айтқан емес пе?! – дейді дауыстап.

Әбу Бәкір (р.а.):

– Ия, солай. Бірақ, бұл сөздің мағынасы – әкеңе қарайлас дегенді білдіреді, – деп түсіндіреді.

Оқиғадан көргендей отбасы мүшелерінің құқықтары анық көрсетілген және олар өмірде сақталуы тиіс. Егер адам құқығы тиісінше сақталмаса, онда кісі ақысы бұзылған саналады. Ислам осындай қарым-қатынас ережелері мен әдептерін азаматтардың бақытты, рахат өмір сүрулері үшін жасаған. Сондықтан да мұсылман отбасы «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ережесін сақтай отырып, мейірім, сүйіспеншілік сияқты көптеген адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, бақытты отбасына айналады. Бәлкім, отбасындағы бақыт пен мейірімділік жағдайына жету жолдарының бірі – жас жұбайлардың бір-біріне көрсетуі тиіс құрметі мен ізеті болар. Береке мен бірлік болған отбасында балалар да бақытты шақ кешіреді. Бақытты алыстан іздемей, қасыңнан, отбасы ішінен ізде. Қолымызда бар алтынның қадірін білейік.

 

 

 

Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ,

философия ғылымының кандидаты, дінтанушы.

Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әбу Бәкір (р.а.) және ауызашар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00