Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ұшықтау» шариғатқа қайшы ма?

22.12.2015
- Сұрақ-жауап
0
9.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр елдің, әр халықтың науқасты өздеріне тән емдеу тәсілдері бар. Бұл олардың өмір сүрген жеріне, мәдениетіне, наным-сеніміне байланысты болып келеді. Табиғатпен етене өмір сүрген халық өмірлік тәжірибелерімен табиғаттың ішінен ем тәсілдерін тауып, науқастарын сонымен емдеу бұрыннан келе жатқан үрдіс. Сол секілді пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде де арабтарда науқастарды емдеу әртүрлі емдік шөптер, майлар, ас түрлері арқылы жүзеге асатын. Тіпті тамақ ауырғанда тамақты басу әдісі де болған. Бухаридің хадис жинағында айтылған мәліметтерде Пайғамбарымыздың:  «Балаларыңды (тамақ бездерінің қабынуынан құтқару үшін) бездерін сығып, оларды қинамаңдар. Уд бахримен (шөптің аты) емдеңдер», – дегені баяндалады. Демек сол кездерде тамақ басу әдісі арабтарда да болған. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан гөрі шөппен емдеуді дұрыс көрген.

Сол секілді, қазақ халқында да бұрыннан келе жатқан емдеу түрі – ұшықтау. Бұл емді халқымыз біреу ұшынып қалғанда, асқазаны тамақты дұрыс қорытпай қалғанда, тіпті қорқып қалғанда да қолданған. Салқын суды науқастың денесіне немесе бетіне бүрку, шашу арқылы жасайды. Сонда дене тітіркеніп, науқастың беті бері қарай бастайды. Демек, салқын су арқылы дене тітіркенгенде қан айналымының қайтадан жақсара бастауы немесе жүйке жүйесінің жұмысы қайта қалпына келе бастауы мүмкін. Салқын судың денеге әсерін түсіндіру  медицинаның еншісіндегі іс.

Ал енді осы ұшықтаудың дін бойынша дұрыс немесе бұрыстығына келетін болсақ, халқымыз бұл емдеу тәсілін қолданғанда да, Алладан шипа сұраған. Науқасты ұшықтап болған соң үнемі әжелеріміздің «Е, Құдай тағала, шипаңды өзің бере гөр», деп күбірлегендерін құлағымызбен естіп өстік. Егер ұшықтауды қолданғанда шипа судан болады деп сенсе, онда бұндай ой дінге қайшы екені рас. Тек қана ұшықтау емес, кез келген дәріні қолданғанда да ой дұрыс болуы қажет. Мысалы, науқастанғанда көбінесе дәріге жүгінетіміз белгілі. Сол дәріні қабылдайтын кезде, емім осы дәріден болады деп ойласаңыз, бұл дінге теріс пікір. Күпірлік болып табылады. Ал, дәріні қабылдарда еміме септігін тигізе гөр, еміңді өзің бере гөр деп Алла тағаладан сұрасаңыз, бұл ойыңыз дұрыс болмақ. Ұшықтауда да ой мен ниет түзу болуы керек. Ұшықтауды емдеу тәсілі ретінде қолданып, шипаның Алла тағаладан болатынына сенсеңіз, онда бұндай емдеу тәсілінің дінге ешқандай терістігі болмайды.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу225Твитерге141Бөлісу28Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Үтір намазын бір рәкағат етіп оқуға болады деп естідім. Сол дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00