Жұма, 27 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркілер туралы хадис бар ма?

27.04.2017
- Жаңалықтар
0
750
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мәшһүр Жүсіптің ел аузынан жинаған аңыз-әпсаналарында «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көзі тірісінде түркінің 92 руының өкілдері ислам дінімен танысуға Мекке-Мәдинаға сапар шегіп, Мұхаммедпен (с.ғ.с.) қауышты» деп айтылғанмен, классикалық ислам тарихшылары Ибн Кәсир, ат-Табари, Ибнул-Асир, Ибн Халдун, Якут, Ибн Фадлан, әл-Идриси, әл-Балазури, Ибн Хажар, әл-Мухаддиси және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде түркі жұртының VIІ ғасырдың екінші жартысы мен VIII ғасырдың алғашқы жартысында Хақ дінді насихаттаушылармен (фатх жорығын жасаушылар) бетпе-бет келгендігі баяндалады. Дегенмен, Хақ Елшісі (с.ғ.с.) түркілерге қатысты көптеген хадис-шарифтер айтқан еді. Олардың кейбріне тоқталар болсақ:

«Әбу Хурайра) былай деді: Алла Елшісі (с.а.у)айтты:«Сендер қысық көзді, қызыл шырайлы, таңқы мұрынды, бет-жүздері қабат-қабат тері қапталған қалқан тәрізді түріктермен соғыспайынша қиямет-қайым болмайды. Сондай-ақ, сендер аяқтарына жүннен киген бір қауыммен соғыспайынша қиямет болмайды» (Сахих әл-Бұхари).

«Мәртебесі биік Алла Тағала маған Иран мен Византияның алынатынын хабардар етті. Маған олардың әйелдері, балалары, құлдарын да берді. Себебі, қызыл шырайлылардың (түркілер) көмек беруімен мені құдіретті етеді» (Рашиб б. Са).

«Өлкені (дұшпандарға қарсы) қорғаудың күші онға бөлінеді: Оның тоғызы түркілерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді. Сараңдық та онға бөлінеді: оның тоғызы парсыларға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, жомарттық та онға бөлінеді, оның тоғызы судандықтарға, қалғаны өзге адамдарға беріледі, ар-ұят та онға бөлінеді, оның тоғызы әйелдерге, қалғаны өзге адамдарға беріледі, көре алмаушылық та онға бөлінеді, оның тоғызы арабтарға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, тәкәппарлықта онға бөлінеді, оның тоғызы римдіктеге, қалғаны өзге ұлттарға берілді» (ат-Табари).

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

26.03.2026
Ораза кестесі – 2022

Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

23.03.2026

«Түріктер сізге тисіпейінше байқаңыз сіздерде түркітерге тиіспеңіз. Өйткені, Алланың үмбетке берген бұл мүлкі (байлық) мен салтанатын алғаш болып Қантураұлдары тартып алады» (ат-Табарани).

«Жуық арада Қантураұлдары ирак тұрғындарын ирактан қуып шығады. Мен мұны өз көзіммен көрген секілді көрудемін. Олар қысық көзді, таңқы мұрынды, дөңгелек бет-пішінді адамдар» (Әбул-Камал.)

«Байқаңыз, хабашилер сізге тиіспейінше, сіздер оларға тиіспеңіздер. Сондай-ақ, түріктер де сіздерге тиіспейінше, сізер де түріктерге тиіспеңіздер» (ән-Нашаш).

«Түріктер сізге тиіспейінше сіздер де түркітерге тиіспеңіз. Өйткені, олар өте қатігез, қатал мінезді адамдар» (әл-Жубайни).

Аталған хадис-шарифтерге қарап Алла елшісінің (с.ғ.с.) түркілердің жауынгер халық екенінен хабардар болғанын байқауға болады. Ал, көрнекті ислам тарихшысы әл-Балазури «Әнсаф әл-Әшраф» атты еңбегінде (1 том, 160 бет) Аммар бин Ясирдің анасы Сумайианың шыққан тегі түркі болуы мүмкін екенін айтады. Демек, Хақ Елшісінің (с.ғ.с.) ислам тарихында алғашқы шахид болған осы қайсар анамыздың шыққан тегінен хабардар болған деп тұжырымдауымызға болады. 

Мұхан Исахан

Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Періштелер дұға жасасын десеңіз...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121658 бөлісті
    Бөлісу 48663 Твитерге 30415
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    523 бөлісті
    Бөлісу 209 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    425 бөлісті
    Бөлісу 170 Твитерге 106

Соңғы жарияланымдар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды
Жаңалықтар

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00