Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы тарихи таңдауы ма, жоқ әлде илаһи тағдыры ма?

09.06.2017
- Қоғам
0
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Арғы бабаларымыз Мөде, Атилла, Естеми, Төныкөк, Білге, Күлтегін және т.б. қағандар мен қылауыздар билік айтқан түркі қауымы (көпшілігі) бір Тәңірге ғана мойынсұнып, ерлігімен төрткүл дүниені тітіреткен, жаны жайсаң, өр рухты жауынгер халық болатын. Еуразия төсінде ат ойнатқан осы халық тарих белесіндегі небір талайлы тағдыр кешулерді басынан өткеріп, соңынан мұсылман үмбетіне айналды. Бұл сөз жоқ Жаббар Хақтың қалауы, яғни, илаһи тағдыр еді.

Хақ-Тағала Құран Кәрімде: اللّهُ مَن يَشَاء وَيَهْدِي مَن يَشَاء وَهُوَ «Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа тура жолға салады…» (Ибраһим, 4) деп бұйырады. Яғни, түркі жұртының басым көпшілігінің Хақ дінге мойынсұнуы – Ұлы Жаратушының таңдауы десек асыра айтқандық емес. Өйткені, Алла-Тағала бір қауымға тура жолда болуды жазса, оны ешкім де адастыра алмайтыны хақ. Ал, Жаббар Хақ бір қауымға һидаят (хақ жолы) бермесе, ол қауымды ешқандай бір күш тура жолға түсіре алмайды. Демек, Алаш жұртының Хақ дінмен қауышуы, тылсымнан келген илаһи пәрмен екендігі талассыз ақиқат.

Әсілі, Түркінің қарашаңырағына ие – Қазақ халқы өзін әлімсақтан (анамыздың құрсағында пайда болмастан бұрынғы – рухтар әлемі) мұсылман санайды. Алаштың айбоз ақыны Әбубәкір Кердері:

Уа, зор сүйінші айтпайын,

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Мұсылман болып туғанға.

Ләббәйкә деп рухым,

Хаққа мойынсұнғанға.

Шүкір айттың жарандар,

Жақсы мал шалып құрбанға

деп жырлағандай Алаш елі өзін рухтар әлемінде түзілген «әл-мисақ» (أَلَسْتَ بِرَبِّكُمْ قَالُواْ بَلَى شَهِدْنَا «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?», – дегенде, олар: «Әрине куәміз» деген») келісімшартынан бері өзін момын-мұсылман деп біледі. Осы себептен де Алаш баласы: «Әлімсақтан бері мұсылманмын» дейді. Ал, бұл діни наным – төл Ханафи-Матуриди ақидасы саналады.

Задында, жаһанды мекен қылған ұлттар мен ұлыстардың көпшілігіне һидаят нәсіп болған емес (нәсіп болғай!). Хақтың назарына ілігіп, мұсылман үмбетіне айналған жұрт мұқым ғаламдағы халықтың ширегін де құрамайды. Мысалы, Құранның тілінде сөйлейтін кейбір араб ұлттары әлі ислам дінін қабылдаған жоқ (Ливан). Ал, түркі қауымы Хақ дінмен хижраның ІІ ғасырынан бастап таныса бастап, Хазария (Х ғ), Қарақан (Х-ХІІІ ғғ) және Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-XIV ғғ) толығымен исламдану үдерісін басынан кешірді. Ғұмырын ат үстінде өткізген осы өр рухты, жауынгер көшпелі жұрттың алтын арқау, күміс жалғауы – Қазақ халқының ислам дінін қабылдағанына бүгінде мың жылдан астам уақыт болды. Әрине, оның тарихи себептері де бар. Десе де, неше мың ұлттар пен ұлыстардың ішінде жеті атамыздан бері мұсылман қауымы болып ғұмыр сүріп келе жатқанымыз үшін әлбетте Жаббар Хаққа «Әлхамдуллаһ» деп сансыз мақтаулар айтуға тиістіміз деп ойлаймын.

Мұхан ИСАХАН 

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам ғылымды ардақтайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121104 бөлісті
    Бөлісу 48442 Твитерге 30276
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00