Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей»

24.01.2017
- Қоғам
0
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сол сияқты «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде», – деген ата сөзін алсақ та, адам өміріндегі ағайын туыстың, жора-жолдастың маңызын білдіреді. Ағайын деген адамның жоғын жасырып, барын асырып отырады.

Әбу Һурайра (р.а.) пайғамбардың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын риуаят еткен:

«Біріңді бірің күндемеңдер, бағаны көтермеңдер, өшпенділікте болмаңдар, біріңе-бірің теріс қарамаңдар, бір-біріңнің саудаларыңды бұзбаңдар.

О, Алланың құлдары! Біріңе-бірің туысқан болыңдар, себебі, мұсылман мұсылманға бауыр. Ол мұсылман бауырына зұлымдық жасамайды, алдамайды, қорламайды. Ал тақуалық осында – деп (пайғамбар (с.ғ.с.) өз көкірегін үш рет көрсетті). Мұсылман өз мұсылман бауырын қорлауы үшін жеткілікті саналатын – мұсылманның қаны, дүние мүлкі және ар-намысы басқа мұсылман үшін харам» (Мүслим).

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Алланың елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандар үшін тек аналық құрсақпен байланысты ағайындықты ғана емес, жалпы туыстық қатынасты кеңінен насихаттады. Хадисте айтылғандай туыстық қатынас жай сөз емес, керісінше адамдар арасындағы қоғамды біріктіруші күш. Бұл хадистің мағынасы мен мазмұнына тамсанғанын жасыра аламған имам Науауи: «Бұл хадистің пайдасы мол, мазмұны терең», – деп айтқан.

Хадис мұсылмандардың бірін-бірі жек көруіне тиым салады. Себебі, олар бір-бірін жанындай жақсы көретін бауырлар. Алла тағала мұсылмандарды осылай деп атаған:

«Шын мәнінде мүминдер туыс» (Хужурат: 10). Бұған қоса пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Жаным қолында болған Затпен ант етемін! Сендер иманға келмейінше жәннатқа кірмейсіңдер. Ал біріңді-бірің жақсы көрмейінше иманға келмейсіңдер», – деп айтқан (Термези).

Адам ашу-ыза, қызғаныш, көре алмаушылық сияқты жаман қасиеттердің салдарынан пайда болатын өшпенділік, жек көрушілік, ағайын-туыспен араздасушылықтан сақтануы тиіс. Мұның орнына Алла тағала пенделерін сүйіспеншілік пен жақсы көруге шақырады:

«Алланың өздеріңе жасаған рақымын еске алыңдар. Сендер өзара жау едіңдер, Ол сендердің жүректеріңді жақындатты. Сөйтіп, Оның рақымымен туысқа айналдыңдар» (Ғимран: 103).

Алла тағаланың келесі аятында да Исламдағы сүйіспеншілік пен туыстық қатынастың маңызы ерекше айтылған:

«Ол сондай (Алла) сені өз жәрдемімен және мүминдер арқылы қолдады. Ол (мүминдердің) жүректерін жарастырды. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді бүтіндей жұмсасаң да олардың жүректерін жарастыра алмас едің. Бірақ Алла олардың араларын жарастырды. Расында, Ол өте үстем, аса дана» (Әнфәл: 62-63).

Жүректерімен жарасқан адамдар пайғамбар (с.ғ.с.) айтқандай бүтін дене тәріздес. Егер адамның бір мүшесі ауырса, оны барлық мүше сезеді. Егер бір мүшесіне зиян келсе, қалған мүшелері оған көмекке келеді. Сондықтан шариғат тек туған бауырлар мен жақын туыстарға көңіл бөледі, ал қалған адамдармен қарым-қатынасты үздіксіз жалғастыру маңызды емес деп түсіну қате. Қарым-қатынас ең жақын адамдардан, яғни бауырлардан басталып, әрі қарай жалғасып кете береді. Бұдан қалса Құранда айтылғандай адамдар бір-бірімен жүректері арқылы жарасып, қарым-қатынас орнатып, оның үздіксіз жалғасқанын қалап қана қоймай соған өздері ат салысады. Алла тағала біздің жүректерімізді бір-бірімен жарастырып, айырмасын.  

Жалғас Садуахасұлы, дінтанушы

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Төлеби ОСПАН: Олар – ақиқаттан да, ақидадан да адасқандар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00