Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ ахун, ишан, әулие деп кімдерді атаған?

28.04.2017
- Қоғам
0
334
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір анығы, олардың барлығы да дін таратушылар болған. Біз ахун, ишан, әулиелер кім болғанын нақтырақ білу үшін ғаламтор кеңістігін біраз шарлап көрдік. Уикипедия — ашық энциклопедиясының мәліметтері бойынша, ахун  парсы тілінен енген сөз екен. Яғни, мұсылмандық діни лауазым. Баулушы, ұстаз мағынасында.

Ахун – Алла разылығы үшін халықтың діни сұранысына лайықты қызмет атқарған, уағыз-насихат айтып, халыққа дін ақиқатын түсіндірген. Олар ауыл балаларының діни сауатын ашып, сондай-ақ шариғаттың шарттарын, құлшылық-ғибадаттың жөн-жосығын үйреткен. Қоғам өміріндегі әр түрлі жиын-тойларда, жаназа-астарда діни-ғұрыптық қызмет атқарған. Ахун әдетте белгілі бір діни ғұлама ұстаздардан, атақты медреселерден ілім алған оқымыстылар болған, халыққа діни ағартушылық қызмет жасағандықтан өзінің білімдерін үнемі жетілдіріп отырған.

Ал ишан – әулие деген сөздің баламасы. Сопылық мектептің жетекшісі. Әулие – уәли сөзінің көпше түрі, мағынасы – ең жақын дос. Құран Кәрімде: «Біліңдер! Расында, Алланың достарына (әулие) қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Олар иман келтіріп, тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де ақыретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, ірі қол жетушілік осы [1]»,-деп баяндалған.

Уәли (әулие) – шамасы жеткенше Алла тағаланы және көркем сипаттарын біліп таныған, парыз құлшылығына аса мұқият, күнә істерден өте сақ мұсылман. Бірақ бұл періштелік деңгей дегенді емес, қандай да бір қате-күнә жасап қойған болса, тез арада тәубе етіп, жасаған қателігіне қатты өкінгендігі.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Демек, уәли (әулие) – Алла тағаланың досы. Алайда, пайғамбарлардан (с.ғ.с.) асқан Алла тағаланың дос жоқ екені аян. Пайғамбарлардан кейін сахабалардың мәртебесі биік тұрады.

Жақында әлеуметтік желілердің бірінде белгілі исламтанушы, имам Қабылбек Әліпбайұлының осы ишан туралы айтқан бейнежазбасы жарияланды. Сонда ол ишан дегеннің кім екеніне көзі жеткенін айтады.

«Ишан деген кімдер деген сұрақ мені де ойландыратын. Олардың кім болғанына жақында Қызылорда облысына барған бір сапарымда көзім жетті. Ауылдық жерде бір кісінің шаңырағында қонақта болдық. Бесін намазын оқуға келесі бөлмеге жайнамаздарды төсеп дайындап қойыпты. Байқағаным, бұл кісілер ишанның ұрпақтары екен.  Намаз оқып болғаннан кейін «мынау сол бабамыздан қалған мұралар деп біраз дүниесін таныстырды. Сондай-ақ, бұрышта тұрған үлкен сандықты көрсетіп: «мынау да ишан атамыздан қалған кітаптар» деді. Сосын мен кітаптарды көруге рұқсат сұрадым. Сандықты ашып қарасам, қалыңдығы қарысқа жуықтайтын, көлемі де үлкен небір көне кітаптар бар екен. Мен оның ішінен грамматикалық, фиқх, ақида  кітаптарын көрдім. Ал қазір сол кітаптардан сабақ беруді айтпағанның өзінде, ол кітаптарды ежіктеп болса да оқи алатын бізде санаулы ғана жігіттер бар. Себебі, бұл кітаптар араб тіліндегі өте қиын жазулармен жазылған. Сыртындағы түсініктемесін ғана оқу үшін кітапты айналдырып отырып оқисыз. Оның жазылуы сондай.

Үй иесінің айтуы бойынша аталары Бұхараға 8 жасында кетіп, 20 жасында  ишан атанып келген екен. Білесіздер, Бұхара медресесі 12 жыл білім береді. Мектеп оқушыларының бәріне алтын белгі берілмейтіні секілді, Бұхараны бітіргеннің бәрі ишан болмайды. Демек, ишан болу жай ғалым немесе жай ғана ұстаз емес екен. Олар үлкен тұлға болған кісілер. Міне, біздің бабаларымыз қандай болған. «Анау харам», «мынау кәпір» демей білім алған. Ал, біз солар оқыған кітаптарды оқи алмаймыз, сөйте тұрып «ірі» сөйлейміз. Біз алдымен сондай білімге қол жеткізуіміз керек».

Рас, қазақ даласы әулие мен ишанға кенде емес еді. Сол тұлғалардың арқасында қазақ қандай заман болғанда да Құдайын ұмытқан жоқ. Тіршілігі мен құлшылығын қатар жасады. Өкінішке қарай, қазір білімсіздер өздерін әулие санайтын заман болып тұр. Өзімбілемдік пен өркөкіректікке бой алдырғандар «ата-бабаң адасқан», «қазақ түк білмеген» деп, өздерінің түк білмейтіндіктерін, білімсіздіктерін танытады. «Қазақ хат танығанның бәрін ахун, ишан дей берген ғой» деп те пікір айтатындар бар. Бірақ, дінге шын жаны ашитын, дін жолында жүрмін дейтін жандар талас-тартыс тудыруды емес, білім алуды көбірек ойласа бәрі де басқаша болар еді.

Олжас СӘНДІБЕК

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жұма намазы кейде әдеттегіден тыс созылып кетіп, жұмысқа кешігіп қалып жатамыз. Соны белгілі бір тәртіпке келтіру кімнің құзыретінде?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00