Жұма, 27 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медреселердегі білім реформасы – баянды бірлігіміздің бастамасы

03.12.2015
- Қоғам
0
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Әсіресе, бейбітшілік пен татулық патшалық құратын қоғамды көксейтін мемлекет үшін ілімнің орны өте зор. Елбасы «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деп дөп басып айтты.

Себебі, дүниедегі игіліктің барлығы дерлік біліммен, сауаттылықпен келеді. Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғаш түсірілген аяттың «Оқы!» деген бұйрықпен басталуы білімнің дәрежесін түсіндіру үшін әбден жеткілікті.

Ал енді, шариғи ілімнің ел өркендеуі жолындағы маңызын түсіндіру үшін «дін бүтіндігі» деген ұғымға жүгінеміз. Өйткені, мемлекеттің рухани құндылықтарын сақтап қалатын ең үлкен тұғыр – дін бүтіндігі. Рухани құндылықтары ақсақ қоғамның асар асуы, бағындырар белесі қандай болатыны айдан анық.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Қазақжеріндегіисламибілім беру жүйесініңмыңжылданастамтарихыбар екендігімәлім. Осы беттерді парақтасыңыз, діни білімнің шамы жарық болып тұрған дәуірлерде халықтың рухани бай, тоқ болғандығын аңғарасыз.

Сонау, Қарахан хандығында хақ ислам мемлекеттік дін болып қабылданғаниманды кезеңде кең даламыз дарындардан күркіреп тұрды емес пе? Құраннан қуат алып, тамырланған Фараби, Баласағұн, Игінүки, Ибн – Сина, Хорезми, Бұхари бабаларымызғылымының негізін діннен тауып, жұртқа сәуле шашып, сан түрлі ағымдардан сақтанған екен.

Бұл ретте еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайта отырып, халқымызды  ортақ рухани құндылықтар мен мақсаттарға қол жеткізуде топтастырып, әлеуметтік-рухани ритмиканы тұрақтандырып отыр. Күні кеше ғана «Нұр» университетінде өткен «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференцияда қабылданған игі шешімдер осы бағыттың көркем жалғасы болатындығына бек сенемін.

Медреселеріміздің колледж деңгейіне көтерілуі, оқу бағдарламасына діни пәндерден бөлек қазіргі заман талабына сай қоғамдық мамандықтардың енгізілуі – елдегі шариғи білім беру жүйесіне үлкен серпіліс әкелмек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы медресе-колледжімізді бітірген шәкірт кез келген мемлекеттік мекемелерде діни және зайырлы мамандықтар бойынша қызмет ете алатындығын, бұл болашақ дін қызметкерлері үшін үлкен мүмкіндік, зор жетістік екендігін айтып отыр.

Несін жасырамыз, бұрындары біз төмен бал жинап, жоғары оқу орнына түсе алмаған баламызды «әйтеуір, молда болсаң, өлмессің» деп медресе есігінен кіргізіп жіберетін едік. Енді, бұқараның шариғи ілімге деген көзқарасы, құрметі өзгереді деп ойлаймын.

Екінші жағынан, кез келген пәтуа сол аймақтың жағдайына қарап берілетіндіктен, өз туған жерінде білім алып, өз жұртының хал-ахуалына қанық болып шыңдалған маманның дін бүтіндігін сақтауға қосатын үлесі зор.

Қайнарлы дәстүрімізден қуат алып, сүннетпен сусындап өскен парасатты тұлғаларымыз бүгінгі лаңкестік пен экстремизм өрті өршіп тұрған рухани дағдарыс кезінде халыққа жол көрсететін бағдаршам болмақ.

Қазіргі таңда елімізде 9 шақты медресе, бірнеше қарилар дайындау орталықтары, түрлі сауат ашу курстары мен қайырымдылық мекемелері жұмыс істейтіндігі мәлім. Кешегі конференцияда қабылданған тұжырымдама осындай мүдделес ұйымдардың тілегі мен мақсатын, жоспарын бір арнаға тоғыстырып, адамдар арасында бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен терең сенімнің  берік тұтқасы ретінде мойындалған  дәстүрлі  ата-дініміздің одан әрмен қанат жаюына жол ашады. Мүфтиятымыздың білім саласында жасаған жаңа реформасы – келешекке бағытталған үлкен стратегиялық қадам әрі баянды бірлігіміздің бастамасы.

Зайырлы қоғамда мұндай реформаның жүзеге асуы – дін мен мемлекеттің арасында рухани тұғыр болып тұрған Дін істері комитетінің басты жемісі екендігінде айта кету керек.

Жоғарыда аталған қадамдар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «адамды руханияттан айырып тастау ақылға сыйымсыз болғаны сияқты, дін мен мемлекетті бөлек қарастыру мүмкін емес» деген салихалы сөзінің айғағы.

Дініміздің қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сан құндылықтар сапырылысқан мына заманда, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін, ұлт иммунитетіне айналған ұлы қасиеттерімізді ұрпақ санасында жаңғырту үшін жасап жатқан игі істері жемісті болсын!

Мұхамеджан ТАЗАБЕК, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кешiрiлмейтiн күнә

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121666 бөлісті
    Бөлісу 48666 Твитерге 30417
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    523 бөлісті
    Бөлісу 209 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    427 бөлісті
    Бөлісу 171 Твитерге 107

Соңғы жарияланымдар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды
Жаңалықтар

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00